Ашық сабақ. Өсімдік тұқымы қалай таралады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Өсімдік тұқымы қалай таралады?

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы білі беретін мектептің 4 сынып мұғалімдеріне жаратылыстану пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып: 4-сынып

Сабақ тақырыбы

Өсімдік тұқымы қалай таралады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.4 Тұқым таралу жолдарын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өсімдіктің мүшелерін, олардың атқаратын қызметін біледі. Жергілікті өсімдіктерді атайды, өсімдік түрлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Өсімдіктің фотосинтез үпроцесінде оттек бөлінетін біледі.

Көптеген оқушылар: Өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттап, тіршілік ортасына қарай өсімдіктерді салыстыра алады, қоршаған орта жағдайына өсімдіктің бейімделуін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: Адамның өсімдіктің саналуандығына әсерін, Қызыл кітаптың өсімдіктерді қорғаудағы рөлін түсінеді.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар өсімдіктің тіршілік циклін зерттейді, тұқым қалай таралатынын түсінеді, тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттайды.

  • Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің айырмашылықтарын түсінеді. Өсімдіктерді қорғау жолын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар

-өсімдіктің тіршілік циклін сипаттайды;

-өсімдіктердің таралу жолдарын атайды, сипаттайды;

-өсімдіктерді қорғау туралы өз ұсынысын түсіндіріп, әңгімелейді.

Пәндік лексика және терминология

Тұқым, өскін, ересек өсімдік, солу;

Көшет, ересек өсімдік.

Таралу, жануарлар, адам, жел, су арқылы, өздігінен таралу.

Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы

Талқылау сұрақтары:

Талқылау сұрақтары:

Өсімдік қалай пайда болады? Әрі қарай ол қалай өсе бастайды?

Өскін мен ересек өсімдікті салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.

Өсімдіктерді қалай қорғауға болады?

Жануарлар өсімдіктің таралуына қалай көмектеседі?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Өсімдіктің мүшелерін, олардың атқаратын қызметін біледі. Жергілікті өсімдіктерді атайды, өсімдік түрлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Өсімдіктің фотосинтез үпроцесінде оттек бөлінетін біледі. Өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттап, тіршілік ортасына қарай өсімдіктерді салыстыра алады, қоршаған орта жағдайына өсімдіктің бейімделуін түсіндіре алады. Адамның өсімдіктің саналуандығына әсерін, Қызыл кітаптың өсімдіктерді қорғаудағы рөлін түсінеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.

Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады

әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды

Ж ұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Қызығушылықты ояту

«Өзіңе тілегенді басқаларға тілеңіз!» ойсергегі арқылы бастауға

болады.

Сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтижені оқушылар болжайды.











Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.



Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры

Сабақтың ортасы

Бақшада

Суретке қара. Қандай өсімдіктерді көріп тұрсың? Сәбіз егілген жүйекте аскөк қалай өсіп шықты? Оны кім екті? Арнайы отырғызылмаса да, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктерді кездестірдің бе? Бақша, бақ, егістікке өсімдіктерді кім отырғызады? Ал далада, орман мен тауда өсімдіктер қалай пайда болады?

Дескрипторы:

тұқымның қалай таралатынын біледі;

тұқымның сыртқы ерекшелігіне байланысты таралу жолын анықтап үйренеді.

Тұқымның таралуы

Тұқымдар пішіні, массасы мен мөлшері жағынан неліктен әртүрлі болады? Бақбақтың тұқымы қандай? Оның таралуына не көмектеседі? Тағы қандай тұқымдар жел арқылы таралады? Су арқылы таралу үшін тұқым қандай болуы керек деп ойлайсың? Тікенекті немесе жабысқақ тұқымдар қалай таралуы мүмкін?

Ойлан

Бағбан тұқымның таралу жолдары туралы білімін

өз жұмысында қалай қолдана алады?



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.











Белсенді оқу тапсырмала

ры.






Сабақтың соңы

Тұқымдардың пішіні мен массасының алуан түрлі болуына қарай олардың таралу жолдары да әртүрлі. Қанатшасы, жеңіл өсінділері бар ұсақ, құрғақ тұқымдар жел арқылы таралады. Мысалы, бақбақ, тал, үйеңкі тұқымдары жүздеген шақырымға желмен ұшып бара алады. Кейбір дала өсімдіктері жемісі пісіп жетілгенше

қурап қалады. Жел оларды түбірімен жұлып алып, бір жерден екінші жерге домалатады. Мысалы, қаңбақ желмен ұшып жүріп, тұқымын осылай шашады. Көптеген өсімдік тұқымдары су арқылы таралады. Олардың сырты су сіңірмейтін түктермен, қатты қабықпен қапталады, іші ауаға толы қуыс болады.

Сондықтан олар суға батпайды әрі шірімейді, өзі өскен ортадан алысқа ағып кетеді. Оларға кокос пальмасы мен қандыағаш тұқымдары мысал бола алады. Ошаған, түйежапырақ, бетеге сияқты өсімдік тұқымдарының ілмегі, жабысқақ түгі немесе тікені болады. Олар жануардың терісіне, жүніне, тіпті адамның киіміне жабысып таралады. Кейбір тұқымдар өздігінен тарала алуымен ерекшеленеді. Мысалы, атпақияр, асбұршақ, үрмебұршақ әбден жетілгенде қапшығы қақырап, тұқымы жерге шашылады. Тұқымның таралуы арқылы өсімдіктер әртүрлі ортада өсіп, тіршілігін жалғастырады.

Сен білесің бе?

Зерттеу нәтижесінде ғалымдар алып энтада

тұқымы Оңтүстік Америкадан Еуропаның солтүстігіне дейін мұхит арқылы 12 000 км жүзіп барып, өсіп-өнгенін дәлелдеді.



Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім гүлі» кері байланыс.


































Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім

























Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмала

ры арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2019
14283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі