Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Ойна әрі шымыр бол!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға денсаулығын күте білуіне қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

23 «Айзере» балабақшасының әдіскері

___________ Ажигалиева С.О.

«_____»___________2019ж









5 «Нұрлы»

ортаңғы тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметі



Тақырыбы: «Ойна әрі шымыр бол!»

















Дайындаған: дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы

Өскембаева Гауhар Бақытқызы



5 «Нұрлы» ортаңғы тобының дене шынықтыру ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Ойна әрі шымыр бол!

Мақсаты: спорттық қозғалыс жаттығуларымен қимылды ойындарды үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға жаттықтыру, негізгі қимыл әрекеттерін жетілдіру. Денсаулығын күте білуін қалыптастыру.

Керекті құралдар: доптар (балалардың санына қарай), қақпалар ені-60 см - 3 дана, ұзындығы 3 метр жіп - 4 дана.

ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақ жасыру.

  1. Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап. (Доп)



  1. Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады. (Доп)

2. Негізгі кезең.

Бір бірден тізбекке тұру,жүру,жүгіру; доппен жасалатын реттеу жаттығулары допты оң қолға ұстап, аяқтың ұшымен жүру-допты басынан асырып ұстайды,өкшесімен жүру-допты алдына шығарып ұстайды.

Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:

1. Допты 2 метр қашықтықтан қақпаға домалату. Балалардың назарын допты саусақтардың күшімен итеру керектігіне және доптың қозғалыс бағытын сақтау қажеттілігіне аударады.

2. Секіру: бір аяқты алға-екіншісін артқа қойып секіру. Ойын түріндегі жаттығу «Шапалақтап секір».

3. Тепе-теңдік сақтау-қос сызықтың ортасымен жүру. Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт». Нұсқау жолдың шетіне шығып кетпеу, дене сымбатын сақтау.



Доп жайлы ойындар

Допты ұста.

Нұсқаушы ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады. Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады. Нұсқаушы әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» - дейді. Балалар допты қайтадан нұсқаушыға лақтырады.

Доп шеңберде.

балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір-біріне домалатады. Нұсқаушы балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.

8-10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.

Допты қақпаға түсіру.

Нұсқаушы балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді. Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады. Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, нұсқаушы оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады.

Ойынға 5-6 бала қатысады. Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға нұсқаушы енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруд і ұсынады.

Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады. Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.

Допты кәрзеңкеге түсір (дәл көзде).

Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. (Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.) Нұсқаушының сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден (еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады.

Ойын қайтадан басталады.

Ойында бір мезгілде 8 -10 бала қатысады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
1492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12