Материалдар / Ашық сабақ "Өнерлінің өрісі кең" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Өнерлінің өрісі кең" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Өнерлінің өрісі кең" 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1461
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : « Өнерлінің өрісі кең »

Сабақтың мақсаты : оқушылардың «Технология » пәнінен алған білім біліктерін

іс – тәжірибемен ұштастыра отырып, шығармашылық қабілетін

ояту . Іскерлігін , шеберлігін шыңдау .

Сабақтың міндеттері :

білімділік : білім – біліктерін іс жүзінде сипаттай білуге , ойларын тұжырымдай білуге

дағдыландыру .

дамытушылық : шығармашылық белсенділіктерін арттыру , эстетикалық талғамын

ұштау , өнерге ынтасын дамыту.

тәрбиелік : ұқыптылыққа ,іскерлікке , шеберлікке баулу .

Сабақтың түрі : сайыс сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап

Көрнекілік : кеспе қағаздар ,мата , түйме ,қайшы , ине – жіп ,см таспа ,акт

Пәнаралық байланыс : әдебиет , математика, химия

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

Армысыздар , құрметті қонақтар ! – біздің « Өнерлінің өрісі кең» сайыс сабағымызға

қош келдіңіздер!

Қазақ халқы қонақты ерекше сыйлаған . « Қонақ келсе , құт келді» - деп ірімшік пен

құртын , шайы мен майын ,жинаған тергенінің барын қонаққа арнаған . Сол сияқты

біздің білімдіде , білікті қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өздерінің білімдерін сына-

мақшы . « Ақылды азбас , өнерлі тозбас» - дегендей сайыс сабағымызға 4 топ қатысады. Олай болса , ортаға :

І . « Шебер қолдар» тобын шақырамыз.

ІІ. « Бірлік» тобын шақырамыз.

ІІІ. « Гүлдер» тобын шақырамыз

ІV. « Тапқырлар» тобын шақырамыз.



Ендеше , сайысқа қатысушы топтар сендердің білімдеріңізді әділқазы алқалары

бағалайды . Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін :

І . Бірлестік жетекшісі : Караева Айым

ІІ. Технология пәні мұғалімі : Дюсенова Амангул

ІІІ.

Сайыс сабағымыздың бөлімдерімен таныстырайын :

І . « Сәлем сөздің – анасы» топ басшылары өз топтарын таныстырады .

ІІ. Жантақтан ине , жанқадан түйме жасаған . /Түйме қадау 3 минут /

ІІІ. Тіл өнері . Мақал - мәтелдің жалғасын табу .

ІV. « Тапқыр болсаң .тауып көр» сұрақ – жауап

V. Ғажайып қоржын./тігін машинасы , үтік ,қайшы ,оймақ қауіпсіздік ережелерін айту /

VІ . « Өнерлінің өрісі кең» /әр топ үйден дайындап әкелген заттарымен таныстырады,

жасалу жолдарын айтып береді/ .

/Балдық жүйе 5 – 10 балл аралығында /

Олай болса , сайысымызды бастаймыз. Біздің қыздарымыз өзінің тобын қалай таныстырар екен ?

І . Сәлем сөздің - анасы» - деп аталады ./Өз топтарын таныстыру ./

ІІ.Жантақтан ине , жаңқадан түйме жасаған ./ Түйме қадау 3 мин /

Шарты : Әртүрлі ине , жіптер , түйме беріледі . Қыздарымыз мата түріне қарай

құрлысына қарай түймелерді таңдап қадаулары керек . Бұл шартта өздерінің алған

білімдерін іс – жүзінде сынайды .

ІІІ. « Тіл өнері» /Мақал - мәтелдерді жалғастыру./

1 – топ .

Шешеннің сөзі мерген , ........................ / шебердің көзі мерген/

Қолың ұста болсын , .........................../ сөзің қысқа болсын/

Оймақ пішсең де , ............................ / ойлап піш /

Күшіңе сенбе , ............................. /адал ісіңе сен /

Қазаншының өз еркі , ........................ /қайдан құлақ шығарса /

Ер қадірін ел білер , ............................. /зер қадірін зергер білер/

2 – топ .

Шебердің қолы , ..................... / көпке ортақ /

Қол өнері- кілемде , ................. / сөз өнері –өлеңде /

Киім пішсең кең піш , ................. / тарылтуың оңай /

Өнерлі жігіт өрде озар , ....................... / өнерсіз жігіт жер соғар/

Қыз еркем кетесімен көркем, .......................... / ұл еркем өнерімен көркем/

Қанша мықты болсада , .............................. / жалғыз ағаш үй болмас /

3 – топ

Еңбек етсең – емерсің , ........................ / ерінбесең жеңерсің/

Мал жинасаң қонысын тап , ........................ / ас жинасаң - ыдысын тап /

Еңбегің қатты болса , .......................... / татқаның тәтті болар /

Жаңбырмен жер көгерер , ....................... / еңбекпен ел көгерер /

Қоя жесең , ........................ / қой қалар /

Тарта жесең , ...................... / тай қалар /

4 - топ

Адам көркі шүберек , .................... / ағаш көркі жапырақ /

Істі ине тікпейді , ........................... / икемді қол тігеді /

Көрнекті ісің үлгі болады , ....................../ көрнексіз ісің күлкі болады /

Шеше көрген тон пішер , ....................... / әке көрген оқ жонар /

Жеті өлшеп , .......................... / бір кес /

Оюы көптің өрнегі көп , ........................................ /өрнегі көптің ермегі көп /



IV . « Тапқыр болсаң , тауып көр»

Шарты :«Технология» сабағынан сұрақтар беріледі .

Стол үстіндегі түрлі - түсті конвертте сүрақтар жазылған . Қыздарымыз сол сұрақтарға жауап беруі керек .

І . топ

1 .Тігін машинасының алғашқы жобасын ұсынған ғалым кім ?/ Леонардо до Винчи/

2 .Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді ? / жасанды және синтетикалық /

3 .Иық бұйымдарына қандай киімдер жатады ? / көйлек ,халат , блузка , жилет , камзол/

4 . Силуэт деген не ? / Денебітім кескінінің нұсқасы , сыртқы пішім /

5 . Қазақ халқының ұлттық киімдерін ата . /сәукеле , камзол , қосетек көйлек ,бөрік , тақия , кимешек /

6. Этикет ережесі дегенде нені түсінесің ? /Дастарқан басында өзін ұстау ережесі /

7 . Балық тағамдарын сақтау мерзімі қандай ? / Балықтардың түріне қарай : 36 , 24 , 48

72 сағ /

ІІ . топ

1 . Тігін машинасында жұмыс жасағанда бұйым мен көздің арасы неше см болу керек ? / 30 - 40 см/

2 . Химиялық талшықтардан жасалған бұйымдарды неше С0 температурада жуады ?

/ 30 - 40 С0 температурада /

3 . Машина тігістерінің түрлері қандай ?

/ сырып тігу , бастыра тігу , жөрмеу , бүгіп тігу /

4 . Синтетикалық талшықтарды ата . / нейлон , капрон ,лавсан /

5 . Стиль дегеніміз не ? / Стиль – сипат , ерекшелік ,сәнді киіну /

6 .Балық тағамдары қолданысына қарай нешеге бөлінеді ? / 4 – ке .қайнату , буға пісіру , қуыру , пісірілген /

7 . Рецепт дегеніміз не ? / тағамды дайындау нұсқасы /

ІІІ . топ .

1 . Ирек тігімдер бұйымның қай жерлерінде кездеседі ? / түймелікті , қиықтарды торлауда және жапсырманы тігуде , тесма тігуде ./

2 . Қазіргі сәнде стильдің неше түрі кездеседі ? / классикалық ,спорттық , фантазиялық , фольклорлық стиль /

3. Ресейдің қай қаласында тігін машинасын жасау бойынша алғашқы зауыттың

негізі қаланды ? / Подольск қаласында /

4 . Сән деген не ? /Сән дегеніміз тартымды және заманға сай киіну /

5 .Дегустация деген не ? / зерттеу ,талдау , сипаттау бағалау және жіктеу /

6 .Кондитерлік тағамдарды ата . / балкүлшелер ,торттар , кекстер , печенье , пряниктер .

7 . Салат қандай тағам түріне жатады ? / салқын /



IV . топ .

1 .Табиғи талшықтарға нелер жатады ? / мақта , жүн ,жібек ,зығыр /

2.Қазақ әйелдерінің , әжейлердің басты тұтас жауып тұратын бас киімі не ?

/ кимешек /

3 . Тон , ішік ,пальто бүлар қандай киім түріне жатады ? / сыртқы /

4 .Фасон дегеніміз не ? / Бір модельдің екіншісінен айырмашылығы /

5 .Дизайн деген не ? / әр нәрсені көркемдеп жобалау /

6 .См таспа не үшін керек ? / адам өлшем бірлігін алу үшін /

7 . Мәзір деген не ? / таңғы , түскі , кешкі асқа арналған тағамдар тізімі /

V . Ғажайып қоржын .

Шарты : еңбек сабағының әрбір бөлімі техникалық қауіпсіздік ережесін талап етеді .

Соның ішінде кейбір құралдарды қолданудағы қауіпсіздік ережесін анықтап ,тоқталып

өту қажет . Сол құралдарды қоржыннан ала отырып ойланбастан жауап бересіңіздер.

IV . « Өнерлінің - өрісі кең»

Шарты : әр топ үйден жасап әкелген заттарын таныстырып , дайындалу жолдарын

айтып береді .

Қорытынды .

Сөз кезегі әділқазыларға беріліп , жеңімпаз топ анықталады .Мақтау қағаздарымен

марапатталады .





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!