Сабақтың
тақырыбы: Нәруыз биосинтезі. Генетикалық
код. Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:нәруыз биосинтезінің транскрипция және
трансляция кезеңдерін талдау; метаболизм туралы білімді
қалыптастыру; генетикалық код туралы толық теориялық түсінік
беру. Дамытушылық:
оқушылардың жеке тұлғасын
жан-жақты дамыту,өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра
отырып, ойлау қабілеттеріін арттыру.
Тәрбиелік: табиғатты
аялауға,ізденімпаздылыққа баулып,тірі табиғатпен ізгілікті қарым –
қатынаста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, плакаттар, оқулық, видео
көрініс.
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «ой қозғау», таным, білім
дамыту, тапсырмалар, сұрақ-жауап, карточкамен жұмыс, сұрақтар мен
тапсырмалар. Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой
қозғау».
Карточкамен
жұмыс
1.
Хемосинтез-
2.
Фотосинтез-
3. Фотосинтез өсімдіктің қай жасушасында
жүреді?
4. С.Н. Виноградский қандай процессті
ашты?
Карточкамен
жұмыс
1. Фотосинтез бен хемосинтездің айырмашылығы
қандай?
2. Фотосинтез процессін
түсіндір.
3. Фотосинтез жасушаның қандай органоидында
жүреді?
III. Жаңа сабақты түсіндіру. «Миға
шабуыл»
Мұғалім: Балалар суретте не көріп тұрсыңдар
және оның қызметі
қандай?
1-слайд. Төменде берілген құрылымдарды атап
шығыңдар да, олардың қандай ортақ белгілері бар екенін анықтаңдар.
(ДНҚ, а-РНҚ, т-РНҚ, рибосома суреті
беріледі)
Видео көрініс.
«Талқылау»
Пластикалық алмасу - биосинтез реакцияларының
жиынтығы; жаңа жасушалар, олардың органоидтері мен жасушааралық
заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай
заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен
жасуша бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге
асады.
Генетикалық код дегеніміз — бұл ДНҚ
нуклеотидтерінің көмегімен нәруыздар туралы тұқымқуалау
ақпараттарын жазу амалы. «Тұқымқуалау ақпараты» дегеніміз — бұл
мәлім ағзаның барлық нәруыздарындағы аминқышқылдардың ретін
көрсету. Құрамында жүздеген аминқышқылдары бар нәруыздағы бір ғана
аминқышқылдың өзгеруінен нәруыз қалыпты қызмет істей алмай қалады.
Ем қонбайтын, тұқымқуалайтын «орақ тәрізді жасушалы анемия» ауруы
бар.

Науқас адамдардың
эритроциттері дөңгелек болмай, орақ тәрізді, жіңішке ай түрінде
болып келеді. Бұл кезде ағза со-зылмалы оттектік тапшылыққа душар
болады да өледі, өйткені орақ тәрізді эритроциттер гемоглобині
оттегін жеткілікті мөлшерде қосып ала алмайды. Бұл ауру
гемоглобиндегі бір ғана аминқышқылдың алмасуынан туындайды. Яғни
орақ тәрізді жасушалы анемиядан азап шекпеген барлық қалыпты
адамдардың гемоглобиніндегі аминқышқылдар қалыпты ретпен
орналасады. Тек қана науқас адамдарда бар болғаны бір аминқышқылы
басқа аминқышқылымен орын ауыстырады. Бұл тек қана бір нәруыздың —
гемоглобиннің қызметін өзгертіп қоймайды, сонымен бірге
жасушалардың — эритроциттердің құрылысын және мөлшерін
өзгертеді.
Әмбебаптық.
Генетикалық кодтың шифры 1965 жылы толық ашылып оқылды. Біздің
ғаламшардың барлық ағзаларында дәл сол бір үшнуклеотид сол бір
аминқышқылдарды кодпен жазады. Егер ААА үшнуклеотид кездессе, ол
кактустың да, бактериялардың да, пілдердің де жасушаларында тек
қана 1 аминқышқылды: фенилаланинді кодпен жазады. Генетикалық
кодтың мұндай қасиеті әмбебапты
деп аталады.
Генетикалық
кодтың негізгі қасиеттерін жаттап алуға жердемдесетін
мынандай
сөйлем бар: генетикалық код
үшнуклеотидті,
әмбебапты
және
көлегейленбейді.
Үшнуклеотид,
кодон, антикодон. Тұқымқуалау ақпаратын іске асыруда тек қана ДНҚ
емес, сондай-ақ РНҚ да рөл атқаратыны естеріңде болар. ДНҚ-дан
көшірмеленген тұқымқуалау ақпараты
дәл а-РНҚ
түрінде цитоплазмада рибосомаларға өтеді, ал ДНҚ ядрода қалады. Шын
мәнінде а-РНҚ синтезі репликацияға ұқсас, айырмашылығы: барлық
хромосома көшірмеленбейді, тек оның үлескісі көшірмеленеді және
еншілес ДНҚ-ның орнына а-РНҚ-ның синтезі жұреді. Егер ДНҚ-да ГГГ
үшнуклеотидтен тұрса, онда а-РНҚ-да үш нуклеотид ЦЦЦ
тұрады.
Кез келген РНҚ
құрамында тимин жоқ екенін, оның орнында урацил болатынын ескеру
қажет. Сондықтан, егер ДНҚ-да үшнуклеотид ААА болса, онда а-РНҚ-да
бірін-бірі толықтыратын үшнуклеотид УУУ болады. ДНҚ-дағы үш
нуклеотид триплет деп аталады; а-РНҚ-дағы солардың бірін-бірі
толықтыратын үш нуклеотидті кодон дейді. Нәруыз синтезі кезінде
аминқышқылдардың қажетті ретпен, тұқымқуалау ақпаратына сәйкес
тұруының маңызы зор. Аминқышқылдарды нәруыз синтезінің орнына т-РНҚ
молекулалары жеткізеді. Аминқышқылдарға қосылған т-РНҚ молекулалары
а-РНҚ-сы нуклеотидтерімен сутектік байланыстар пайда болатындай
ретпен жайғасады. а-РНҚ кодонын толықтыратын т-РНҚ-дағы үш
нуклеотид антикодон деп аталады. Яғни а-РНҚ-дағы кодон УУУ болса,
онда т-РНҚ-дағы антикодон ААА болады. Шынында т-РНҚ-ның
антикодондарының ДНҚ-дағы толықтыратын үшнуклеотидтегі сияқты
азотты негіздері
болады.
т-РНҚ-дағы жене
а-РНҚ-дағы бірін-бірі толықтыратын азотты негіздер арасында пайда
болған сутекті байланыстар аминқышқылдардың қажетті тәртіпте
жайғасуын қамтамасыз етеді. Сондықтан терминдер үйлесімдігін
сызбанұсқа түрінде беру ойға
қонымды:
ДНҚ — РНҚ —
РНҚ— нәруыз
триплет —»
кодон —» антикодон —»
аминқышқыл
Сызбанұсқаны
оңайлатып және аминқышқылды кодпен жазатын үш нуклеотидтің
атауларын алып тастасақ, бұл сызбанұсқа молекулалық биологияның
орталық догма сызбанұсқасы сияқты болып
көрінеді:
ДНҚ — > РНҚ
— > нәруыз.
V. Бекіту
тапсырмалары:
1
тапсырма. Нәруыз туралы білетін ақпараттарыңды еске
түсіріңдер.
Нәруыз – биологиялық полимер, оның мономері —
_________________
Нәруыз молекуласының қызметі: __________ ,
__________ ,
_________,
__________ , __________ , __________
.
2.Төмендегі терминдерге анықтама
беріңдер.
Транскрипция :
___________________________________
Трансляция :
_____________________________________
Ген__________________________________________________________________________
Генетикалық
код______________________________________________________________
Кодон________________________________________________________________________
Антикодон____________________________________________________________________
VII. Бағалау: оқушыларды бағалау.
Рефлексия.
VIII.Үйге
тапсырма: Тақырыпты оқу,тақырып соңындағы сұрақтарға
жауап беру.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің кешкі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы:

Пәні: биология
Мұғалім: Ордабаева Э. Қ.
Тараз 2017ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Нәруыз биосинтезі" 10 сынып

шағым қалдыра аласыз