Ашық сабақ Өтебай Тұрманжанов, Мектеп-біздің анамыз 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Өтебай Тұрманжанов, Мектеп-біздің анамыз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:______________

Бөлім: Менің мектебім

Сабақ № 28

Сабақтың тақырыбы:

Өтебай Тұрманжанов. Мектеп-біздің анамыз.

Мұғалімнің аты-жөні:Сүлейменова Ж.

Күні: 13.11.2018

СЫНЫП: 2 «В»


Қатысқан оқушылар саны: 24


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау

2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Шығарманың мазмұнын мазмұндайды, үлгі бойынша өлең шумақтарың ұйқастырып жазады

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы білім

Мектеп жайлы мағлұматтар біледі

Тілдік мақсат

Өлеңдегі шумақ, буын ұйқасын меңгереді

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық тренинг.

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірек,тірлік,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық.


Сәлеметсіздерме балалар. Бүгін аптаның қай күні?

Сейсенбі күніміз сәтті болсын!

Топқа бөлу. Сөздер арқылы: қуныш,шаттық,бақыт,татулық.

1-топ. қуаныш

2-топ. шаттық

3-топ. бақыт

4-топ. татулық

Топ ережесі

1.Бірін-бірі тыңдау

2.Ұйымшылдық

3.Белсене қатысу

4.Ақылдасып жұмыс істеу.

5.Топтық шешім қабылдау


қуныш,

шаттық,

бақыт, татулық сөздері жазылған парақтар

Сабақтың ортасы

5мин




























5 мин









10мин





















Мағынаны ажырату

Ой қозғау.

Оқушыларға оқулықтағы сөзжұмбақты шешкізу.

Тақырыпты болжау.Осы сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып жетістік критерийі анықталады.

1.Оқыған сайын өседі,

Ғаламның сырын шешеді. Білім

2.Құштар болып оқу менен білімге,

Біз барамыз қыркүйектің бірінде. Мектеп

3.Елдері мен қаласы,

Ойпаты мен даласы

Теп-тегіс тақтай-ды,

Өзені де ақпайды.

Тоғайы мен тауы бар,

Бұл-не?Өзің тауып ал.

4.Бір сандық бар қасыңда,

Іші толған ақылға.

Болғың келсе білімді,

Оған қарай жақында. Кітап

5.Келіп тұрар әр күн сайын жаңарып,

Жазылыпты онда түрлі жаңалық. Газет

6.Адасқанда алсаң қолыңа,

Бағыт берер жолыңа. Компас


Тыңдалым. Ұжымдық жұмыс

1.Суретпен жұмыс

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Оны қайдан білдің?

- Балалардың көңіл күйі қандай?

- Оқудың басталған алғашқы күні екенін неден аңғардың?


Идеал тапсырма бойынша Өтебай Тұрманжановпен танысу.


2.Электронды оқулықтан Өтебай Тұрманжановтың «Мектеп-біздің анамыз» өлеңін тыңдату, талдау, мазмұнын ашу.

Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

Күзге тіреп күн иек , (6 буын)

Болып қапты қыркүйек. (7 буын)

Қырманды жұрт алыпты, (7 буын)

Дәнге батып қалыпты.! (7 буын) (4 қатар, 4 шумақ ұйқасын табу)Өлең ұйқасты екенін дәлелдеу.


Жемістер де пісіпті ,

Жерге үзіліп түсіпті

Шөп буыны қатыпты,

Шөмелені ел тасыпты.

Межелі кез болыпты,

Мектеп есік ашыпты

Күн сәулесін шашыпты(7 қатар,ұйқасын табу)

Сөздік жұмыс

Күзге сүйеп күн иек-уақыт күзге айналып

Шөмеле-шошайтып үйілген шөп

Қырман-астық бастыратын ашық алаң

Межелі кез-мөлшерлі уақыт.

Кері байланыс:

  • Ақынның өлеңінде не жайлы айтылған?

  • Сен қандай мектепте оқисың?

  • Өз мектебіңді жақсы көресің бе?

  • Неге мектепті анаға теңейміз?

Дескриптор:

Өлеңді оқып,талдайды

Буын санын, ұйқасын, шумағын табады.





Оқулық,

мәтіндер.





Оқулық,

қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

















Ы.Алтынсарин суреті


Электрондық

оқулық


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Аяулы мектебім"


Оқушылар ән айтып, би билеп сергіп қалады.

5 мин





















5 мин













Топтық жұмыс

1-топ. Өлеңді жалғастыр

Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз!

2-топ. Шаттық.Пирамида әдісі арқылы сөйлемдер құрау

3-топ. Бақыт Өз мектебін жарнамалау

4-топ. Татулық Суреттер арқылы сағат тілі бойынша мәтін құрау

Бағалау: Топтар бірін-бірі «смайлик, бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

Кері байланыс:

  • Өлең не жайлы айтылған?

  • Мектебіңді мақтан тұтасың ба?

  • Сөйлемде неше сөз бар?

Бағалау:Смайлик арқылы бағалау

Дескриптор:

Өлеңді жалғастырады.

Пирамида бойынша сөйлемдер құрайды.

Өз мектебін жарнамалайды

Суреттер арқылы мәтінді құрап, айтады..


Жұптық жұмыс. Оқушы ережесі

1.Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап,дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.

2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.

Кері байланыс:

  • Өзің білетін ережелерді ата?

  • Сен мектеп ережесіне бағынасың ба?

Дескриптор:Мектеп ережесін біледі.

Мектеп ережесіне бағынады.

Бағалау: Жұптар бірін-бірі «от шашу» әдісі бойынша бағалайды

Сюжетті суреттер

















Сюжетті суреттер


Сабақтың соңы

3 мин


«Иә, жоқ» ойыны

1.Мектебіміз Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

2.Мектеп-біздің анамыз өлеңінің авторы А.Құнанбаев.

3.Қырман –ол дәнді дақыл.

4.Шөмеле-шошайтып үйілген шөп

5.Әр оқушы мектеп ережесіне бағыну керек.

6.Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы туылған.

Рефлексия

«Бәрін түсіндім» деген бала жасыл стикерді жапсырады.

«Әлі де түсінбегенім бар» деген бала сары стикерді жапсырады.

Қызыл, көк түсті қағаз

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау

Топтық жұмыс барысында қолдау көрсету, саралаудың қолдау түрі орын алады.

Оқушылардың сөздік қоры молайып, сөйлеу дағдысы қалыптасты.Жеке жұмыс бойынша берілген тапсырма арқылы ойлау қабілеттеріі артты. Балалар суреттер бойынша әңгімелеуге төселді. Ұжыммен тәжірибені көру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы байқалды.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.

Өзара бағалау

Мұғалімнің бағалауы (смайликтермен бағалау, мадақтау, бармақпен бағалау арқылы оқушыларды ынталандырамын)

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Мектеп ережесін естеріне түсіру, қоңырау кезінде жүгірмеу, баспалдақпен секірмеу – өз денсаулықтары үшін де маңызды екенін түсіндіру.Өлең жолын аяқтау барысында қазақ тілімен,

сергіту сәтін жасағанда музыка пәнімен байланыс.

Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде электронды оқулықпен жұмыс орнады.

Топтық жұмыс кезінде рухани, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жаңашылдыққа үйренеді.


Рефлексия

Сабақ / оқу

Мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
2403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі