Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Музыкалық аспап-домбыра"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл музыка мектебінің домбыра пәніннен беретін мұғалімдер үшін көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспап – домбыра.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақтың ұлттық музыкалық аспабымен таныстыру

Дамытушылық: сөздік қорын байыту. Меңгерген сөздерді ауызекі сөйлесуде қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың барысы:


I.                  Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.

А) сәлемдесу «Сәлем – сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы», демекші бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Ә) оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Б) үй жұмысын тексеру

 

II.               Кіріспе. Музыка тыңдау. Тыңдалым. Сөйлесім. (үнтаспадан Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйі тыңдатылады)

-         Үнтаспадан тыңдаған музыка қалай аталады?

-         Күй.

-         Күй қандай аспапта орындалады?

-         Домбырада.

-         Домбыра қай халықтың аспабы?

-         Домбыра қазақ халқының аспабы.

-         Балалар, бұл күйдің авторы -  Қ.Сағырбайұлы. Құрманғазы атамыз – қазақтың атақты күйші, композиторы. (Қ.С. және қазақтың ұлттық аспабы домбыраның суреті көрсетіледі)


III.           Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс. Тыңдалым. Айтылым.

а) қазақ халқының ұлттық аспаптарының бірі- домбыра. Ол-қос ішекті. Домбыра ағаштан жасалады. Домбыраның дауысы майда қоңыр құлаққа жағымды. Қазақ халқының ақындары әншілері, күйшілері домбырамен ән салып, күй тартқан. Күй-домбырада тартылатын музыкалық туынды.

Ә) Бүгінгі сабақтың сөздігі. Айтылым. Тыңдалым. Сөйлесім. Жазылым.

Аспап.Қос ішекті.Ағаштан жасалады .

Үні майда қоңыр, құлаққа жағымды. Күйші – күйді орындаушы.


Б) Сергіту сәті

Домбыра, қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сенсіз өмір бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен

Сайрасам қызыл тілмен асқақтаймын. (Қ.Әзірбаев)


В) Кітаппен жұмыс.

Сұрақтарға жауап бер.


Жұмбақты шеш.

Тиіп кетсе жырлаған,

Дауысы көпке ұнаған. (Домбыра)


Домбыра қай халықтың музыкалық аспабы?

Ол қандай?

Домбыра неден жасалады?

Домбыраның дауысы қандай?

Күй деген не?


Г) Дәптермен жұмыс.

Нотаны дәптерге түсіруді үйрену: бүтін нота, жарты нота, төрттік нота, сегіздік нота, он алтылық нота.


IV.            Сабақты қорыту.

Күй қандай аспапта орындалады?

Домбыра қай халықтың аспабы?


 V.               Бағалау.

VI.            Үйге тапсырма беру: - домбыра құрылысын жаттау,

-ноталарды ажыратып үйрену.





Құрастырған Опабекова Ж.Н.- Теміртау қалалық

2 балалар музыка мектебі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2018
2719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі