Материалдар / Ашық сабақ Өнертапқыштар кімдер?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Өнертапқыштар кімдер?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2021
513
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2020-2021 оқу жылы ҚАУ жанындағы мектеп Қазақ тілі 7-сынып Карипова А.З.


Қазақ-Америка Университеті

HAND-OUT

Сабақтың тақырыбы:

Өнертапқыштар кімдер?

Сыныбы: 7

Күні: 5-6 мамыр

4-тоқсан

150-сабақ

Пән мұғалімі: Карипова А.З.

2020-2021 оқу жылы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жас өнертапқыштар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Өнерге баулу, білімділікке тәрбиелеу.


1-тапсырма. Өнертапқыш деген сөзге фонетикалық талдау жаса.


әріп

дыбыс

дауысты

жіңішке

жуан

дауыссыз


10

10

4

2

2

6



қатаң

ұяң

үнді

буын

ашық

тұйық

бітеу

4 (т, п, қ, ш)

-

2 (н, р)

4

1 (ө)

-

3 (нер, тап, қыш)


Т ЫҢДАЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда.

Ең атақты өнертапқыш кім?

«Ең атақты өнертапқыш кім?» деген сұрақ төтеден қойылса, оған жауап табу қиынның қиыны.

Көптеген сарапшылар ең атақты өнертапқыш ретінде ежелгі грек ғалымы Архимедті атайды. Расымен де, біздің дәуірімізге дейінгі 200-жылдары ғұмыр кешкен бұл ойшылдың адамзат игілігіне қосқан үлесі өлшеусіз. Бүгінгі таңда әлем елдеріндегі барлық мектептер мен өзге де оқу орындарындағы шәкірттер Архимедтің еңбегіне сүйеніп, математика амалдарын үйренеді. Оның бұл саладан бөлек бірнеше пайдалы машиналарды ойлап тапқанын біреу білсе, біреу біле бермейді.

Архимедтен кейінгі орынға көтерілген оқымыстылардың есімдері қалың көпшілікке таныс болмаулары мүмкін. Алайда олар ашқан жаңалықтың арқасында біздің өміріміз үлкен өзгеріске ұшырап, тұрмысымыз жеңілдей түсті. Сондай ғалымдардың бірі - Никола Тесла. 1856 жылы Австрия империясының аумағында дүниеге келген серб ғалымы физика ғылымының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосты. Никола Тесла коммерциялық электроэнергияның атасы саналады. Өмірінің біраз бөлігін Францияда, кейіннен АҚШ-та өткізген ол электротехника мен радиотехника, магнетизм саласында табысты еңбек етті. Сондай-ақ магниттік ағынның тығыздығын өлшейтін бірлік те Никола Тесланың есімімен байланыстырылады. Замандастары оны «ХХ ғасырды ойлап тапқан адам» деп құрметтеген екен. Бір сөзбен айтқанда, Тесла қазіргі заманғы электротехникаға сара жол салды, оның жаңалықтары инновациялық маңызға ие болды. Бар ғұмырын ғылымға сарп еткен Тесла 111 патенттің иесі болып табылады.

Никола Теслаға қарағанда америкалық өнертапқыш Томас Эдисонның атақ-даңқы көпке мәлім. 1847-1931 жылдар аралығында өмір сүрген ғалым мыңнан астам патенттің иегері екен. Бірінші кезекте ол телеграф, телефон, киноаппаратураны жетілдірді. Томас Эдисон телефон тұтқасын көтерген сәтте айтылатын алғашқы сөз ретінде - «аллоны» ұсынды. Кейінірек жұрттың бәрі телефонмен тілдесуді осы сөзбен бастайтын болды. Тәулігіне 16-19 сағатқа дейін тапжылмай жұмыс істейтін маман жаңалықтарының денін коммерциялық табыс көзі ретінде ашқанын мойындапты. Оған таңғалуға да болмайды, өйткені Эдисон өнертапқыштан бұрын қарапайым кәсіпкер болатын.

Телефонның атасы саналатын Александр Грэм Белл де тізімнің алдыңғы қатарынан орын алады. 1847 жылы Шотландияда дүниеге келіп, өмірінің басым бөлігін Канадада өткізген ол телекоммуникация саласына үлкен жаңалық әкелді. Грэм Белл те­лефонды құлағы нашар еститін адамдармен жұмыс істеу барысында ойлап тапқан екен. Кейінірек ол құлағының мүкісі барларға арнап аудиометрді өмірге әкелді.

1846 жылы өмірге келген америкалық инженер әрі кәсіпкер Джордж Вестингауз 361 патенттің иесі екен. Оның ең айтулы жаңалықтары теміржолдың жылжымалы құрамдарының тежегіш жүйесіне көп пайдасын тигізді. 1869 жылы Вестингауз будың көмегімен іске қосылатын тежегішті құрастырып шығарды. Іле-шала ол ең алғашқы ауа қысымымен жұмыс істейтін теміржол тежегішін ойлап тапты. Ал 1872 жылы Вестингауз тежегішті автоматты түрде басқарудың әдісін қолданысқа енгізді және сол жылы тежегіштерді өндіретін компания ашты. Ол сонымен қатар трамвайда қолданылатын электроқозғалтқыш түрін, тез әрі қауіпсіз тоқтауға мүмкіндік беретін метропойыздың электроприводтық тежегішін, автокөліктің амортизаторын ойлап тапты. Вестингауз табиғи газды алыс қашықтыққа қауіпсіз тасымалдаудың жаңа әдісін өмірге әкелді, электрикалық трансформаторды жетілдірді. 1910 жылы ол Америкалық инженер-механиктер қоғамының президенті болып тағайындалды.

Келесі кезекте аты аталатын ғалым Джером Хал Лемелсон. 605 патентті иеленген бұл оқымысты автоматты қоймалардың, өндірістік роботтардың, сымсыз телефонның, факсимильді аппараттың, бейнекамераның және магнитті ленталы кассетаның пай­да болуына үлесін қосқан адам. Джером Хал Лемелсон медицина саласында да табысты еңбек етіп, қатерлі ісікті анықтау мен оны емдеудің жолын тапқан.

Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи тек бейнелеу өнері емес, ғылым саласында да жемісті еңбек етіпті. Бірақ ерте заманда мүмкіндік шектеулі болғандықтан, ол көптеген идеяларын іс жүзінде жүзеге асыра алмаған екен. Дегенмен атақты суретші планер, танк, сүңгуір қайықтардың көп ұзамай пайда болатынын дәл болжапты. Есесіне Леонардо да Винчи ка­тапультаны, роботты, прожектор мен парашютті ойлап тапқан екен.


3-тапсырма. PowerPointпен жұмыс


4-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікіріңді дәлелде.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша......».

Екінші сөйлем: «Себебі мен оны........ деп түсінемін».

Үшінші сөйлем: «Оны мен ....... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын».

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен...... деген шешімге келдім».







О ҚЫЛЫМ

5 -тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқы. 2018 жылдың қараша айында Ақтау қаласының тұрғыны - 16 жасар Назира Қыдырбаева мүгедек жандарға арналған қол протезін ойлап тауып, ғылыми тұрғыдан тұжырым жасаған. Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, Назира Қыдырбаева сол кезде Ақтаудағы аталмыш оқу ордасының 11-сыныбында оқыған. Алғыр оқушы жасанды қол техникасы туралы жобасын 2017 жылы зерттеп бастаған. Оның айтуынша, өзін шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, мүгедек жандардың тағдыры көп толғантады. Сондықтан ойлана келе, қарапайым және кез-келген жанға қолжетімді қол протезін жасап шығаруды мақсат еткен. «Мен жасап шығарған протез оңай қызмет етеді. Адамның сау қолының бұлшықеттері жиырылғанда, датчиктен микро бақылаушыға сигнал барады. Микроконтроллер келген белгіні өңдеп, моторға бағыттайды. Келген сигналға сәйкесінше, сервомотор саусақтарды жұдырыққа жұмады немесе ашады»,-дейді Назира Қыдырбаева. «Әдетте дені сау адамдарға қарапайым нәрселерді жасау мүмкін болмаған кезде мүгедектерге өмір сүру, тіпті оңай емес екенін ойлайсың. Мысалы, қолы жоқ адамға заттарды ұстауға мүмкіндік болса, қандай жақсы! Мен жасанды қолмен заттарды алуға көмектесетін құрылғы жасауға тырыстым. Бұл - менің алғашқы тәжірибем. Егер табысты болып жатса, осындай құрылғылар арқылы мүгедектерге көмек көрсетуді жалғастырғым келеді. Бұл құралдар өте қарапайым және арзан болуы керек. Өнертабыс мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға арналған. Мұны қандай да бір жағдайда қолынан айырылып қалған адамдар қолдана алады»,- дейді өнертапқыш.


6-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Назира Қыдырбаева кім?

  2. Ол не ойлап тапқан?

  3. Ол кімдердің тағдырына көп толғанған?

  4. Оның бұл жұмысын қалай бағалайсың?



7-тапсырма. Мәтіннен ілік, барыс, табыс, жатыс септіктерінде тұрған сөздерді тауып жаз.



8-тапсырма. Өнертапқыш сөзін септе.







Глоссарий

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

сарапшы

эксперт

expert

өлшеусіз

неизмеримый

immeasurable

қарқынды даму

интенсивно развиваться

develop intensively

магниттік ағын

магнитный поток

magnetic flux

тығыздық

плотность

density

құлағының мүкісі бар

глуховатый

deaf

тежегіш жүйесі

тормозная система

brake system

қатерлі ісік

злокачественная опухоль

malignant tumor

мүмкіндігі шектеулі адамдар

люди с ограниченными возможностями

people with disabilities

мүгедек жан

инвалид

disabled

қолжетімді

доступный

available

бұлшықеттері жиырылды

мышцы сократились

my muscles contracted


ОБӨЖ


СӨЖ және СОЖӨЖ тапсырмалары:

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары (СРС):

4-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікіріңді дәлелде.



БӨЖ


Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы (СРСП):

1. Сөздік жаттау.


Пайдаланылған әдебиет тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Оқулық + СD, 1-бөлім , 7-сыныпқа арналған оқулық /Ф. Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р. Рахметова, А. Рауандина, Б. Мукеева/ , - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2017 жыл.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Лексикалық минимум, /Ф. Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р. Рахметова, А. Рауандина, Б. Мукеева/ , - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2017 жыл.

Қосымша:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Мұғалім кітабы, /Ф. Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р. Рахметова, А. Рауандина, Б. Мукеева/ , - Алматы: «Көкжиек-Горизонт» баспасы, 2017 жыл.

  2. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары,/Оразбаева Ф., Жанабілова/ Алматы, 2004 жыл.

  3. Ғаламтор материалдары







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!