Материалдар / Ашық сабақ "Негіздер,олардың құрылысы мен қасиеттері"Химия 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Негіздер,олардың құрылысы мен қасиеттері"Химия 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
3689
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Негіздердің құрамы және жіктелуі.

Негіздердің химиялық қасиеттері және қолданылуы

Мұғалімнің аты-жөні:Жаркинбаева Гульзира

Тынысбековна

Күні:25.04.2018 Пәні:химия

СЫНЫП: 8


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларға негіздердің  формуласын  құрастыру туралы  білімдерін  дамыту; негіздердің  құрамы мен олардың   жіктелуін  таныстыру  арқылы  реакция  теңдеуін  құруға, индикаторлардың  әсерін  бақылау білігі, түзілген  тұздардың  құрамын дұрыс анықтай білуге  үйрету.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамытады және білімге деген ынтасын арттырады

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Металл, негіз, сілті, гидроксид, индикатор

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, биология, математика, ағылшын тілі


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар индикатор көмегімен қышқыл, сілтілерді ажыратып бере алады

Лакмус, метилоранж, фенофталейн

Құндылықтарға баулу:

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Оқушыларға мемлекетіміздің және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты екендігін ұғындыру


Алдыңғы оқу

Қышқылдар.Индикаторлар


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

4 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Жүректен шыққан жылы сөз»

Бірде адам мүшелері жиналып отырып,қашан дем алатындары жайында әңгімелеседі. Барлығы адам ұйқыға кеткенде демалатындары жайында мақтанып отырады. Жүрек үнсіз отырып қалады.Себебі ол ешқашан демала алмайды.Сіз неге үнсіз отырсыз дегенде, ол: «Адамдар бір – біріне жылы сөз айтқанда мен демаламын деген екен»

Қайырлы таң, қайырлы күн.

 Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық

Тұрсақ егер шеңберге,

Жақсы, жақсы сөздерді

Қонақтарға сыйлайық.  

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Қонақтарға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Топтарға бірігу.



  1. Екі элементтен тұратын, соның бірі оттек болатын күрделі зат.

Оксид тобы

  1. Бір не бірнеше сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат.

Қышқыл тобы

  1. Металл атомынан және су қалдығынан құралған күрделі зат.

Негіз тобы




Оқушылар жұмбақ анықтамалар

ды шеше келе топтарға бөліне алады.




«Жүректен шыққан жылы сөз»

Тренинг.


















Топтарға бірігеді

Жаңа білім

8 минут










































Топтар рольдерге бөлініп, берілген тапсырманы орындайды.

1. Тапсырма Сұрақтар қобдишасы

Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады.

«Бумеранг» әдісін бойынша әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар қобдишасынан сұрақтар алып, келесі топқа береді Олар сол сұрақтарға жауап береді. Қалған жерін толықтыру мақсатында мұғалім өзі сұрақ қоюына болады.

1. Табиғи қышқылдарға мысалдар келтіріңіз.

2. Оттекті және оттексіз қышқылдарды ажырату және мысал кетіру

3. Тұз қышқылының формуласы.

4. Күкірт қышқылының формуласы.

5. Фосфор қышқылынын формуласы.

6. Кремний қышқылының формуласы.

7. Көмір қышқылының формуласы.

8. Бромсутек қышқылының формуласы.

9. Индикатор дегеніміз не?

10.Бірнегізді қышқылдарға мысал келтіру

11. Екінегізді қышқылдарға мысал келтіру

12.Үшнегізді қышқылдарға мысал келтіру

13.Бекетовтың белсенділік қатарына байланысты металдар неше топқа жіктеледі?

14.Тұз қышқылының тұздары қалай аталады?

15.Күкірт қышқылының тұздары қалай аталады?

16.Көмір қышқылының тұздары қалай аталады?

17.Индикатор түрлерін ата

18. Лакмус қағазын қышқылдар қандай түске бояйды.?

19. Лакмус қағазын сілтілер қандай түске бояйды.?

20..Оксидтер қанша топқа бөлінеді және ата


Дискриптор

1.Қышқылдарға мысал келтіре алады -1б

2.Оттекті және оттексіз қышқылдарды ажырата алады -1б

3.Тұз қышқылының формуласы -1б

4. Күкірт қышқылының формуласын -1б

5. Фосфор қышқылының формуласын -1б

6. Кремний қышқылының формуласы -1б

7. Көмір қышқылының формуласын жаза алады -1б

8. Бромсутек қышқылының формуласын жаза алады 1б

9. Индикатордың анықтамасын айта алады -1б

10 Бірнегізді қышқылдарға мысал келтіре алады. -1б

11.Екінегізді қышқылдарға мысал келтіре алады -1б

12. Үшнегізді қышқылдарға мысал келтіре алады – 1б

13. Бекетовтың белсенділік қатарына байланысты металдар неше топқа жіктелетінін біледі -1б

14.Тұз қышқылының тұздары қалай аталатынын айта алады -1б

15.Күкірт қышқылының қалай аталатынын айта алады -1б

16.Көмір қышқылының қалай аталатынын айта алады -1б

17.Индикатор түрлерін атайды -1б

18. Лакмус қағазын қышқылдар қандай түске боялатынын біледі- 1б

19. Лакмус қағазын сілтілер қандай түске боялатынын біледі- 1б

20.. Оксидтер қанша топқа бөлінеді және атайды -1б




Жазу үстеліне сұрақтар жазып қояды.



Оқулық,

мәтіндер.

«Бумеранг» әдісі


Ортасы








Мұғалім түсіндірмесі

2-3 минут











Жеке жұмыс









3 минут







Топпен жұмыс


10 минут


































































Қосымша жаттығулар














Логикалық тапсырма

2 минут

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады

Балаларға флипчарт беріліп тапсырмаға постер салуға уақыт беріледі. Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді ағылшын тілінде түсіндіріп, содан соң әр топқа сөздер бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.

Негіз дегеніміз – құрамында бір немесе бірнеше гидроксид (су қалдығы ) топтарымен байланысқан металл атомы кіретін күрделі заттар.

Негіздер - bases қышқылдар – acids strong – күшті, weak – әлсіз, water – су salt –тұз hydroxide - гидроксид oxide – оксид alkali - сілті

Мұғалім түсіндірмесі: bases divided two group strong and weak

NaOH KOH LiOH Ba(OH)2 Ca(OH)2

Fe(OH)2 Cu(OH)2 NH4OH Ni(OH)2:

Тапсырма.Тақырыппен  оқушыларға  металл  валенттілігі  бойынша  негіздерінің  формуласын  құрастыру   тапсырылады.  Nа, Мg.   K. Са, Ва  Ғе(ІІІ),  Ғе(ІІ),  Сu (І) ), Сu ( ІІ) және ағылшын тіліндегі аттарын атау

NaOH, Мg(OH)2 KOH,Ca(OH)2,Ва(OH)2, Fe(OH)3, Fe(OH)2,CuOH, 

Cu(OH)2

Дискриптор:

NaOH ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

Мg(OH)2 ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

KOH ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

Ca(OH)2 ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

Ва(OH)2 ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

 Fe(OH)3 ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

 Fe(OH)2 ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

CuOH ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б

Cu(OH)2 ағылшын тіліндегі атын атай алады – 1б


Карусель әдісі

Тапсырма 3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі. Карусель әдісі бойынша оқушылар топтарында жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент сақталуы керек.

2. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі-түсті қалам беріледі.

3. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.

4.Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе, түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады.Соңынан мұғалім тексеруге болады.

1 топқа.Оксидтер

2 топқа.Негіздер

3 топқа.Қышқылдар туралы өз түсініктерін ватманға жазады.Сонан соң тапсырмалар беріледі және оны орындайды.


1 топқа.2 жаттығу. Натрий гидроксидін және калий гидроксидін қандай реакциялар көмегімен алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Дискриптор:

1.Натрий гидроксидін алудың бірінші реакция теңдеуін жаза алады. 1б

2. Натрий гидроксидін алудың екінші реакция теңдеуін жаза алады 1б

3.Калий гидроксидін алудың бірінші реакция теңдеуін жаза алады.1б

4.Калий гидроксидін алудың екінші реакция теңдеуін жаза алады 1б

Есеп. 78 г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің қандай массасы түзіледі?

Дискриптор:

Химиялық реакция теңдеуін жазады – 1б

Есепті дұрыс шығарады.-1б


2 топқа. 4 –жаттығу. CaO, Cu(OH)2, HCl KBr SO2 H2S

Осылардың қайсысы натрий гидроксидімен әрекеттеседі?

Дискриптор:

CaO мен натрий гидроксидімен әрекеттеспейтінін біледі -1б

Cu(OH)2 мен натрий гидроксидімен әрекеттеспейтінін біледі -1б

HCl натрий гидроксидімен әрекеттесу реакция теңдеуін жазады -1б

KBr натрий гидроксидімен әрекеттеспейтінін біледі -1б

SO2 натрий гидроксидімен әрекеттесу реакция теңдеуін жазады -1б

H2S натрий гидроксидімен әрекеттесу реакция теңдеуін жазады -1б


Есеп. Массасы 28 г литий суда ерігенде, сутектің қандай көлемі түзіледі?

Дискриптор:

Химиялық реакция теңдеуін жазады – 1б

Есепті дұрыс шығарады.-1б


3 топқа. 6 - жаттығу .Қыздырғанда:

а. Алюминий гидроксидінің

ә. Мыс гидроксидінің

б. Темір (ІІ) гидроксидінің айырылу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

в.Темір (ІІІ) гидроксидінің айырылу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

Дискриптор:

а.Алюминий гидроксидінің айырылу реакция теңдеуін жаза алады.-1б

ә. Мыс(ІІ) гидроксидінің айырылу реакция теңдеуін жаза алады.-1б

б. Темір (ІІ) гидроксидінің айырылу реакцияларының теңдеуін жаза алады.1б

в.Темір (ІІІ) гидроксидінің айырылу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар

Есеп. 240г магний металы күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің көлемін есепте (қалыпты жағдайда)

Дискриптор:

Химиялық реакция теңдеуін жазады – 1б

Есепті дұрыс шығарады.-1б



Қосымша жаттығулар

. 5 – жаттығу.Мына айналымдағы реакция теңдеулерін аяқтаңдар.

  1. С --- СО2 --- Н2СО3 ---- СаСО3 ----СаО

Дискриптор:

Көміртектен көміртек (IV) оксидін алу реакция теңдеуін жазады- 1б

Көміртек (IV) оксидінен көмір қышқылын ала алады -1б

Көмір қышқылынан кальций карбонатын алу реакциясын жазады.- 1б

Кальций карбонатының айрылу реакция теңдеуін жаза алады- 1б

2) К→ К2О → КОН →К24

Дискриптор: Әр дұрыс жазылған реакция үшін – 3б


3) Ва →ВаО →Ва(ОН)2 → ВаСІ2

Дискриптор: Әр дұрыс жазылған реакция үшін – 3б


Бейтараптану реакциясы не екенін талқылайды?

Тапсырма: Асқазаны ауырып, қышқыл көбейген кезде дәрігерлер құрамында магний сүті болатын ( Mg(OH)2 «РЕННИ» таблеткасын береді. Сол кезде асқазан ауруы басылады.

А) Асқазанда қандай химиялық реакция жүрді? Бейтараптану реакциясы дегеніміз қандай реакция ?

Б) Бұл үрдісті қалай түсіндіресіз?


Ортасы/

Индикатор

Лакмус

Метил-

оранж

Фенол-

фталеин

Қышқылдық орта

Қызыл

Қызғылт

Түссіз

Сілтілік

(Негіздік орта)

Көк

Сары

Таңқурай


ҚБ: «Еркін микрофон» әдісі.



Оқулық,

қабырғаға ілінген флипчарт-тар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

. «Қатесін тап» ойыны

А) 1, 2, 4, 5, 7 Б) 2, 3, 4, 5, 7

В) 4, 6, 8 Г) 3, 6, 8

Критерий: Қай топ бірінші тестке дұрыс жауап берілсе жауапқа 1 балл қосылады.



Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Синтез

Кинометафора әдісі


Киномета

фора әдісі

Бағалау




Кері байланыс

3 минут


Оқушыларды бағалау


Кері байланыс «Атом құрылысы»


Кері байланыс парағы. .

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!