Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ "Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныбы 8

Пәні : Химия

Сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға оксидтердің құрамы, қасиеттері, оксидтердің бір-бірінен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: оксидтерді жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіре білуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі:Ізденіс

Сабақтың әдісі:деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап, жеке топтық, ұжымдық жұмыс.

Көрнекі құралдар: : интерактивті тақта, бор, оқулық, жұмыс дәптері деңгейлі тапсырмалар, тірек сызбалар;

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
(2 минут)

ІІ. Үй тапсырмасы (10минут)

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (21 минут)

ІV. Жаңа сабақты бекіту (10минут)

V. Бағалау (2минут)

VІ. Үйге тапсырма (1минут)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Топқа бөлу. Элементтер жазылған парақшалар арқылы топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасы: Сілтілік металдар,галогендер

«Сиқырлы гүл» ойыны

Элементтер белілген бөліп жазамыз

Металдар Бейметалдар Галогендер

Na,Mg,Ba,Li,Cu C,S,N,O,Cr,P F Cl Br I At

«Кедергілермен көтерілу».

Химиялық сатымен” көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата

S (VI)- SO3- күкірт оксиді

P (V)-P2O5- Фосфор V оксиді

Al (III)-Al2O3- алюминий оксиді

Cu (II)-СиО-МысII оксиді

N (IV-NO2-Азот оксиді

K (I)-K2O-калий оксиді

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жалпы бізге «Оттек» ұғымы өте таныс. Қане кім «Оттекке» сипаттама береді. Екі элементтен тұратын біреуі оттек болып келетін күрделі затты біз – оксидтер деп атаймыз


Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).



Оксидтердің алынуы. Оксидтерді алудың бірнеше жолына тоқталайық: жай және күрделі заттар жанғанда, валенттіг төмен оксидтерді тотықтырғанда, ерімейтін негіздерді, оттекті қышқылдардың тұздарын одан әрі қыздырғанда, т.б. тәсілдермен алады.

1.Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуінен:

C+O2=CO2

2Са + О2 = 2CaO
металдарды:2Cu+O2=CuO

2Mg+O2=MgO

күрделі заттарды:CH4+2O2=CO2+2H2O

2H2S+3O2=2H2O+2SO2

2. Оксидтерді одан әрі тотықтырып алады:

2SO2+O2=2SO3

4FeO+O2=2Fe2O3

3. Суда ерімейтін негіздерді қыздыру арқылы оксидтер алынады:

Fe(OН)3 =2Fe2O3+ 2H2O

4. Тұздарды қыздыру арқылы айырғанда оксидтер түзіледі:

CaCO3 =CO2+CaO

5. Күрделі заттар жанғанда оксидтер түзеді:

CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O

Оксидтердің қолдануы:

CO2 - тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде

CaО - сөндірілмеген әк, құрылыста

ZnO - мырыш бояуларын алуда

Н2О - негізгі әмбебап еріткіш

Сr2О3- жасыл бояу алуда

SiO2 - шыны өндірісінде

Сергіту сәті;

ІV. Жаңа сабақты бекіту. Топтық жұмыс

  1. элемент таңбаларын пайдаланып, оксидтердің формулаларын құрастыру керек. 30сек ішінде

  2. CO2, SiO2, MnO2, ZnO,Al2O3,P2O5MgO Fe2O3, Li2O,CrO3, BaO, Ag2O,SrO,HgO

3) Есептер шығару
І топ

1.16 г күкіртті жақанда түзілген күкірт (ІV) оксидінің массасын табыңыздар.


VІ. Үйге тапсырма: Оксидтердің қолданылуын оқу, кесте сызу. 7 -8 есептерді шығару.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2020
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі