Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Өнеге- отбасынан" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы туралы мағлұмат ала аласыздар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Киреева Гулбаршын Кадировна,№ 16 мектеп,Құлсары қаласы

Мерзiм: ___________ 17сабақ

Тақырып: Өнеге- отбасынан

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық.

Мұғалiм: Киреева Гүлбаршын. Сынып «11 а» Оқушылар саны18


Сабақтыңмақсаты:

Қазіргі кездегі баланың дамуына , жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым–қатынас орнатужәне ұлттық сананы бойына сіңіре отырып “ Сүйіспеншілік” құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

Білімділік: отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту

Дамытушылық:оқушылардың ата-ананы құрметтей білуге ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелілік: оқушыларды сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

үлестірмеліқағаздар,А4 формат,қалам.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2)Үй тапсырмасын тексеру.

І топ

1 «Әдептілік-адамгершілік бастауы» дегенді қалай түсінесіз?

2 Өз іс-әрекетіңізбен ұялған кезіңіз болдыма?

3 Әдепті адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

ІІ топ

«Менің отбасым» туралы бейнебаян корсету уйден алып келген.


Сабақ барысын талқылау:


Оқушылар

дың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

ІІ. Дәйек сөз. 3рет оқу ,оқушылармен талдау

Әке-асқар тау,

Ана-ағып жатқан бұлақ,

Бала-жағадағы құрақ.

«Халық нақылы»


Мұғалім сыйы

Анама, әкеме мұғалімнің шығарған өлеңдерін оқу.

ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

  1. Адам қай уақытта ата-ананын үмітін ақтай алады?

  2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен бөлісе аласың ба?

  3. Анаң мен әкең қай уақытта саған риза болады?











Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________


б)1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын?

(Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)

5. Не қымбат?

( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.


в)1.Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.)
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған?

( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

әрінен де ар мен ұят қымбат))



Дәптермен жұмыс


 


Топпен ән айту.

«Қос бәйтерегім»

Сөзі. М.шахановтікі. Әні: Н.Тілендиевтікі.

Әкешім пана болған биік шыңым,

Үйреткен мына өмірдің барлық сырын,

Жер бетін кезгенменен

Сендердің көздеріңнен,

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен.

Анашым ақ сүт беріп мәпелеген,

Кешірген көп кетсе де кетелігім,

Анамның алақаны,

Әкемнің қарағаны,

Ұқтырды біз екенін,

Бақытқа балағаны.

Сендердің арқаларың жүргеніміз,

Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз,

Менің қос бәйтерегім,

Сендерсіз қайтер едім.

Әрқашан бірге болсақ,

Түгелғой бар-керегім,

Менің қос бәйтерегім.



Үй тапсырмасы.

  • Туыстық қарым-қатынастар шежіресі жазылатын «Менің алтын тұғырым» атты фото-альбом ұйымдастыру

  • Келесі тақырып :«Жақсы дәстүр жайында» үзінді Ғ.Мұстафин оқып келу



Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2018
688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі