Ашық сабақ: Отандық өнімді пайдаланамыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Отандық өнімді пайдаланамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге сабақтарына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі:

А. Навои атындағы жом

Пәні:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романын үзінді

СЫНЫП: 10

Мұғалімнің аты-жөні: А.Е.Сапенова

Күні:23. 09. 2019 ж

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

12- сабақ. Отандық өнімді пайдаланамыз


Оқу мақсаттары

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, жаңа сөздердің мағынасын ашу.

10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі ( иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеяны түсіндіру,

10.5.1.1 көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрау;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: тақырып аясында қолданылған сөздер мен жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді дұрыс қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Сұрақтарға нақты жауап беріп, дәлел – дәйек келтіреді

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер,тақырыпқа байланысты лексикалық тірек сөздер: кәсіпорын, қосалқы, әртараптандыру, кеңейт, серпін , күшейту, жабдықтау

Қандай отандық өнімдерді білесің?

 

Бағалау критерийлері

- жаңа сөздердің мағынасын ашады;

- негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

- өз көзқарастарды білдіреді;

- көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолданады;

- әртүрлі графиктік мәтіндердегі (фотосурет) ақпараттарды салыстырады;

-жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрайды;

Алдыңғы оқу:

Отандық өнімдерді пайдаланамыз. 8 - тапсырма

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы






1. Мұғалім сынып назарын сабаққа аударады.

Психологиялық ахуалды қалыптастыру: «Ұшты- ұшты, ұшақ ұшты» әдісі арқылы бастау. Оқушылар бір- біріне тілек жазылған ұшақтарды ұшырады

Оқушыларды топқа бөлу. 1топ «Тілдер». 2 топ «Отан»

Екі топ өздерінің топтарының атауы туралы мақал- мәтел немесе өлең жолдарын айтады

Үй тапсырмасы: 8 –тапсырма

Жаңа сөздер

Мағынасы

Кәсіпорын

Түрлі бұйымдар,шаруашылыққа,тұрмысқа қажетті заттар шығаратын өндіріс орны

Отандық өнім

Өз елімізде шығарылатын өнімдер

Кіріс

Белгілі бір кәсіптен түсетін ақшалай,я заттай табыс,түсім

қосалқы

Қосымша, жанама

Бәсекелестік

Егестік(ерегестік),бақталастық,спортта,еңбекте,өнерде жарысқа түсу

Жекеменшік

Меншігінде өз еңбек күшімен табылған дүние

Әлеуметтік көмек

Қоғамға, мұқтаж жандарға көмек көрсету

Серпін

Қарқын, екпін

Күшейту

Үдей түсу, қатаю

жабдықтау

Белгілі бір іс- әрекетке қажетті нәрселермен қамтамасыз ету.



Оқулық, түсіндірме сөздік,АКТ, кеспе қағаздар








Ортасы

Грамматика. Көптік мәнді есімдер деп затты жеке даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды. Мысалы; сүт, ұн, жүн, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын т.б

Көптік жалғаулар; -лар, -лер,- дар, -дер, - тар, -тер

Мәтінмен жұмыс.

Оқылым. Мәтінді оқы. Мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты анықта. Негізгі ойға өз көзқарасыңды білдір. Көптік мәнді есімдер мен көптік жалғаулы сөздерді тап. (9 - тапсырма)

Дискрипторлар:

- жаңа сөздердің мағынасын ашады;

- негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

-өз көзқарастарды білдіреді;

- көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолданады;

Қалыптастырушы бағалау. «Түрлі түсті қағаздар» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Сергіту сәті. Абайдың әні «Көзімнің қарасы»

Жазылым. Суретте берілген отандық өнімдер туралы жарнама дайында. Жарнамаңда ең керемет, әлемде жоқ, дәмі тіл үйіреді, барлығына ұнайды және т.б. сөз тіркестерін, көптік жалғаулы сөздерді пайдалан (10-тапсырма).

Мәтінсоңы.

Жазылым. Қажетті сөздерді көп нүктенің орнына қойып жаз (14- тапсырма).

Қажетті сөздер: жаһандық, дамыған ел, отандық өнімді, кіріс, әлемдік нарыққа

Дескрипторлар:

- әртүрлі графиктік мәтіндердегі (фотосурет) ақпараттарды салыстырады;

-жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрайды

Қалыптастырушы бағалау"Түрлі- түсті қағаздар.













Түрлі-түсті стикер

















Түрлі-түсті стикер

Соңы

Үйге тапсырма: 13- тапсырма.Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құра

15- тапсырма. Қосымша ақпарат көздерінен отандық өнім туралы мәлімет жина. Өзіңе ұнағанөнім туралы ақпаратты сыныпта дәлелде.


Кері байланыс

Ойтаразы. Шығу парағы.


  1. Бүгін не үйрендіңдер?

  2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

  3. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?


Кеспе қағаздар

Қосымша бағалау

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

«Мен отандық өнімді қолданамын» тақырыбында шағын эссе жаз.

«Шығу парағы» арқылы

  • Әдебиет, бейнелеу, тарих.


Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз?

1:

2:

Қандай екі нәрсе(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім?

1:

2:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2019
8510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі