жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ойынның қабылдау техникасын үйрету 5 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын |
Мектебі: №56ЖОББМ |
|||
|
Күні: |
||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ойынның қабылдау техникасын үйрету |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
5.1.1.1 Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және түсіну. 5.1.3.3 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын біледі, қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті игереді. Көптеген оқушылар үшін: Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын түсінеді, қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті игереді. Кейбір оқушылар үшін: икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын нақты меңгереді, қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті ажыратады. |
|||
|
Бағалау критерийлері: |
|
|||
|
Ойлау деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану және бағалау |
|||
|
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге тән лексика мен терминология: қозғалыс әрекетінің дәлдігі, икемділік, қимыл-қозғалыс дағдысы |
|||
|
Құндылықтарды дарыту: |
Мәңгілік ел ұлттық идеясына сай зайырлы қоғам құндылығының мәнін түсіну, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипатына білім берумен қатар денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты екендігін түсіндіру. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар: |
биология |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары: |
Интербелсенді тақта |
|||
|
Алдыңғы білім: |
Бастауыш сатыда қарапайым спорттық техникаларды орындау туралы түсінік қалыптасқан, бүгінгі сабақта арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау қабілеті дамытылады. |
|||
|
Сабақ барысы: |
||||
|
Уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Кіріспе 3 минут |
Сабақтың ұйымдастыру бөлімі. Миға шабуыл сұрақтары:
|
|
||
|
Білу 5 минут |
|
Бейнелі суреттер
бейнепроектор |
||
|
түсіну 10 минут |
Оқушылар 1, 2 нөмірлі карталары арқылы жұпқа бөлінеді, 1 картасы қабілеті орта немесе нашар оқушыларға таратылады, 2 нөмірлі картасы қабілеті жоғары оқушыларға таратылады. Мұндай тарату мақсаты оқушыға байқаусызда жүргізіледі, мақсаты қарым-қатынас бойынша саралауды жүзеге асыру. Білім алушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады (жұптық жұмыс). 1. Допты төменнен қабылдайды. Жұп-жұппен тұрып, 1-ші нөмірдегілер 2-ші нөмірлідегілерге допты лақтырады, ал 2-ші нөмірдегілер допты астынан екі қолмен үстіге қағады. 2. Допты жоғарыдан қабылдайды. Білім алушылар жұп-жұппен тұрады. 1-ші нөмірдегілер 2-ші нөмірдегілерге допты лақтырады, 2-ші нөмірдегілер жоғарғы тәсілмен допты қайтарады. 2-ші нөмірдегілер допты қағып алып қайтадан лақтырады. Тапсырманы бағалау дескрипторлары: Білім алушы
|
|
||
|
5 минут Түсіну
|
Мұғалім түсіндермесі. Мұғалім волейбол ойынындағы допты беру техникаларын көрсетеді, қабілетті оқушылар әр топтың көмекшісі, кеңес беруші қызметін атқарады. Қабілет бойынша саралау ұйымдастырылады. |
|
||
|
7 минут Қолдану
|
Білім алушы волейбол алаңының бүйір сызығына тұрады (жұптық жұмыс) Допты үстінен беру, жеке жұмыс (допты жерге түсіріп алмай 20 рет қағу). 2. Серіктесі допты «тастағаннан» кейін жоғарыдан беру (15-20 рет қайталап орындау және білім алушылардың ауысуы). 3. Допты үстінен 5 рет қағу және серіктесіне беру, екінші білім алушы допты қағып алып, ары қарай жеке жұмыс жасайды (5-7 рет қайталау). 4. Волейбол добын серіктесі «тастағаннан» кейін төменнен беру (10-15 рет қайталау). Бағалау дескрипторлары: Білім алушы: - допты берер алдында бастапқы позицияны қадағалайды; - допты ойынға қосқанда қолды сермеп бағыттайды; - допты жоғарыдан беру техникасын орындайды; - допты төменнен беру техникасын орындайды. |
Жеке жұмыс
Бағалау дескрипторы |
||
|
Сабақ соңы 5 минут |
Рефлексия. Сарапшылар пікірі. әр топтың сарапшысы топ мүшелеріне жеке кеңес береді. Кеңес беру алгоритмі: - Не жақсы орындалды? - Қандай кемшілік орын алды? - Нені жақсарту қажет? Мұғалім қолдау көрсетеді, техника талаптарына сай түсініктеме береді. Сабақтың соңы. |
Кеңес беру алгортмі |
||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Құндылық |
||
|
Тапсырманы бағалау дескрипторлары төмендегідей: Алғашқы тапсырма бойынша білім алушы -допты төменнен қабылдау техникасын орындайды; -допты жоғарыдан қабылдау техникасын орындайды. Екінші мақсатқа жету нәтижесі мынадай бағалау дескрипторлары бойынша бағаланады: білім алушы: - допты берер алдында бастапқы позицияны қадағалайды; - допты ойынға қосқанда қолды сермеп бағыттайды; - допты жоғарыдан беру техникасын орындайды; - допты төменнен беру техникасын орындайды. Сабақ барысында өзара бағалау жүзеге асырылады. |
Мәңгілік ел ұлттық идеясына сай зайырлы қоғам құндылығының мәнін түсіну, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипатына білім берумен қатар денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты екендігін түсіндіру жүзеге асырылады. |
||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген