Материалдар / Ашық сабақ "Өсімдіктердің көптүрлілігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Өсімдіктердің көптүрлілігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін толықтыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2020
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өсімдіктердің көптүрлілігі»

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өсімдік туралы білімдерін дамыту, өсімдік топтарын ағаш, бұта, шөп толықтыру. Алуан түрлі өсімдіктерді білу. Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.

Сабақтың жүрісі:
І. Мұғалімнің іс – әрекеті:
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн – табиғат
Жайқалып өссін – өсімдік
Жайнай берсін – орманымыз
Биік болсын – тауларымыз
Сәтті болсын – сабағымыз.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, отырғызу.
Ағаштар, бұталар, шөптекті.

Үй тапсырмасын сұрау. Топ бойынша тапсырма беру.

1 – топ Ағаштар:
1. Топырақ құнарлы болу үшін не істейді?
Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді.
Күн көзінің жылуы мен ауадағы көмір – қышқыл газын сіңіріп өсіп жетіледі.
Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттармен құстар, түрлі жәндіктер қоректенеді немесе олар шіріндіге айналады.
Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан құнарлы топыраққа айналады.

2 – топ Бұталар:
2. Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?
Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі де түрліше болады.
Қарашірік көп болса, топырақтың түсі қоңыр болады.
Оңтүстікте топырақтың түсі бозғыл болады. Себебі селдер өсімдіктен қарашірік те аз қалады.
Қар сияқты болып тұратын жер ол – сор. Ол жер тұзды жер. Сор топырақта өсімдік өте сирек өседі.
3 – топ Шөптекті:
3. Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян, қайсысына пайда келтіруде? (Суретпен әңгіме)

4. Тесттік тапсырмалар.
Сыни тұрғыдан ойлау.

Жаңа сабақ.
Сонымен балалар Топырақ құнарлы болса табиғатымыз қандай болады?

Міне балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Өсімдіктердің көптүрлілігі.
Дәптерге күннің жады, тақырып жазу.
Оқулықпен жұмыс (түсіндіру)
Гербари көрсету
Ағаштар: Емен, Қарағай, Қайың, Тал, Шырша.
Бұталар: Тобылғы, Итмұрын, Жыңғыл, Қарағай, Қырыққұлақ.
Шөптер: Жусан, Селеу, Бидайық, Жоңышқа, Шоңайна, Бақбақ, Бетеге.

Әлемдегі ең үлкен өсімдік – бұл алып секвойя, оның биіктігі 84 метрге дейін және діңгегінің диаметрі 11 метр.
Әлемдегі ең кішігірім гүлденетін өсімдік – бұл балықот, оның басқа атауы – батырылған вебстерия. Өсімдіктің өлшемі 1мм. Оларды үлкейту шынысы арқылы көруге болады

Сергіту сәті
1 – топ: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігін ата?
1. Ылғал сүйгіш өсімдіктер: бақбақ, қоңырбас, жоңышқа.
2. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер: жантақ, сүттіген.
3. Жылу сүйгіш өсімдіктер: мақта, асқабақ, күріш, жүгері.
4. Суыққа төзімді өсімдіктер: бидай, арпа, сұлы.
5. Жарық сүйгіш өсімдіктер: мақта, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас.

2 – топ: Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы қандай? Пікіріңді дәлелде.
1. Әр түрлі тағамдар, қорек: жеміс – жидектер, көкөністер. Бізге дәрумендер жеткізеді.
2. Дәрі – дәрмек: шөптен дәрілер. Шөптен жасалған дәрі – дәрмектер адамдарды емдейді.
3. Құрылыс материалын аламыз немесе үй жиһаздарын пайдаланамыз: есік, терезе, сандық, сөрелер жасалады.
4. Әдемілікке гүлдер өсіреміз. Өсірген гүліміз бөлме ауасын тазартады.
5. Мал азығы болады. Отын, жылу береді.

3 – топ: Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?
1. Су буландырып, ауаны ылғалдандырады.
2. Ыстықты қайтарады, суықты бәсеңдетеді.
3. Жел жылдамдығын азайтып, желден қорғайды.
4. Қарды тоқтатады.

Өздеріңе таныс өсімдіктердің суретін сал
Ойын: Қар лақтыру.
1. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, тұқым, сабақ, гүл, жеміс, жапырақ)
2. Біздің жерімізде қандай өсімдіктер өседі? (Қара тал, жоңышқа, жусан, жыңғыл, адыраспан, бәйшешек)
3. Ағаштар бүршікті қай мезгілде жарады немесе гүлдейді? (Көктем)
4. Біздің елімізде өсімдіктердің неше түрі бар? (6000 астам түрі бар)

Логикалық ойындар
Топтар бір – бірін бағалайды. Бір – бірімен ойласа отырып топбасшысы жетондармен бағалайды. Қай топтың жұмысы ұнады, пікір айту.
Рефлексия
Бүгінгі сабақ бойынша ойларын стикерге жазады.
— Сабақ ұнады ма?
— Қандай тапсырма орындаған ұнады?
— Қандай тапсырманы орындауға қиындық келтірді? (пікірлерін жазу)
Үйге тапсырма: Оқулықтағы өсімдіктердің суретін салу. Өсімдіктер туралы мақал – мәтелдер жазып келу. Мазмұндау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!