×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ

Ашық сабақ Өсімдіктердің негізгі бөліктері 1 сынып

Автор:Абдрахманова Әйгерім Ерсінқызы
Бағыты: Бастауыш сынып
Бөлімі: Ашық сабақ
Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-10-09

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Бастауыш сынып мұғалімдеріне, Жаратылыстану пәнінен

Авторы : Абдрахманова Әйгерім Ерсінқызы
ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Георгиевка орта мектебі КММ
Пәні: Жаратылыстану
Ортақ тақырып:Өсімдіктердің негізгі бөліктері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Жанды табиғат
Күні:
Сынып:1
Мектеп: Георгиевка орта мектебі КММ
Мұғалімнің аты-жөні:Ә.Е Абдрахманова
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:
Өсімдік бөліктері

Оқу мақсаты
1.2.1.2өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Өсімдіктің әр бөлігінің атқаратын қызметін ажыратады.
Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады, маңыздылығын анықтайды.
Кейбір оқушылар: Зерттеу жұмысын жүргізіп,алмадағы өзгерістерді байқайды, өзінің болжамды ойын айтады.

Бағалау критерийлері

Өсімдіктің негізгі бөліктерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс.
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі.Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- Тамыр дегеніміз не?
- Тамыр шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
- Сабақ дегеніміз не?
- Жапырақ өсімдіктің қай жерінде орналасады?
- Гүл өсімдіктің қандай бөлігі?
- Жеміс ненің орнына пайда болады?
- Тұқым қандай қызмет атқарады?

Құндылықтарды дарыту
Мәңгілік Ел жалпыұлттықидеясының құндылықтарына жататын тұлғаның еңбек дағдыларының қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Пән аралық байланыс
Көркем еңбек – коллаж жасау.

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім
Өсімдіктердің түрлерін біледі. Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер туралы және күтімді қажет етпейтін өсімдіктер туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар


Сабақтың басы
2 минут











2 минут








Сабақтың ортасы
6минут













































4 минут

























3 минут






5 минут


































Сәлемдесу:
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық көңіл-күй ахуалын орнату. Оқушылар өлеңді қайталап тұрып, қимылмен көрсетеді.
Арайлаптаңатты,Алтын сәулетаратты.Жарқырадыкүніміз.Жарқырайдыдаламыз.Қайырлытаң,Қайырлыкүн, балалар!
Топқа бөлу.
-Балалар, қане мына қима қағаздарды алып, топқа бөлінсек. Қима қағаздың арт жағында өсімдік мүшелері тамыр, жапырақ, гүлдің суреті жасырылған.
Оқушылар өсімдіктердің мүшелері бойынша (тамыр,жапырақ,гүл)қима қағаздардыалыптопталып үш топқа бөлініп отырады.
Ендеше, балалар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты -өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату, маңыздылығын анықтау. Тақырыпқа ену:imektep "Өсімдік мүшелері" бейнеролигін тамашалайды.
- Бейнефильмнен не көрдіңдер?
- Тамыр дегеніміз не?
- Тамыр шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
- Сабақ дегеніміз не?
- Жапырақ өсімдіктің қай жерінде орналасады?
- Гүл өсімдіктің қандай бөлігі?
- Жеміс ненің орнына пайда болады?
- Тұқым қандай қызмет атқарады?
Есте сақта!
Өсімдік бөліктері – тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, және тұқым.
Тапсырма – 1 (Ө)Кім жылдам әдісі.(оқулықтан алынды)Суретке қара. Өсімдіктердің бөліктерін көрсет жәнеоны кестеге белгіле.



тамыр
сабақ
жапырақ
гүл
тұқым
жеміс

1
2
3
4
5
6

Бағалау критерийі:
-Өсімдіктердің негізгі бөліктерін анықтайды және ретімен кестеге белгілейді.
Дескриптор:
- Өсімдіктердің негізгі бөліктерін табады;
- Тамырды белгілейді;
- Сабақты белгілейді;
- Жапырақты белгілейді;
- Гүлді белгілейді;
- Тұқымды белгілейді;
- Жемісті белгілейді;
- Ретімен кестеге орналастырады.
ҚБ:Мұғалім тапсырмаларды Алтын балықтәсілі арқылы өсімдік бөліктерін көрсетіп , ретімен орналастырғанын бағалайды.
Алтын балық - жарайсың!
Ақ балық - талпын!
Қара балық - мақсатқа ұмтыл!
Тапсырма- 2. Дұрыс, бұрыс ойыны . (Ж) Оқушылардың алдына кесте таратылады. Егер кестедегі сұрақтардұрыс болса, дұрыс деген бағанға + белгісін, егер сұраққате болса бұрысдеген бағанға - белгісін жазады.
Жауабын интербелсенді тақтадан көрсету.

Сұрақтар
Дұрыс
Бұрыс

1
Өсімдіктертөрт топқа бөлінеді.

-

2
Шөппен жануарлар қоректенеді.
+


3
Өсімдік –тірі ағзалар.
+


4
Жансыз табиғат өседі, қоректенеді.

-

5
Мәдени өсімдіктерді адам өсірмейді.

-

6
Өсімдіктер өсу үшін ауа, жарық, жылу, қорек керек.
+



ҚБ: Ойлан – жұптас - бөліс тәсілі арқылы жұптар кестені толтырады , жұмыстарды басқа жұптармен алмастырып, бір – бірінің жұмыстарының дұрыс , бұрыстығын тексеріп, бағалайды.
Сергіту сәті:
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады). 2 рет қайталау.
Тапсырма-3(Т) Коллаж жасау (мұғалімге арналған нұсқаулықтан алынды). Оқушылардың сыни ойлауларын дамыту.Қолда бар заттарды пайдалана отырып, өсімдікбөліктерін пайдалана отырып әр түрлі заттардың коллажын жасайды. Әр топ өз жұмысын қорғайды.
1-топ: Күннің суретін жасайды (сары гүлдерден).


2-топ: Балық суретін жасайды (жапырақтармен безендіру арқылы).


3-топ: Қуыршақ суретін безендіреді (роза гүлдерінің жапырақтарымен).


ҚБ: Піскен шие тәсілі арқылы топтар бір – бірінің жұмыстарын бағалайды.
Толық піскен шие -тапсырманы толық орындаған топқа;
Жапырақсыз шие-жартылай тапсырманы орындаған топқа;
Шие жапырағы- тапсырманы мүлдем орындай алмаған топқа беріледі.















Өсімдік мүшелерінің суреттері
1-топ:

Тамыр
2-топ:3-топ:


Жапырақ Гүл

Интербелсенді тақта. Бейнеролик



















































































Желім,қайшы, жапырақтар, сары гүлдер,раушан гүлдері.























9 минут




















Тапсырма-4 (Т) Жас зерттеуші
Жеміс-өсімдіктің бөлігі.
1-топ:Жемістің ішінде не бар?
Қорытынды:Жемістің ішінде тұқым бар. Алманы кескенде шырын пайда болды.
2-топ:Ақ гофрленгенқағаздан гүл жасап, бір гүлді ыдыстағы таза суға салып, ал екінші гүлді қызыл түске боялған суға салғанда қандай өзгеріс болғанын зерттеу.
Қорытынды:Қағазды суға салғанда тез ылғалданады, суды тез өткізеді.
Себебі:Гофрленген қағаз бояу сіңіргіш, сорғыштық қасиетке ие.
3-топ:Піскен және піспеген алманың ортасынан кесіп, ортасына бір тамшы йод тамызса, қандайөзгеріс болатынын зерттету.
Қорытынды:Піскен алманыңйод тамған жеріндегі йодтың түсі өзгерген жоқ, ал піспеген алманың йод тамған жері алдымен қоңыр түске, содан кейін көк түске айналады.
Себебі: Піскен алманың құрамында крахмал болмайды есесіне қант бар.Піспеген алманың құрамында крахмал болады.
Бағалау критерийі:
- Алманың шырынды жеміс екенін анықтайды;
- Гофрленген қағаздың бояу сіңіргіштігін біледі;
-Піскен алманың құрамында қант барын, піспеген алманың құрамында крахмал барын дәлелдейді.
Дескриптор:
- Алманы кесіп ішінде тұқым бар екенін анықтады;
-Шырынды жеміс екенін анықтады;
-Тұқымның түсі қоңыр және не үшін керек екенін айтты;
-Гофрленген қағаздың тез ылғалданатынын анықтады;
- Гофрленген қағаздың бояу сіңіргіштігін білді;
-Піспеген алмаға йод тамған кезде, йодтың түсі өзгергенін көрді;
-Піскен алмаға йод тамызса, йодтың түсі өзгемегенін көрді;
-Қорытынды жасады.
ҚБ: Білім алушылар зерттеу жұмысының нәтижесін Піскен бүлдірген тәсілі арқылы бағалайды. Егер:
Піскен бүлдірген - өте жақсы.
Шала піскен бүлдірген - жақсы.
Піспеген бүлдірген –қанағаттанарлық.


Алма,гофрленген қағаз.
















































Сабақтың соңы
4 минут

Кері байланыс: Алма ағашы әдісі
Оқушыларға сабақ басында түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім Бүгінгі сабақта не өттік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Бүгін сендерге бәрінен де не ұнады?
- Өсімдік бөліктеріне нелер жатады?
- Жемістердің ішінде не болады?
- Қандай қиындықтар болды?
Мұғалімнің бағалауы ауызша алғыс айту түрінде болды.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар сыни ойлаулары қалыптасқан қолда бар заттарды пайдаланып коллаж жасайды, піскен және піспеген алмада қандай өзгерістер барын анықтайды.

Қолдауды қажет ететін оқушылар өсімдік бөліктерін анықтайды, ретімен орналастырады.Жемістің ішінде не барын анықтайды.
Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ,жапырақ,гүл,тұқым, жеміс) дұрыс көрсетіп, кестеге ретімен орналастырғанын Алтын балық тәсілі арқылы бағалаймын.

Ойлан – жұптас - бөліс тәсілі арқылы жұптардың бір – бірінің жұмыстарының дұрыс, бұрыстығын тексеріп, бағалаймын.

Піскен шие тәсілі арқылы топтардың коллажды таза әрі ұқыпты, қолдағы бар заттарды тиімді қолдана білгендерін бағалаймын.

Піскен бүлдірген тәсілі арқылы зерттеу жұмысының қорытындысы мен нақты дәлелді бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
Жұптық, топпен жұмыс істеу кезінде(коллаж жасау кезінде) оқушылардың денсаулық, қауіпсіздік сақтау ережелерін орындауы ескеріледі.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
1:
2:




50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.