Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Оралхан Бөкей 6 сынып "Тортай мінер ақбоз ат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге таптырмас көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Мұнайлы ауданы «№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қалиева Қарлығаш

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі

Оқу мақсаттары:

Т/Ж 6.1.3.1-әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау; Б/С 6.3.3.1-шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; А/И 6231-шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашып, кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады. Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бақуатты, мүкіс, абыз, бейілімен, қақас. Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Құлағының құрышын қандыру, Қой аузынан шөп алмас, Ит басына іркіт төгілді. Талқылауға арналған сұрақтар: - «Бұл дүниеде мен пір тұтар,сырласар жалғыз - ақ нәрсем бар»,- дейді Тортай. Бұл не нәрсе деп ойлайсыздар? Бұлай айтуының себебі не? - Әңгіме қай кезеңді суреттейді? - Әңгіменің «Тортай мінер ақбоз ат» аталуының себебі не?

Алдыңғы оқу:

О.Бөкей «Арман болған ақбоз ат»

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Түсіну, бағалау, салыстыру

Бағалау критерийлері:

  • Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашып, шығармадағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды;

  • Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады

  • Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтайды.

Құндылықтар

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут

Ширату жаттығуы. «А, В, С» әдісі арқылы О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің мазмұнын талқылайды және топқа бөлінеді. А - Сұрақ қояды. В - Жауап береді. С - Айтқан жауаптарды бақылайды, толықтырады.



Әдістер қоймасы 1-бет

Ортасы

1-тапсырма 1-топ: «Крест-нөл» ойынының элементі бойынша «портрет жасайды». Жеке қасиеттеріне назар аудара отырып, кітаптағы қызықты кейіпкерлердің толық әрі пайдалы бейнесін жазып көрсетеді. Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. 2-топ «Бір ауыз сөз» әдісі бойынша шығармадағы кейіпкерлер арқылы отбасылық құндылықты түсіндіреді. 3-топ «РАФТ» әдісі бойынша шығармадағы кейіпкерлер қарым- қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. Дескриптор: - Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай алады. - Шығармадағы кейіпкерлер арқылы отбасылық құндылықты түсіндіре алады. - Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза алады. Қалыптастырушы бағалау: Ауызша (сен жетістіктерге жетудесің, нақтылық жетпейді, сен мұны бұдан да жақсы жасай аласың, т.б.) Жазбаша (нәтижесі жақсы, жүйелі жазғансың, т.б.) 2-тапсырма. «Сипаттамалы жазба» әдісі арқылы шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау. 1-топ мәтіннен метафора, кейіптеу, метонимияны табу. 2-топ мәтіннен гипербола, литота, аллегорияны табу. 3-топ мәтіннен антитеза, градация, арнауды табу. Дескриптор: Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтай алады. - Қалыптастырушы бағалау: Жазбаша (метафораны дұрыс тапқансың, бұл жақсы жауап, литотаның ережесін жақсы түсінгенсің).



Үлестірме материал 9-күн, 2-сабақ, 131-бет



Әдістер қоймасы 55-бет

































Үлестірме материал 9-күн, 3-сабақ 145-бет


Соңы

5 минут

Рефлекция «Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс - сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс - жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс - бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті. Үй тапсырмасы. Жанры мен мазмұнына орай О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат»әңгімесіне композициялық жоспар құру.

Әдістер қоймасы 9-бет





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
2154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12