Ашық сабақ "Отбасымен бірге өткізген мереке" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасымен бірге өткізген мереке" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Мәтіннің мазмұнын иллюстрация арқылы анықтай алады, қарапайым сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды, тірек сөздерді қолданып иллюстрацияларды сипаттайды. Кейбір оқушылар: Мәтіннің мазмұнын толық айта алады,иллюстрацияны сипаттауда өз пікірін қосады. Оқушылар орындай алады: Отбасылық дәстүр мен мереке туралы ақпараттар жинақтайды. Өз ойларын көркем тілмен жеткізе алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Қазақ тілі

ШҚО, Зырян ауданы «№2 негізгі мектебі Серебрянск қаласының» КММ

Күні:

Мұғалім: Қоянбаева Гульшат Сиырбаевна

Сынып: 5

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы:

1бөлім, 11сабақ

Отбасымен бірге өткізген мереке


Сабақнегізделгеноқумақсаттары:

5Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;

5А2.Тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияларды сипаттау;






Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мәтіннің мазмұнын иллюстрация арқылы анықтай алады, қарапайым сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды, тірек сөздерді қолданып иллюстрацияларды сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Мәтіннің мазмұнын толық айта алады,иллюстрацияны сипаттауда өз пікірін қосады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Отбасылық дәстүр мен мереке туралы ақпараттар жинақтайды. Өз ойларын көркем тілмен жеткізе алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Отбасы, мереке, ғұрып, дәстүр, тойлау,өткізу.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер.

Отбасылық ғұрып, қарым-қатынас,отбасылық жиын.

Талқылауға арналған тармақтар: Отбасылық ғұрып, дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер? Отбасылық мерекеге кімдер қатысады? Отбасылық мерекені атап өту не үшін керек?

Не себепті деп ойлайсыз?Не себептіотбасылық мереке адам өмірінде маңызды роль атқарады?

Айта аласыз ба?Отбасылық мерекені өткізуге кім жауапты болу керек?

Алдыңғы оқу.

Отбасы, отбасындағы мерекенің орны ,отбасындағы қарым-қатынас атты өтілген тақырыптар бойынша жалпы ақпаратты сұрай біледі және жауап бере алады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

8минут






















а)Психологиялық жағдай туғызу

Шаттық шеңбері .«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 
Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 
Сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!( 3 мин)

ә) Сыныпты стикерлерге жазылған атаулар бойынша үш топқа бөлемін. «Наурыз мерекесі», «Туған күн» .«Жаңа жыл». (2 минут)

«Блиц-турнир» әдісі(3 минут )

Мақсаты:

Ойтүрткі сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптарды қайталау

Ойтүрткі сұрақтары:

-Отбасындағы дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер?

Отбасылық мерекелерге кімдер қатысады?

Отбасылық дәстүр, мереке құндылықтарға нені жатқызар едіңдер?

Әдеп-ғұрып, дәстүр сөздерін қалай түсінесіңдер,олар қандай сөздер?






Қобдиша













Стикерлер

Ортасы



23 минут




































































Жұптық жұмыс. «Қосжазба күнделігі» әдісі.( 10 мин )

Тапсырма. Аудиотаспадан «Отбасылық мерекелер» деген мәтінді тыңдау (2 қайтара). Кестені толтыру .

Мақсаты: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;







Мәтіннен үзінді

Түсініктеме

Туыстыққатынастатұратынадамдар



Отбасылық мереке


Туған-туыстарымызбен бас қосуға мүмкіндік


Дескриптор

1.Тыңдалған мәтінді түсінеді.

2.Нақты ақпаратты анықтайды.

««Тамаша. Жақсы.Нашар» тәсілі

(Жұптар жұмыстарымен алмасады ) Дескрипторға сүйене отырып, табиғи құбылыстар арқылы бағалайды.

Топтық жұмыс( 13 мин)

Деңгейлік тапсырма

«Жигсо» әдісі.

Өткізу барысы: Орындықтың сырт жағына әр түсті стикерлер жабыстырылады, түстер арқылы оқушылар топтасады.

Жигсо әдісі бойынша әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмаларды топта талдайды.өз тапсырмаларын басқа топқа барып түсіндіреді.Өзара пікір-алысу арқылы тапсырманы орындап, түсінгендерін бір-біріне жеткізеді.

Оқушылардың мұндағы мақсатыдескрипторға сай тапсырманы орындап, өзге топтыңой-пікірлерімен санаса біледі. Әр топ мұғалімнен кері байланыс алу үшін, орындаған тапсырмаларын тақтаға іліп қояды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы.

А: Мәтіннің мазмұнын иллюстрация арқылы анықтай алады, қарапайым сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

1. Әр суретке қатысты үш тірек сөз жазады.

3.Иллюстрация арқылы мәтіннің мазмұнын анықтай алады.

В: Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды, тірек сөздерді қолданып иллюстрацияларды сипаттайды.

Дескриптор:

1. Суреттерге ортақ тақырып ұсынады.

2. Нақты ақпаратты анықтайды, тірек сөздерді қолданып иллюстрацияларды сипаттайды.

С: Мәтіннің мазмұнын толық айта алады,иллюстрацияны сипаттауда өз пікірін қосады.

Дескриптор:

1.Тірек сөздерді дұрыс қолданып, өз пікірлерін айтады.

2.Иллюстрацияны сипаттап, өз ойларын дәлелдейді.





Суреттер

Тірек сөздер




Ортақ тақырып:








Аудиотаспа























Стикер













Иллюстрациялар

Мәтін ( Қосымша 1,интернет ресурс)





















































Кесте

Соңы

12 мин

Кері байланыс: «ПОПС» әдісі (5 мин )

Тапсырма:«ПОПС» әдісімен сұраққа жауап беру. Әр бала таратылған парақшаны толтырады .

Дескриптор: 1.Сөйлемдерде көп нүктенің орынына қажетті сөздермен толықтыру.

1.Отбасылық мерекелерді ата.

Менің ойымша...

2.Не үшін отбасылық мерекелерді өткіземіз?

Себебі мен оны...деп түсіндіремін

Оны мен ....деген мысалдармен дәлелдей аламын.

4.Отбасылық мерекелер не үшін қажет?

Осыған байланысты мен...деген шешімге келдім.

Рефлексия «Желкенді қайық» Өткен сабақ туралы өз ойларын қайықтың желкенін (жасыл, қызыл, сары) түстермен бояу арқылы білдіреді, ойларын жеткізеді.

Жасыл түс-мен үшін бәрі оңай болды

Сары түс- маған қиын болды

Қызыл түс- маған көмек қажет





Карточка























Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс .

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі

Саралау-оқушыға «Жигсо» әдісі арқылы өткізілді . Алым деңгейіне байланысты топтастыру арқылы тапсырма сараланыпи берілді.Алымы нашар оқушыларға илюстрациялық мазмұндау берілсе, алымы жоғары оқушыларға илюстрацияны сипаттау арқылы өз ойын айту тапсырылады.


Қалыптастырушы бағалар арқылы тапсырманың қалай орындалғанын саралау ретінде пайдалану:

«Тамаша. Жақсы.Нашар» тәсілі

«Екі жұлдыз,бір тілек»тәсілі.

Кері байланыс:«ПОПС» тәсілі мен «Желкенді қайық» тәсілі арқылы жасалынған рефлексия жалпы сабақтың өтілу барысына баға береді.

Сабақта қолданылған қалыптастырушы бағалаудың кез келген түрі дескрипторларға сүйеніп жүргізілді.

Отбасылық құндылық

Тарих, әдебиет, этнография, өзін-өзі тану



Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?





Қорытынды бағамдау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты):



Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?





















Қосымша 1



Отбасылық мереке

Отбасы дегеніміз- бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар. Әр отбасыңда өз мерекелері бар. Мысалы, біздің отбасымызда өте көп мерекелер бар.Отбасылық мерекелер- отбасылық дәстурге айналды. Олардың ішінде Наурыз, Жаңа Жыл, туылған күндер, Балалар күні, отбасымыздың құрылған күні де бар. Мен әр мерекені асыға күтемін, өйткені олар өте көңілді өтеді. Жалпы, біз мерекелерде қиындықтар мен мәселелерді ұмытып, бірге бір дастарқанның ,басында отырамыз. Мысалы, Жаңа Жыл мерекесіңде, біз бір-бірлерімізге сыйлықтарды сыйлаймыз, туған-туыстарымызды шақырамыз және бір шаңырақтың астында отырамыз. Наурыз мейрамында, біз: наурызкөже, бауырсақ, шелпек және т.б тәттілерді пісіреміз. Біз бұл мейрамда қонақтарды шақырамыз және өзімізде салт бойынша жеті үйге, Наурыз мейрамымен құттықтап, барамыз. Ал туған күнде, біз: туыстарымызды, достарымызды және т.б шақырамыз. Біз тағы осы күнде үлкен дастарқан жаямыз, міндетті түрде торт пісіреміз. Жалпы, мейрамдардың бәрін мен жақсы көремін, өйткені мейрамдар бізге туған-туыстарымызбен бас қосуға мүмкіндік береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1746
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі