Материалдар / Ашық сабақ "Өнеге отбасынан" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Өнеге отбасынан" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақта қолдануға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
754
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ибаш Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ













Тақырыбы: «Өнеге отбасынан»











Дайындаған: Гафарова Ә.С.

«Өзін-өзі тану» пәні ІІІ деңгей мұғалімі

Уақыты: 09.02.2018ж











Ақтау қаласы











«Өзін-өзі тану» пәні сабағының жоспары


Мектеп: «№15 орта мектебі» КММ Мерзiм: 09.02.2018ж

Мұғалiм: Гафарова Әдемі Сәрсенқызы

Тақырыбы: Өнеге отбасынан

Құндылық: Сүйіспеншілік;Қасиеттері: мейірімділік, адамгершілік, татулық, сыйластық.

Сынып: 7 сынып;

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы тәрбиесінің маңыздылығын «сүйіспеншілік» құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  • Отбасындағы татулық, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту;

  • оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту;

  • мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: интербелсенді тақта, әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа.

Ұйымдастыру кезеңі. 5-Т ережесін үнемі сабақ барысында сақтап отыруға шақырамын. «Тәртіп, тазалық, талап, татулық, тыныштық». Топқа бөлу. 3 топқа бөлу.

Тыныштық сәті. Оқушылармен сәлемдесіп, олар орындарына отырғаннан кейін тыныштық сәтімен сабақты бастаймын.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?.

Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Әкеден – ақыл, анадан - мейір»

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ендеше осы дәйексөзді есімізде сақтау үшін барлығымыз 1 рет, ұлдар 1 рет, қыздар 1 рет қайталап айтамыз..

Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.

Мақал

Әңгiмелеу

Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп аулға келеді.Ауылда таптаза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның қөңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Сендер қалай ойлайсыңдар?Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді?Отбасындағы татулық пен бірлік болуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?Балардың жауаптарын тыңдалады.

Қарт үнсіз ғана жүз рет “сүйспеншілік”, жүз рет “кешірім”, жүз рет “бірлік” деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

-Осы-ақ па?

-Ия,-деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,-деді де, сәл ойланып,”және шыдамдылық”деген сөзді қосып қойды.

Өсиет әңгіменің мәні неде?

Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен?


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1 топ – Берілген мақалдардың жалғасын тауып жазу.

Атаға қарап – ұл өсер, анаға қарап – қыз өсер.

Атаның баласы болма, халықтың баласы бол.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

Ананың сүті бал, баланың тілі –бал.

Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі жылы.

Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.

Әке – асқар тау, ана – шалқар көл.

Ана алдында –құрмет, ата алдында – қызмет.

2 топ – «Біз бақытты жанұямыз» тақырыбына сурет салу.

3 топ – «Менің отбасым» тақырыбында сурет қиындыларынан коллаж жасау.


Мұғалімнің сыйы



Топпен ән айту.

Ана туралы жыр 
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі 
Әні: Ш.Қалдаяқовтікі 
Әлемнің жарығын 
Сыйладың сен маған. 
Даланың әр гүлін 
Жинадың сен маған. 
Сен бердің құстардың 
Қанатын самғаған. 
Балалық құштарым

Өзіңе арнаған. 

Әлдилеп, аялап 
Өсірген жемісің. 
Самал жел, сая бақ 
Құшағың мен үшін. 
Есейіп кетсем де 
Мен саған сәбимін. 
Көңіліңді көктемдей 
Көзіңнен танимын. 

Өтеуге борышым, 
Анашым жан сырым. 
Іздедім сен үшін 
Әлемнің асылын. 
Әлемнің байлығын 
Сыйлар ем, кеш мені. 
Сыйлар ем ай, күнін 
Қолыма түспеді. 


Үй тапсырмасы.

«Біз бақытты жанұямыз» тақырыбында эссе жазып келу.


Сабақтың соңғы сәтi.

Қорытынды:

Адамның жан дүниесі тынышталса оның отбасы да тыныштық болады,

отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады, қоғамда

тыныштық болса, мемлекетте тыныштық болады, мемлекетте

тыныштық болса, бүкіл әлемде тыныштық болады.

Халық даналығы.

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!