Материалдар / Ашық сабақ "Өмірге келдім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Өмірге келдім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілікті арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
2592
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: Өмірге келдім

Сабақтың мақсаты: Сәби өмірге келгеннен бастап, атадан балаға мирас болып

келе жатқан салт-дәстүр бойынша баланы тал бесіктен бастап тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын

Көрнекіліктер: Қазақ халқының салт-дәстүрлері бейнеленген суреттер

Әрекет кезең Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық Психологиялық дайындық: Балалар айтады

қозғаушы Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем,

Тәрбие беріп өсірген

Апайлар сіздерге сәлем!

Ұйымдастыру Сұрақ-жауап:

іздестіру Балалар, қазір бізде қай оқу іс-әрекеті Сөйлеуді дамыту

сабағы?

Біз өткен оқу іс-әрекетімізде қандай

тақырыппен таныстық? «Жолда абайла»

Өткен оқу іс-әрекетімізді пысықтау

Балалар өткен оқу іс-әрекетімізде

«Жолда абайла» тақырыбы бойынша

әңгімеледік.

Сурет бойынша әңгімелеу

Суреттегі әрбір жолдың неге арналғанын

айттық. Жол белгілері не үшін қажет екенін,

белгілер нені білдіретінін білдік.

Суреттерге сәйкес жол белгілерінің суретін

салдық.

Жаңа сабақ:

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Өмірге келдім» Балалар

тақырыбымен танысамыз. тыңдайды.

Қазақ халқы өмірге келер сәбиді асыға күткен,

себебі бала-өмірдің гүлі, жалғасы, отбасының

үлкен қуанышы. Сәби өмірге келгенде салтымыз

бойынша ата-анасы той жасайды. Той шілдехана

деп аталады. Сәбиге есім қойылады. Шілдеханада

көп қонақтар жиналады, олар балаға өзінің тілектерін

білдіреді, ойын-сауық өткізеді.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1 суретте қандай салт-дәстүр бейнеленген?

Ол туралы не білесің? Балаларға арналған тағы

қандай дәстүрлер бар?

Бесікке салу – бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің

алтын ұясы болып есептеледі. Сәбиді қырқынан шығарған

соң бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрлердің бірі.

Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі өнегелі

әжелеріне әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен

аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.

Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем,

Жылама, бөпем, жылама,

Жылама, әлди, жылама.

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін

деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы

ала жіп дайындалады. Тұсауы кесілген баланы қолынан

ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады.

Тұсаукесердің арнаулы жыры бар «Тұсаукесер жыры»

деп аталады.

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Атқа мінгізу – баланың сана-сезімін жетілдіру үшін

жасалатын тәрбиелік салттың бірі-осы атқа мінгізу

салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа

келген соң оған жеке тай атап, балаға арналған ашамай

деп аталатын ер жасатып, қамшы өріп, сен азамат болдың

деп атқа мінгізу дәстүрін жасаған.

2 Баланың жасына қарай суреттерді сәйкестендір.

Нәрестенің суреті мен бесікті; бір жастағы бала мен

Ала жіп және қайшыны; 5-6 жастағы бала мен

ер-тоқымды атты сәйкестендіреді.

3 Жұмбақ шешейік

Әкесі баласын көтереді,

Баласы бөркін көтереді. (Кереге, уық, шаңырақ) Балалар

Төрт бұрышты, бір ауызды (Сандық) шешуін

табады.

Шығармашылық тапсырма:

Сергіту сәті: Кел, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Қазақ үйді құрайық.

Ойын: «Сен білесің бе?»

Шарты: Суреттер арасынан салт-дәстүр түрлері

бейнеленген суреттерді тауып, тақтаға

ілдіру.

Рефлексивті Сұрақтар

түзетушілік Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? Балалар сұрақтарға

Балалар бүгін қандай салт-дәстүр түрлерімен жауап береді.

таныстық?

Сендердің отбасыңызда қандай салт-дәстүр

түрлері жасалады?

Күтілетін Өз жұмысын бағалау.

нәтиже Бесікті түрлі түсті қарындашпен бояу. Балалар бояйды.

Білуі керек Ұлттық салт-дәстүрімізді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!