Ашық сабақ Оңтүстік Батыс Азия елдері 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Оңтүстік Батыс Азия елдері 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл география пәні мұғалімдеріне арналған.Мұғалімдермен тәжірибемді бөлісу үшін жіберіп отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Азия. §26. Оңтүстік-Батыс Азия елдері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Азияның жек аймақтары мен елдерінің өзіндік ерекшеліктер

туралы оқушылардың білімін қалыптастыру және оның

табиғатындағы ерекшеліктердің себептерін көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту. Ақпараттардың алуан түрлі

көздерін яғни компьютер арқылы видеолар, карталармен

географиялық суреттер және басқада материалдарды іс

жүзінде пайдалана білу іскерлігін шыңдау.

Тәрбиелілік: Оқушыларға ежелгі қалалар туралы баяндау, толық мағлұмат

беру, осы елдер туралы түсінігін кеңейтіп, қызығушылығын

арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, физикалық картасы, Евразияның

табиғат зонасының картасы интернеттен алынған карталар,

түрлі суреттер, (слайд шоу) «Әлемнің жеті кереметін»

компьютер арқылы көрсету.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, ойын, картамен жұмыс.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

А.Сынып оқушыларының сабаққа қатысымын тексеру.

Б.Оқушылардың дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар ІІ топқа бөлінеді. Олардың атаулары:

І топ-Еуропа

ІІ топ-Азия

Үй тапсырмасы кезеңдерге бөлу арқылы сұралады.

І-кезең «Еуропа елдері» ратация әдісі арқылы 2 топты жарыстыру.

ІІ-кезең «Кім жылдам?» (сұрақ-жауап).

ІІІ-кезең «Сәйкестік тест» елдер мен астаналарын жазу.

ІV-кезең «Алтын қақпа» (Комьютер арқылы мұғалімдер сұрақ қояды)


І-кезең «Еуропа елдері» ратация әдісі арқылы 2 топ жарысады. Оқушылар Еуропа елдерін жазады. Содан кейін тарпсырмаларымен алмасады да, картадан көрсетеді.

1.Солтүстік және Батыс Еуропа елдері.

(Норвегия, Швеция,Финляндия, Исландия, Дания),

(Улыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Австрия)

2. Оңтүстік және Шығыс Еуропа елдері.

(Португалия, Испания, Италия, Греция)

(Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Босния, Герцогевина, Македония, Албания, Латвия, Литва, Эстония, Белорусь, Молдова, Ресей)


ІІ-кезең «Кім жылдам?» (сұрақ-жауап).

1.Аяз атаның мекені (Лапландия).

2.Швециядан шығатын машина (Вольво, Скания).

3.Бұл аралда 26 сөнбеген вулкан бар соның ең қуаттысы (Гекла).

4.Франциядағы ең биік мұнара (Эйфель мұнарасы).

5.Батыс Еуропаның қай мемлекетінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысымен алтындары сақтаулы? (Швейцария банкі)

6.Германиядан шығатын машина (Мерседес).

7.Швейцарияда жасалатын бұл зат өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Бұл не?

8.Шығыс Еуропада ауыр өнеркәсібі жақсы дамыған мемлекеттер (Ресей,Украина).

9.Польша мен Чехия қандай пайдалы қазбаларға бай? (Көмір).

10.Карпат тауындағы биік таулы шалғындар қалай аталады? (Полонина).


ІІІ-кезең «Сәйкестік тест» елдер мен астаналарын жазу.

І-топқа

1.Ұлыбритания Дания

2.Испания Лондон

3.Польша Берлин

4.Ирландия Варшава

5.Германия Мадрид

ІІ-топқа

1.Франция Прага

2.Чехия Рим

3.Италия Париж

4.Греция Амстердам

5.Нидерланд Афина


ІV-кезең «Алтын қақпа» (Комьютер арқылы мұғалімдер сұрақ қояды)

1.«Тас қақпа»

Скандинавия түбегін Финляндиямен қосқанда қалай атайды? (Фенноскандия).

2.«Күміс қақпа»

Мұз бен от еліін ата. (Исландия).

3.«Алтын қақпа»

Ирландия мен Ұлыбританияны материктік мемлекеттерден бөліп тұрған бұғаз (Ла-Манш).


ІІІ. Жаңа сабақты баяндау

Азия §26 Оңтүстік-Батыс Азия елдері


Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып саналатын Азия дүниенің төрт бұрышымен шектесіп жатыр. Оның ауданы 44 млн.км 2, халқының саны 3,5млрд-тан асады.

DrawObject1 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject5 DrawObject6 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 Табиға ты мен шаруашылығының сипатына қарай Азия бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді:






















Оңтүстік-Батыс Азия-Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік-Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбекктері мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамына: Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд, арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп те атайды.

Оңтүстік-Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипатталады. Жер бедеріне кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар басым. Таулардың ең биігі-Гиндукуш таулары, оның шыңдарының биіктігі Гималай тауынан Гималай тауынан шамалы ғана аласа болып келеді. Таулы қыраттардың ішіндегі ең биігі-Армян таулы қыраты, Жер қыртысындағы күшті жарылулар әсерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әрекет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі-Үлкен Арарат (5165м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан.

Африка-Арабия платформасының бөлігі болып табылатын Арабия түбегінің Қызыл теңіз жағалауын таулар алып жатыр. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жарық өтеді. Осы жарықтың боында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі-Өлі теңіз (-403м) орналасқан.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты маыйсқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпатыттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері аығп өтеді.


DrawObject13 DrawObject12

DrawObject14

DrawObject16 DrawObject15

DrawObject18 DrawObject17

DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19



DrawObject25 DrawObject24 DrawObject23




DrawObject26

DrawObject27





Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты аймақ бірнеше климаттық белеуді алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауында субтропиктік жерортатеңіздік, Кавказға ылғалды және құрғақ субтропиктік, ал Кіші Азия түбегінің ішкі аудандары мен Иран таулы қыратына құрғақ субтропиктік климат тән болады. Месопотамияның оңтүстігі мен Арабия түбегі тропиктік шөл климаты ықпалында. Климаттың континенттілігі шығысқа және оңтүстікке қарайартады: атақты Руб-әл-Хали шөлінде 36-4 жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумайтын кездер болады. Қара теңіз бен жерорта теңізі жағалауларында Қара теңіз бен жерорта теңізі жағалауларында ғана жауын-шашын мол түседі.

Оңтүстік-Батыс Азия- қазіргі әлемдік Ислам, Христиан, Иудаизм діндерінің бесігі.

Оңтүстік-Батыс Азиядағы елдер мен қалалардың көне тарихы мен жаңа келбеті, теңіз жағлауларындағы емдеу және демалыс орындары дүниенің түкпір-түкпірінен жылына миллиондаған туристерді өзіне тартады.

Аймақтың кейбір бөліктерінде саяси жағдай өте шиелініскен. Израиль мен Палестина арасындағы, Кавказ елдеріндегі, Ауғаныстандағы, түріктер мен курдтер арасындағы шешімін таппаған даулы мәселелер қақтығыстарға әкеліп соқтыруда.


Жаңа сабақты бекіту.

І.“Оңтүстік-Батыс Азия елдері”

Екі топқа мынадай тапсырмалар беріледі. Мұғалім Оңтүстік-Батыс Азия елдерін айтқанда оқушылар қолын шапалақтайды. Ал басқа елдерді айтақнда қолын көтереді.

Шапалақтау: Израиль, Ирак, Ауғаныстан, Сирия, Түркия, Сауд Арабиясы, Йемен, Иран.

Көтеру: Франция, Германия, Италия, Қытай, Монолия, Қазақстан, Өзбекстан, Греция.


ІІ.Географиялық диктант.

І-топқа

1.Оңтүстік-Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипатталады.

2.Таулардың ең биігі-Гиндукуш таулары.

3.Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі-Өлі теңіз.

ІІ-топқа

1.Оңтүстік-Батыс Азия таскөмір, мен түсті металдарға бай.

2.Руб-әл-Хали шөлінде 3-4 жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумайтын кездер болады.

3. Оңтүстік-Батыс Азия-қазіргі әлемдік діндері ислам, христин, иудаизм.


Бағалау.

Үйге тапсырма: §26. Оңтүстік-Батыс Азия елдері. Кескін картаға елдерді түсіру,

анықтамаларды жазу, сұрақтарға жауап беру.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.03.2018
1777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі