Материалдар / Ашық сабақ: "Ойын арқылы дене мүшелерінің атауын үйрету"

Ашық сабақ: "Ойын арқылы дене мүшелерінің атауын үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметі туралы ақпарат беру, жаңа сөздерді үйрету. Ойын арқылы тілдерін, сөздік қорын дамыту.Тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
1268
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Түймеқыз» балабақшасы





Бекітемін

меңгеруші _________Н.Г.Арестова












Ашық оқу қызметінің тақырыбы:

«Ойын арқылы дене мүшелерінің атауын үйрету»


14-мектепалды даярлық тобы.







Оқытушы: қазақ тілі мұғалімі Д.А.Ахылбекова







































Ақтау қаласы

2021- 2022 оқу жылы

Ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Ойын арқылы дене мүшелерінің атауын үйрету»

Мақсаты/ цель:

  1. Білімділік: Адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметі туралы ақпарат беру, жаңа сөздерді үйрету.

  2. Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін, сөздік қорын дамыту.Тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

  3. Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар /Оборудование/: Интерактивті тақта, 10 доп, орындық, карточкалар, суреттер, бейнетаспа.

Сөздік жұмыс /Словарная работа/: дене мүшелері: части тела, бас-голова, көз-глаза, мұрын-нос, уши-құлақ, ауыз-рот, шаш-волосы, қол-рука, аяқ-нога.

Әдіс-тәсілдер / методы и приемы :Амандасу, шаттық шеңбер, суретпен жұмыс,түсіндіру, ғажайып сәт,тыныс алу жаттығуы, әуенді сергіту сәті, ойындар, мадақтау.


Себепті қызығу-шылығын ояту кезеңі:
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Мен сіздермен көріскеніме қуаныштымын.
-Балалар ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шенбері
Кел, достарым келіңдер.
Қолдарынды беріңдер,
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еңіндер.

Тақтамен жұмыс
-Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Б: Күз мезгілі
-Балалар күз мезгілінде неше ай болады екен? Б:Үш ай. ( атап өту)
-Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Б: Күз мезгілінде күн суытады. Жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып, жерге үзіліп түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жемістер мен көкөністер піседі


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі:

Кіріспе әңгіме
-Балалар бүгін біздер «дене мүшелері» деген тақырыпқа әнгімелесетін боламыз.




Суретпен жұмыс:


Адам-жер бетіндегі тіршілік иесі. Адамның дене мүшелері болады. Олар: бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық — адамның дене мүшелері . Мұны адамның қаңқасы дейді.  Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, аңдай, т.б. мүшелер орналасқан.
Осы мүшелердің атқаратын өз қызметтері бар. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Әр адам өз дене мүшелерін таза ұстау керек. Адамның денсаулығы жақсы болу үшін құнарлы тағамдар, қөкөністер мен жемістерді көп жеу керек. Сонымен қатар адамның организмі 80 пайыз судан тұратындықтан, жиі су ішіп тұруымыз керек. Денсаулықтың кепілі — тазалық. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щёткасымен тазалап отыру керек. Деніміз сау болу үшін спорттық жаттығулармен де көбірек айналысу қажет.

Ғажайып сәт/ сюрпризный момент
-Дәрігер кіреді.
-Балалар мен сендердің дене мүшелерімен танысып жатқандарынды естіп, сендердің тазалықтарынды қарауға, және тыныс алу жолдарынды тексеруге келдім.
Дәрігер балалардың тазалықтарын қарап шығады.


Тыныс алу жаттығуы:

Түтікше арқылы үріп балалар демдерін сыртқа шығарады.
Дәрігер: Балалардың өкпелері таза, дендері сау екен, ендеше мен басқа топтарға кіріп шығайын. Сау болыңдар, балалар!



-Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.

«Сергіту сәті»

Бейнетаспадан аңдардың дене мүшелерін көрсету арқылы жаттығу орындап жатқанына қарап, балалар да: «Бас, иық, тізе, аяқ!» деп жаттығуды орындайды, әр орындалған сайын жылдамдық ұлғая түседі.

Тақтамен жұмыс: «Қасысы артық»

Тақтада суреттер беріледі. Балалар сол суреттердің ішінен артығын табады және себебін түсіндіреді.

Shape2 Shape1



«Кім жылдам» ойыны

Ойын барысы: Балалар екі қатарға бір-біріне қарап тұрады. Екі баланың ортасында доп тұрады. Мұғалім дене мүшелерінің атауын айтады ал балалар сол дене мүшелерін көрсетеді. Арада дене мүшеге қатысы жоқ бір заттың атауын айтқанда, балалар жылдамдықпен допты алып үлгеру керек. Үлгермегендер орындарына отырады. Ойын әрі қалай жалғасын табады. Ең соңында қалған бала жеңіске жетеді.

Ойынның басты мақсаты: балалар дене мүшелердің атауын басқа заттың атауынан жылдам ажырата білу.

«Орындыққа тез жету»

Ойын барысы: Ойынға екі баладан қатысады. Алдарында белгілі ара-қашықтықта орындық тұрады. Бала орындыққа жету үшін, әр қадам басқан сайын дене мүшенің атауын айтады. Тез айтып, бірінші орындыққа отырған бала жеңіске жетеді.

Ойынның басты мақсаты: балалардың дене мүшелердің атауларын неғұрлым көп білуі.

Қорытындылау/ подведение итогов:
-Балалар бүгін біздер қандай дене мүшелерімен таныстық?
-Дене мүшелерінің атқаратын қызметтері қандай?
-Деніміз сау болу үшін күнделікті немен шұғылдануымыз қажет?
Мадақтау.

-Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.
-Сондықтан мен сендерге марапаттау қағазын табыс етемін.
-Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже/ ожидаемый результат:
Нені біледі: Адамның дене мүшелерін біледі
Қандай түсініктерді игерді: Дене мүшелердің атқаратын қызметі туралы.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жеке бастың гигиенасы, дене шынықтырумен шұғылдану.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ