Материалдар / Ашық сабақ Нан қайдан келеді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Нан қайдан келеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Нан тақырыбы бойынша, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін және диалогты сөйлеуге және өз ойын айта білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2022
712
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Нан қайдан келеді?»

Сарманбетова Алмагуль Қазбековна, логопед.

Алматы облысы,

Қаратал ауданының

«№3 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ.

Баланың жасы: 8 жас.

Диагнозы: Выраженная ЗПР ЦОГ. Нарушения учебной деятельности, обусловленное интеллектуальной недостаточностью. РОП ЦНС ОНР 3 ур.обусловленное нарушением познавательной деятельности.

Мақсаты: Нан тақырыбы бойынша, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін және диалогты сөйлеуге және өз ойын айта білуге үйрету.

Оқуы мен жазу дағдысын қалыптастыру. Мақал-мәтел мен төрт жол тақпақ айту арқылы, есте сақтауын дамыту.

Берілген тапсырманы орындауға, үлкендердің еңбегін бағалауға, ұқыптылық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. жеке сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: сюжеттік суреттер, слайд, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Баланы сабаққа дайындау. Баланың көңіл-күйін аулау.

Бүгінгі сабағымыз ерекше себебі, бізге бүгін «Нан» туралы айтамыз. Ал, нан біздің дастарханымыздың атасы.

ІІ. Негізгі бөлім:

  • Сабағымызды бастамас бұрын екеуміз жыл мезгілдері туралы қайталап алайық. Бір жылда қанша жыл мезгілі бар

  • Төрт.

  • Қазір қандай жыл мезгілі. Сипаттап берші.

  • Жарайсың сен жыл мезгідерін білесің.

Ал, ондай болса біз екуміз бүгінгі сабағымызды бастайық, ондай болса мында саған тапсырмалар берілген парта үстіне назар аударайық.

(Парта үстіне тапсырмалар салынған қалташалар жатады, сандармен белгіленген.)

1. тапсырма: «Нан қайдан келеді?» суретпен және слайдпен жұмыс.

Тапсырманың шарты: балаға үстел үстінде шашылып жатқан суреттер, осы сурет бойынша сен наның келу жолын әңгімелеп шығуың керек.

Рисунок 1 Picture 2 Picture 6 Picture 2 Picture 4 Picture 2 Picture 2


- Жарайсың сен нанның дастарханға келу жолын жақсы әңгімелеп бердің. Ал, енді біз екеуміз осы нанның келу жолын, «Бауырсақ пен қуыршақ» өлеңін кезекпен яғни рөлге бөліп оқып шығайық.

Дастарханға шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап көзін сап

  • Қайдан келдің бауырсақ?

  • Деп сұрады қуыршақ?

  • Дүкеннен келдім нан сатқан.

  • Дүкенге келдің қай жақтан?

  • Наубайдан келдім нан жапқан.

  • Наубайға келдің қай жақтан?

  • Диірменнен келдім ұн тартқан

  • Диірменге келдің қай жақтан?

  • Даладан келдім жан-жақтан

  • Жер анам менің, көсілген

  • Дихандар мені өсірген.

  • Тәттімін жеп көр, жесең өзің байқарсың рахметіңді айтарсың!

- Жарайсың міне керемет өлең жолдарын кеуміз оқып шықтық. Ондай болса біз келесі тапсырмамызға көшейік

2. тапсырма «Тыңдаймын, жазамын» тақтамен жұмыс. Балаға (дүкен (кендү), диірмен (менірди), трактор (актртор) табличка ретінде буындар ауыстырылған сөздер беріледі, бала осы берілген сөздерді дұрыс құрастырып жазуы тиіс. Содан кейін осы жазылған сөздерге қосымша жалғау арқылы маман иесін атауы керек. (дүкенші, диірменші, тракторшы,)

3. тапсырма «Мен бастаймын, сен аяқта» тапсырманың шарты балаға мақал- мәтелдің басы айтылады, бала жалғасын тауып айтады.

1. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті.)

2. Ас атасы-(нан)

3. Еңбек етсең ерінбей- (тояды қарның тіленбей.)

4. Арпа, бидай ас екен.

(Алтын, күміс ас екен.)

5. Дастарханда наны жоқтың.

(Тамағының дәмі жоқ.)

- Жарайсың сен сақал мәтелді жақсы біледі кенсің. Ал енді сен шаршаған шығарсың біраз серігіп алайық.

Сергіту сәті.

Көктемде жер жыртамыз

Тегістейміз тырмалап

Дәнді оған егеміз

Жайқалып егін шықсын деп

Күз болғанда орамыз

Нанға біз тоямыз (қимылмен көрсетеміз)




4. тапсырма: «Тез ойлан»

Ойынның шарты: мамандық түрлері аталады. Солардың ішінен тақырыпқа сай манан иесін естігенде бала шапалақ ұрады.

Дәрігер, наубайшы, тігінші, мұғалім, тракторшы, құрылысшы, шаштараз, диханшы, етікші, суретші, комбайыншы, өртсөндіруші, диірменші.

Керемет сен бұл тапсырманы өте мұқият орындап шықтың, жарайсың! Ал енді келесі тапсырма мынандай болады.


5. тапсырма «Сөзжұмбақ» балаға алдына ала құрастырылған сөз жұмбақ ұсынылады. Бала сөзжұмбақ сұрақтарын оқып, дұрыс жауабын өзбетінше жазып шығуы қажет.

1. Наубайханада нан пісіретін адам? (наубайшы)

2. Ұзын мұртты сарылар.

Қойнында дәні бар. (бидай)

3. Егін егетін адам (дихан)








н

а

у

б

а

й

ш

ы



б

и

д

а

й








д

и

х

а

н









Жарайсың ал, енді осы тапқан жауаптарды қандай бір ортақ сөз байланыстырып тұр екен?. Бәрекелді, ондай болса сен нан туралы қандай тыйым сөздер білесің?

1.Нанды бір қолмен үзбе.

2.Нанды төңкеріп тастама.

3. Нанды аяқпен баспа.


6. тапсырма: төрт жол өлең айту «Нан қиқымын шашпаңдар»

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

ІІІ. Қорытындылау.

-Бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады?

- Біз не туралы айттық?

- Нан бізге оңай жолмен келеді ма?

-Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Жақсы балақай осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сау бол.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!