Ашық сабақ: Музыкалық аспапты құрастыру. 5 - сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Музыкалық аспапты құрастыру. 5 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Көркем еңбек

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Музыкалық аспапты құрастыру.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.2.3.1-Өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу

5.2.3.2-Түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау

5.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

5.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

















Сыныппен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды аспаптардың түрлері арқылы топқа бөлу.

1 топ Ішекті аспаптар

2 топ Үрлемелі аспаптар

3 топ Дыбылды шулы аспаптар

Үй тапсырмасын сұрау.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.


1 қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.

2 Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар?

Аспаптар неше топқа бөлінеді?

3 Қандай ұрмалы аспаптарды білесіңдер?

4 таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап

5 Ежелгі халықтардың аспаптық музыкасын жасауға не негіз болды?


Оқушылар амандасып , топтарға бөлініп, бір-біріне сәттілік тілейді.














«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

арқылы оқушылар үй тапсырмасы сұрақтарына жауап береді















Жауап берген оқушының қолына жапыстырма смайлик беремін.

Презинтация












Ортасы



















Сабақты бастамас бұрын оқушыларға, музыкалық аспапты құрастыру тақырыбы бойынша видео көрсетемін. Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?Олардың көпшілігі неден жасалады? Өздерің қандай аспаптарда ойнайсыңдар? сұрақ қоя отырып сабақтың тақырыбын ашамын.

Күй тыңдау


Тапсырма

Қолдану Музыкалық аспап жасау. І топ даңғыраның 1-түрін жасайды. Қажетті материалдар: 1. Іші қуыс цилиндр, жасанды былғары қиындысы, жіп, өлшеуіш таспа, қайшы, қарындаш, ыстық желім. Іші қуыс цилиндр ретінде консерві құтысын алуға болады. 2.Құтыны былғарының теріс бетіне қойып, қарындашпен құтыны айналдыра былғарының бетін сызамыз.Дәл осындай жолмен даңғыраның екінші жағында солай өңдейді. 3. Дөңгелек дайындаманы былғарыдағы сызылған шеңберден 5 см. үлкен етіп қиып аламыз.Былғарыдан осындай екі дайындама қиып алу қажет. 4. Қайшымен екі дөңгелектің де жиегін бойлап кішкене тесіктер ойып шығады. 5. Құтының екі жағын бірдей етіп жабамыз. 6. Жіпті жоғарғы және төменгі дайындаманың тесіктерінен кезекпен өткізіп, екі мембрана да құтының бетіне толық жазылатындай етіп тартамыз.

7. Даңғыраны фомиран материалдарымен желімдеп сәндеу. 8.Дайын даңғыраны соғып, әуенмен тексеру қажет.

Оқушылар видеоны көре отырып, сұрақтарға жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын және олардың көпшілігі неден жасалатын музыка аспаптары жөнінде білімдерін толықтырады.
























Топ пен бірге ұжымдаса отырып Музыкалық аспап жасау. Дайын даңғыраны соғып, әуенмен тексереді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.




видео








Аяқталуы






























Кері байланыс

«Тазалық» әдісі

Shape2 Shape3


Оқушылар сабақтағы маңызды дегендерін еттартқышқа, әлі де іздену керек деген мәліметтерді қоржынға, қажет емес деген ақпаратты қоқыс жәшігіне салады.



Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру



Қоржын, еттартқыш, қоқыс жәшігінің суреті.

Үй тапсырмасы

Қазақтың ұлттық аспаптары туралы қосымша мәліметтер қарастыру.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2022
754
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі