Материалдар / Ашық сабақ "Өмір қымбатсың маған" 8 сынып

Ашық сабақ "Өмір қымбатсың маған" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту . 8 сыныпқа өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге керек.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мерзімі: 15.03.2017ж.

Сыныбы: 8 «А» сынып



Тақырыбы: «Өмір қымбатсың маған!»

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Мейірімділік, жақсылық, қамқорлық.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.


Міндеттері:


Білімділік: Оқушыларға өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екенін түсінуіне ықпал ету.

Дамытушылық: Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту .

Тәрбиелік: балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .

Көрнекілігі: слайд, бейнеклип

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу.


Оқу құралдарына назар аудару. (5 «Т» -ны сақтау)

1. Топқа бөлу.

Оқушыларды топтарға бөлу, орналастыру. / Ағашқа жабыстырылған стикерлердің түсі арқылы оқушыларды топқа бөлу/

І-топ « Мейірім», ІІ-топ «Бақыт», ІІІ- топ «Ізгілік».


2. Тыныштық сәтi.


«Күннің нұры»


Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.


Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр бірте-бірте қарқын ала бастайды, жан-жағына сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


3. Дәйек сөз.


Асылы, адам-өз өмірінің суретшісі.Ол өмірді сырлап бояуға,

оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

Ғабит Мүсірепов


Оқу ақпараты

Адам өмір бойы өзін-өзі тану, құндылықтарды пайымдау, жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады.

Халқымыз:

«Жақсының жақсылығын айт-нұры тассын,

Жаманның жамандығын айт-құты қашсын» - дейді.

Адам жаман-жақсыны ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.


4. Әңгімелесу.

- Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?

- Өмір қаншалықты қызық.

- Өмірдің мәні неде?

- Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?

- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?

- Өмір несімен қымбат.

5. «ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ» сахналау.

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де он мың теңгеден беремін. Осы теңгеге бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де теңгесін жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

Бірінші баласы:

- Досымның шаруашылығына барып бір қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

- Дүкенге барып жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

- Теңгені ұсақтап, 5000 теңгесін мешітке бердім, 2000 теңгесін қайырымдылық қорға бердім, 2000 теңгесін да садақа ретінде тараттым. Қалған 1000теңгеге екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату! дейді ақсақал.

- Балалар біз осы көріністен қандай ой түйдік? Өз ойымызды айтып өтейік.

6. Шығармашылық жұмыс

І-топқа тапсырма: «Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбында топ бойынша өлең шығару. (өлең оқу)

ІІ-топқа тапсырма: «Менің өмірлік құндылықтарым» (оқушылар құндылықтарды алақан суретіне тізіп жазады)

ІІІ-топқа тапсырма: «Өмірге мен ғашықпын» тақырыбына сурет салу

/Оқушылар жұмысы тыңдалады/



7. «Тәубеңе кел» атты бейнетүсірілімін көрсету.

- Сіздерге фильм ұнады ма? Несімен ұнады?

- Тәубеңе кел деп не үшін айтады?

- Барға қанағат дегенді қалай түсінеміз?

8. Топпен ән айту. «Аққу арман»

«Аққу арман»

Ертегі әлем, шертеді әуен,

Қиалым көкте, салады асыр.

Аққудай арман, күйге ертіп алуан,

Ақтарар үнсіз жағаға сыр.


қ/с

Аққанат арман, белден асып,

Қалықтап бара жатыр.

Адамдар күтіңдер аңсағанын,

Оралар қара да тұр.


Арманын іздей, үмітін үзбей,

Тағдырлар талмай жағада тұр.

Өмірден озбай, жүректі қозғай,

Толқынмен ойнап шағала тұр.

қ/с

Аққанат арман, белден асып,

Қалықтап бара жатыр.

Адамдар күтіңдер аңсағанын,

Оралар қара да тұр.



9. Қорытындылау:

Өмір-өзен ағып жатыр, тынбайды

Өмір болмас қасіретсіз мұң – қайғы,

Сондықтан да, өз – өзіңе абай бол,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды –деп жырлағандай, өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл. Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет, әлсіздік шарасыздық танытпа. Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің.


10. Үйге тапсырма:

«Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбына эссе жазып келу.


11. Соңғы тыныштық сәтi.


Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық.


Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!

























31 Қаңтар 2018
828
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі