Ашық сабақ Отбасы - өмір аясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Отбасы - өмір аясы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Отбасы – өмір аясы

Сабақтың мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы түсініктерді кеңейту. Отбасын сүюге, ол үшін талмай еңбек етуге үйрету, жалпы отбасы жайлы түсінік беру. Міндеттері:

- Отбасының негізгі ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

  • Отбасы тәрбиесінің мән – маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Өткізілетін орын: мультимедия кабинеті

Керекті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, көрнекі құралдар, смайликтер, көгершін суреті, оқулық, жұмыс дәптері..

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

А. Сәлемдесу

Б.Оқушыларды түгелдеу

В.Сабаққа даярлықтарын тексеру

ІІ.Шаттық шеңбері .Қыдырәлімен Қарақаттың орындауында «Ризамын саған» әні.

Үй жұмысын тексеру. «Мен таңдаған мамандық» - тақырыбында ауызша ой бөлісу.

ІІІ. Жаңа сабақ «Отбасы - өмір аясы»

Ой – пікір «Отау», «отбасы», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Кіріспе:

Бір – бірін сүйген екі жастың өмірге тәуекел жасаған қадамы. Олардың үй болу туралы жасаған берік байламына тоқтауы. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.отбасының басты қазығы, алтын діңгегі –бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алу керек.







Мәтінмен жұмыс.

Толыбаевтың шығармашылығынан қысқаша мәтін берілген. Оқып шығып. Отбасы жайлы негізігі ұғымдарды тақтада көрсету, дәптерге көшіріп жазу.



Сергіту сәті. «Саған сенемін» жаттығуы. Шеңбер жасатып отырғызу.

Оқушыларды бір – біріне қарама –қарсы отырғызып , көздерін жұмғызып сұрақтар қою арқылы олардың достары жайлы ойларын білу.

  1. Сен ең бақытты отбасы боласын

  2. Көп балалы әке

  3. Көп балалы ана

  4. Ең үлгілі әке

  5. Отбасының тірегі

  6. Ең бірінші отбасын құрады.

  7. ҰБТ- дан жоғары ұпай алады.

  8. Жақсы маман иесі болады.



Жағдаятты талдау. Топқа бөліп отырғызу.

  1. Жағдаят

Маржан 11 – ші сыныпты жақсы оқиды , оның болашақта таңдаған мамандығы шаштараз. Бірақта оның ата –анасы баланың таңдаған мамандығымен келіспей, оның дәрігер болуын қалап отыр. Осы жағдайды қалай шешуге болады.

2.Жағдаят

Ерасыл ауқатты тұратын отбасының жалғыз баласы. Бала биыл мектеп бітіргелі отыр. Үлгірімі нашар. Сабақты өз шамасына қарай оқиды. Сондықтанда ол 11-ші сынып аяқтағанда ҰБТ тапсырмай кешенді емтихан тапсырғысы келеді. Бірақ ата –анасы оған қарсы. Қайтсеңде тест тапсыруға барасың деп баланы мәжбүрлеп отыр. Осы жағдайда нестеу керек?



Бақытты отбасы тірек сызбасы.





Сабақты бағалау (смайликтермен оқушылар бағасы)





Үй тапсырмасы: «Менің отбасым»- тақырыбында эссе жазу.



Шаттық шеңбері.

Балаларға «Бақыт құсын» тарату. Шеңбер құрып тұрып балалар өздерінің жылы лебіздерін, тілектерін жазып бір – біріне сыйлайды

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2018
1732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі