Ашық сабақ. Нейрожаттығулар еліне саяхат.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Нейрожаттығулар еліне саяхат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Нейрожаттығулар жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жақсарту және түзете- дамыту мақсатымен сынып сағаттарында, тәрбие сағатында қолдану ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

























Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Нейрожаттығулар әлеміне саяхат»

Мақсаты: Нейрожаттығулар жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жақсарту және түзете- дамыту

Міндеттері:

  • Жаттығуларды орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту, қимыл–қозғалыстың үйлесімділігін, тепе-теңдікті дамыту.

  • Зейінін, қимылын ,есте сақтауын, ойлауын дамыту.

  • Шапшаңдыққа, батылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты түрлі құрал жабдықтар: түрлі түсті доптар, плакат, суреттер, қасық, стакан.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатына бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтармен амандасып алайық. Амандасады, қысқаша өздерін таныстырып өтеді. Нейро жаттығуллардың балалардың ойлау қабілетіне тигізер пайдасы туралы айтып өтеді.


Барлығымыз алдымен шаттық шеңберін құрайық .

Шаттық шеңбері:

Көк аспанды көргенде,

Алға қарай бағытта.

Ойлан және саусақты,

Өзіме қарай бұрамын.

Тәрбиеші: Сонда сен кімді көрдің?

Әрине өзімді!

Бұл әлемде мен тұлға!

Денсаулықты қолға алып,

Сабақта бос тұрмай,

Бәріміз бірге қозғалып!

Тәрбиеші: Тамаша!!!

-Балалар, оқу жылы да аяқталып қалды. Оқу үлгерімдерің қалай? Кітап, қалам, сөмке, конфет, ми, ақша осы заттардың қайсысы жақсы оқуға әсері бар? ( Балалардың пікірін тыңдау) Иа, дұрыс айтасыздар, сабақты жақсы оқу үшін мидың жұмысының маңызы зор екен. Мидың жұмысын қалай жақсартуға болады?

- Демалу, витаминдер ішу, таза ауада жүру... ( Балалардың пікірін тыңдау)

-Сендер нейрожаттығулар туралы не білесіңдер?....

Ендеше мына бейнероликке назар аударайық. Бейнеролик

Нейрожаттығу дегеніміз не?

-Нейрожаттығу біздің жан-жақты болып дамуымызға көмектесетін сиқырлы кілт. Бас миы да бұлшық ет, ал денедегі бұлшық еттерінізді қалай физикалық жаттығулар арқылы дамытатын болсақ, бас миындағы бұлшық етті де дамыту қажет. Бас миы екі жарты шарға бөлінеді оң жақ және сол жақ. Олардың әрқайысын, мысалы сол жақ миды жұмыстандыруға математикалық, логикалық тапсырмалар болса, оң жақ миға кинофильмдер, саяхат, дене шынықтыру жаттығулары қажет болады. Ал нейрогимнастика болса екі жарты шарды бірдей дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы болып табылады.


II. Балалар, ендеше, бүгін біз «Нейрожаттығулар әлеміне саяхат» жасайық.


Бірақ ол елге қалай жетеміз?

Тосын сый (Есік қағылып, спорт киіміндегі жаттықтырушы кіреді):

Балалар, сендер саяхатқа шығады деп естідім. Сондықтан да мен сендерге көмекке келдім. Міне менің қолымдағы конверттерде қалай жылдам жетудің жолдары көрсетілген. Қандай аялдамаларға тоқтау керектігі жазылған. Бірінші конвертті ашайық.
I.«Ми жағалауы» аялдамасы

  1. «Бағыттар» ойыны

Ойынның шарты: Суреттегі көрсетілген бағыттар бойынша қолмен орындау.

  1. «Белгілер» ойыны

Ойынның шарты: Суретте көрсетілген белгілер бойынша қатесіз қайталау

Мақсаты: жаңа нейрондық байланыстарды қалыптастырады, жарты шарлардың жұмысын синхрондайды, сөйлеуді, есте сақтауды, ойлау қабілетін ынталандырады.

Жаттықтырушы: Екінші конвертті ашайық.

II.«Қол жағалауы» аялдамасы

  1. «Қалташалар» ойыны

Ойынның шарты: Екі қолмен бірдей бір мезгілде қалташаларға тәттілерді салу;

2.«Сиқырлы қасық» ойыны

Ойынның шарты: Қолдың моторикасын дамыта отырып, қасықтармен дұрыс жұмыс жасау;

Мақсаты: қол қимылдарының икемділігін,дәлдігін,саусақтартың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.


III. Сергіту сәті:

Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, олай болса бойымызды сергітіп алайық.

«Музыкалы кілемше»

Мақсаты: тәрбиеленушілердің көңіл - күйін ширатып, белсенділігін арттыру.

Ойынның шарты: кілемше үстіндегі белгілер бойынша, музыка ырғағымен секіріп өту.

Жаттықтырушы: Үшінші конвертті ашайық.

«Көңілді доптар» аялдамасы

«Түрлі-түсті доптар» ойыны

Мақсаты: қимыл–қозғалыстың үйлесімділігін, тепе-теңдікті дамыту. Зейінін, қимылын ,есте сақтауын, ойлауын дамыту.Шапшаңдыққа, батылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 

Ойынның шарты: Аяқ қозғалысының белсенділігін арттыру үшін екі аяқпен допты алып ыдысқа салу.

Жаттықтырушы: Жарайсыңдар, балалар, осымен біз барлық аялдамалардан өттік, ойын мәресіне жетті. Сендермен жүрген қызықты әрі пайдалы екен. Мен де сендермен бірге жүріп нейрожаттығулармен жақын таныстым.

IV.Қорытындылау:

Тәрбиеші: Сонымен балалар, нейрожаттығулар не үшін керек екен? Деніміз сау болу үшін не істеуіміз қажет екен? Бүгінгі іс шара сендерге ұнады ма?

Егер саған ұнаса,

Аяғыңды тарсылдат.

Егер саған ұнаса,

саусағыңды сыртылдат.

Егер саған ұнаса,

Шапалақта, жарыса.

Тәрбиеші: Тамаша!!!

Жарайсыңдар балалар, ендеше барлығымыз ортаға шығып, бүгінгі іс-шарамызды мынадай өлең жолдарымен аяқтайық.


Денсаулық - ел дамуының басты арқауы.

Денсаулық – жеке адамның басты байлығы.

Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты.

Бүгінгі дені сау ұрпақ елдің ертеңгі жалғасы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2024
297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі