Ашық сабақ Н.Айтов "Қазан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Н.Айтов "Қазан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 18.10.2017

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 3 Ж

Сабақтың тақырыбы: Н.Айтов «Қазан»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәнерлеп және шапшаң оқуға меңгерту, қазан айындағы күздің кереметі туралы   түсініктерін   кеңейту .  

Дамытушылық: сөздік қорын дамыту ойларын толық  жеткізуге баулу.

Тәрбиелік: топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құралдар: қарындаш, стикер, А – 3 , тақта , маркер , белсенді тақта

Әдіс-тәсілдер:  түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу (2 мин)

2. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау. (8 мин)

3. Қызығушылықты ояту (5 мин)

Балалар, сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ
1.Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Қыс мезгілі (жауабын тапқан топ «Қыс» тобы болады. Үш тілде айтады.)

2. Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Көктем мезгілінде. (жауабын тапқан топ «Көктем» тобы болады. Үш тілде айтады.)

3. Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

(жауабын тапқан топ «Жаз» тобы болады. Үш тілде айтады.)

4. Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: «Күз» мезгілінде. (жауабын тапқан топ «Күз» тобы болады. Үш тілде айтады.)


  • Дұрыс балалар! Сонымен қанша жыл мезгілі бар екен?

  • 4 жыл мезгілі

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз

  • Дұрыс, күз мезгілінің айларын атайықшы.

  • Қыркүйек, қазан, қараша

  • Қазір қай ай, балалар.

  • Қазан.

Сөзжұмбақты интербелсенді тақтаға шығарып қою. Оқушылар орындарында отырып жауаптарын шешеді.

Шыққан сөз арқылы  жаңа тақырыпты   ашу.



 қ

 о

 я

 н



 а

 р

 а


 қ

 а

 з






а

 т

 а




 н

 а

 н


1.Жүйрік аң.

2.Шаруашылықта қолданатын зат.

3.Қандай үй құсын   білесің

4.Әкеңнің әкесі саған кім болады ?

5. Ас   атасы   не?

Осылай жаңа тақырыппен таныстыру.

«Ой шақыру» әдісі 2 мин

Әр топ ақ қағазға қазан айы туралы өз білетіндерін жазып шығады.

Мағынаны тану. (5 минут)

1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. 

«Көз жасым» (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Құланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қараөткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.
Бүгін Н.Айтовтың «Қазан » өлеңін оқимыз.

Оқулық бойынша жұмыс 47-48 бет

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

«Поэзия минуты» (10мин)әр топтан мәнерлеп оқиды. Өлеңде не туралы айтылғанын талдау.

Оқушылар жеке-дара, жұпта бір-бірімен ақылдасып, бүгінгі күннің тақырыбына байланысты суреттерді сөйлем құрастыра отырып, өз ойларын айтады. Берілген жыл құстары, жемістер, жануарлар, дақыл дар,күзгі еңбек, сары жапырақ, ауа-райы-тақырыбындағы суретті жанындағы жұптасымен ақылдасып, өз ойын жеткізеді.

«Сергіту». Интербелсенді тақтадан бейнеролик көру.(2 мин)

  Дәптермен жұмыс (5 мин)

«Бұлт жөңкілді», «қақтығыс», «қабақ шытып» , «шық» деген қиын сөздердің мағынасын ашып жазу.

«Күз» тақырыбына «Бес жолды өлең» (синквейн) стратегиясын пайдалану .

1.Зат есім. Күз.

2.Сын есім. Сап-сары, әдемі.

3.Етістік. Сарғаяды, суытады, нөсерлетеді.

4Сөйлем: Көз тоймайтын әдемі дала.

5. Синоним. Табиғат

Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

1.Өлеңде айтылған адам тұрмысындағы күзгі әрекетті суреттейік.

2.Құстар қандай хабар алып келді?

3. Қазан баланың «інісі» кім? «Ағасы» ше?

4. Өлеңде табиғаттың өзгеру заңдылығы қалай байқалады?

Балаларға стикер беріледі.

Бағалау.

Үйге тапсырма.



























Сабаққа өзіндік талдау

51 мектеп-гимназия

Пәні:Әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Жылқайдарова Фариза Махмутқызы

Сабақтың тақырыбы: Н.Айтов «Қазан»

Сабақтың мақсаты: Мәнерлеп және шапшаң оқуға меңгерту, қазан айындағы күздің кереметі туралы   түсініктерін   кеңейту .  

Сөздік қорын дамыту ойларын толық  жеткізуге баулу, топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.

Осы сабақта топпен жұмыс,рефлексия,
пайдаландым. Оқушылардың өздігінен білімін толықтыруға, бір-бірінен білім алмасуларына,алған білімдерін пысықтай білуге, бір –біріне сұрақтар қоя білуге, шығармашылық қабілетін арттыруға қол жеткіздім.

Жаңа тақырып ашылды. Күз айының кереметтерін, адам болмысындағы, жан-жануарлардың, табиғаттың күзгі әрекеттерін толық талданды.

Оқушылар өз ойларын толық жеткізуге тырысты.Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап,бағаладым.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі