Пәні: Көркем
еңбек
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы:
Өру өнері. Өру түрлері.
Материалдар және
құрал-жабдықтармен танысу.
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары :
1.Заманауи және дәстүрлі емес
материалдардың бірқатарын тану,
олардың
қасиеттері мен тағайындалуын
анықтау.
2.Шығармашылық идеяларды іске
асыру үшін нобайлар орындау
3.Шығармашылық жұмысты орындау
кезеңдерін анықтай отырып, жоспар
дайындау.
Көрнекіліктер:Иллюстрациялық
материалдары: түрлі түсті таспалар және моншақтар, т.б. орындалған
бұйымдар,
Сабақ
мақсаттары
Өру өнеріне шолу
жасау;
түрлі өру тәсілдері мен
қолданылатын материалдармен танысу;
нобай
орындау;
өз жұмысын
жоспарлау;
өру түрлерін
орындау;
Жетістік
критерийлері
өру өнері туралы білімін
көрсетеді;
өрудің бірнеше тәсілдерін
меңгерген;
түрлі өру өнеріне байланысты
материалдар мен құрал-жабдықтарды біледі және ажырата
алады;
шығармашылық жұмысты ұқыпты
орындайды;
өз идеяларын бірнеше ізденіс
нобай ретінде келтіре алады;
өз іс-әрекетін жоспарлай
алады.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
1.Оқушылармен
сәлемдесу.
2. Топтарға
бөлу
Назарын аудару үшін оқушыларға
түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды
топтарға бөлінеді.
ІІ.Үй тапсырмасы бойынша
оқушыларға сұрақтар қойылады.
1.Сәндік-қолданбалы өнер
дегеніміз не?
2.«Декор» сөзі қандай мағына
білдіреді?
3.Ою-өрнек дегеніміз
не?
4.Симметрия
дегеніміз?
5.Ырғақ деген
не?
6.Элемент
дегеніміз?
7. Кестелеу дегеніміз
не?
1.Сәндік-қолданбалы өнер-
тұрмысқа арналған көркем бұйымдарды
жасауда
шығармашылықтың бірқатар
салаларын қамтитын өнердің бір
бөлімі.
2.«Декор» сөзі «безендіру,
әсем түр беру» деген мағынаны
білдіреді.
3.Ою-өрнек – жүйелі түрде
қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке
құрылған
нақыштар.
4.Симметрия- ою-өрнектің екі
жағының тең болуы.
5.Ырғақ- өрнек элементтерінің
белгілі бір реттілікпен кезектесуі.
6.Элемент- ою-өрнекті құраушы
бөлік.
7.Кестелеу- бұйымдарды
жіптердің көмегімен әртүрлі тігістермен
безендіру.
ІІІ. Жаңа сабақты
түсіндіру
Өру- иірімді материал жолақтарын
(жіп, өсімдік сабағы, газет түтікшелері, сымды және таспадан т.б)
қолмен біріктіру тәсілі. Біріктіру барысында жолақтың әрқайсысы тік
немесе қиғаш бұрыш тұрғысынан кезекпен бірінің үстінен, бір бірінің
астынан өткізу әдісі.
Макраме (француз
тілі. Macramé- өрнектеп тоқу) — белгілі
ретпен орналасқан әр түрлі түйіндердің көмегімен тоқу. Түйіп тоқу
арқылы әр алуан өрнек шығаруға болады. Тоқу үшін әр түрлі
жуандықтағы жіптер, баулар,таспалар
пайдаланылады.
Оқушылар дәптерлеріне сөздік
жазып алу.
Өру – плетенеие
– Embroidery
Өрнектеп өру- Макраме –
Macrame
Түйін түрлері – Виды узелков -
Types of knots
Өріп үйрену үшін, ең алдымен,
шартты белгілерін білу және өру сызбаларын оқи алу
қажет.
ІҮ.Сарамандық
бөлім
Қарапайым өру үлгілерін жасау.
Өру және сұлбаны оқу бойынша
бірнеше
жаттығулар
орындау.
Өрілген бұйым жасауға қажетті
негізгі материалдар мен құрал-жабдықтарды
дайындау.
Оқушылар өру түріне байланысты
материал таңдайды, мысалы өруге арналған ленталар, моншақтар
т.б.
Дәстүрлі емес материалдарды да
қолдануға болатынын түсіндіру. Оқушылар әсерлерімен, сезімдерімен
бөлісіп,өруге арналған әртүрлі материалдар түрімен жұмыс жасау
бойынша өз ойларын айтады.
Бұйымды өруге арналған сұлба
мен нобай жасайды. Оқушы жұмыс барысында материалын, түсін, өру
техникасын өздігімен таңдайды. Өру техникасында орындалатын
бұйымның нобайы мен сұлбасына байланысты материалды,
құрал-жабдықтарын дайындайды.
Оқушы материалды және өру
сұлбасын орындағаннан кейін, бұйымды орындау кезеңдерін
жоспарлайды.
Сұлбалармен жұмыс жасау
барысында оқушылар түрлі түстермен өру түйіндер мен кейбір
орындарын белгілей отырып, қажетті өрілім түрлеріне назарын аударып
отырады.
Ү. Қорытынды
бөлім
Балалар, осы жасалған жұмыс
бойынша, сендердің көңіл күйлерін қандай
сол
күнге шұғыла
салыңдар
Мұғалім әр оқушыға карточка
таратып, қасындағы көршісінің жұмысына бағасын
береді.
Оқушылар көрші отырған
оқушының жұмысын бағалап, тілек ұсыныстарын
айтады. 1.Үйге тапсырма
беру
Мұғалім оқушыларға бисермен
өруге қажетті құрал-жабдықтар әкелуге тапсырма
береді.
Оқушылар үй тапсырмасын
күнделіктеріне жазады.
2.
Бағалау.
Жұмыс соңында өз туындыларын
сыныпқа ұсынып, бірге талқылайды, өзінің және сыныптастарының
жұмыстарына бағалау жүргізеді және мүғалім дұрыс орындалғанын
тексереді.
.