400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ойын жағдайларында допты меңгеру техникасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
жақсы жүгіру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоршаған ортаның ластануы


Табиғат - бізді қоршаған орта. Адам табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан біз оны «Жер-Ана» дейміз. «Жер шоқтығы Көкшетау», «Жер жанаты Жетісу» деп ата-бабамыз туған жерге, табиғатқа деген махаббатын білдірді. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Ата-бабамыз табиғат туралы түрлі мақал-мәтелдер шығарып, ұрпақтарының бойына сіңірген.

Қазіргі таңда қоршаған ортамыз ластануда. Біздің жақсы өмір сүруіміз үшін түрлі зауыттар, фабрикалар, ғимараттар қажет. Ал оның барлығы табиғаттан алынады. Тіпті адамның бір дәптері үшін бірнеше мың ағаштар кесіледі. Ал осы ағаштардың жоқтығынан біздің табиғатымыздағы ауа ластанады. Табиғатты ластап біз өзімізге өзіміз зиян келтіреміз.

Сіз ойланып көрдіңіз бе? Осы табиғатты ластанудан қалай қорғап қалуға болады екен. Иә, осы ластануды тоқтата алмаймыз. Бірақ оның алдын алуымыз керек. Мысылы, қоқысты қоқыс жәшігіне салып, өсімдіктерді отырғызып күтіп баптауымыз қажет. Планетамыздағы әр адам осылай жасаса, біз әлемнің ластануын тоқтатуымыз мүмкін. Әрине, бүкіл планетамызды ластанудан қорғай алмаймыз. Бірақ, біз талпынсақ бәрі де бірте-бірте болады. Табиғатты, қоршаған ортамызды қорғау мәселесіне қазір де зор көңіл бөлінуде. Осы табиғатымыз үшін біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда табиғаттағы сирек кездесетін жануарлар, өсімдіктер және құстардың санын көбейту үшін барлық шаралар қолданылады. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. Осы қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, адам әрекетінен пайда болады.


6 «Б» сынып оқушысы: Тұрсын Ұлжан
















Біздің болашағымыз...


Қазақстан Республикасының болашағы біздің қолымызда. Халық - «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жастардың жақсы өнегелі істерімен мақтанады. Ел оларға зор үмітпен сенім артып отыр. Қазіргі заманда жастар дамыған. Егер нақты бір ойлары, идеалары болса, оларды тез арада жүзеге асырады. Ал елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз. Біз, яғни жастар Қазақстанды биік деңгейге көтеруіміз керек. Ол үшін сапалы білім алып, талпынуымыз қажет. Еңсесін тіктеп, алдағы арманына қаймықпай қадам басатын жастарға біздің мемлекетімізде бар жағдай жасалған. Мысалы, қазір мемлекетімізде көптеген заманауи метептер, университеттер өте көп. Осыған шет елдерден арнайы мұғалімдер шақырылып отыр. Ол кісілер жастарымыздың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына білімдерін беруде. Мен Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия мектебінде оқимын. Менің ғалым болғым келеді. Келешекте заманауи технологияларды ойлар тауып, мемлекетіміздің көркеюіне үлес қосатыныма сенімдімін. Менің ойымша, біз елімізге деген сүйіспеншілікті білдіріп, оны тануымыз қажет. Сол кезде ғана біздің жанымызда патриоттық сезім пайда болады. Сол патриоттық сезім арқылы болашағымыздың жарқын болуына бір кісідей ат салысайық.


6 «Б» сынып оқушысы: Бекбулат Жангерей
























Біздің болашағымыз...

Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. XXI ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда. Әрине, «бес саусақ бірдей емес», олай болса, жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де, бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, жас кезімізден бастап болашағымызды ойлауымыз керек. Еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал барлық рухани байлық, қазба байлық, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Жастарды қазір ғылыми технологиялар қызықтырады. Елімізді дамыту үшін білімді жастар қажет. Сонда ғана біз оларға сенім артамыз. Қазіргі адамдар, кісілер жастарға, яғни бізге зор сенім артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымыздың тұманды болмауына барымызды салуымыз қажет.


6 «Б» сынып оқушысы: Сарсенбай Нұрым



































№

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Байқау аты

Мектебі

Жетекшісі

Тел.нөмірі

1

Тұрсын Ұлжан

6 «Б»

Қоршаған ортаның ластануы

№1 гимназия

Есенов Ш.Н.

8 707 184 40 71

2

Бекбулат Жангерей

6 «Б»

Біздің болашағымыз...

№1 гимназия

Есенов Ш.Н.

8 707 184 40 71

3

Сарсенбай Нұрым

6 «Б»

Біздің болашағымыз...

№1 гимназия

Есенов Ш.Н.

8 707 184 40 71



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі