Материалдар / Ашық сабақ. Ою- өрнектер . 5 - сынып

Ашық сабақ. Ою- өрнектер . 5 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Мақсаты:

  1. Білімділік: Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;

  2. Дамытушылық: Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Оқушыларға ою – өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;

Көрнекілігі: ою-өрнек түрлерінен жасалған буклет, кітаптар, оюлардың үлгілері.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша үлестірмелі парақтар арқылы топ жұмысын ұйымдастыру. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

1.Ою дегеніміз не? (Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті кесу

арқылы өңдеу)

2.Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның

бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)

3.Ритм дегеніміз не? (Ою – өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны

ритм дейміз)

4.Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп,

латынша орнамент деген ұғымды білдіреді,

мағынасы – сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)

5.Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің екі

жағының тең болуы)

6.Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою – өрнектің бояу түрлерінің

бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп аталады)


ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгін көп қызықты заттар көріп, ою – өрнек туралы білуіміз үшін және шығармашылық жасау үшін үш киіз үйге кіріп – шығуға шақырамыз.

Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою – өрнектер.

Ою – өрнек не үшін қолданылады? (Ою – өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)

Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою – өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында – өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім – кешектерге безендіріліп салынған)

Кезенде өнертанушы В.Чепелев «қазақтар тек ою – өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты»,- деп атап көрсеткен.

Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа оюланған қажетті бұйымдар өте көп.

Қазақ шеберлері әр нәрсені жарық, көркем, төлді етіп жасауға тырысқан.

Ою – өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған.

Әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою – өрнегінің шебері – оюшы.

- Келесі киіз үйге кіріп көрейік. Бұл киіз үй – шеберхана. Шағын еңбегімізде – қолөнерді әрі қарай дамытып, осы шеберханада жетілдіру керекпіз.

- Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.




IV. Сарамандық жұмыс

  • Мүйіз оюын қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс

техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.

1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.

2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме

3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.

5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

- Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд – қағазды бір бүктеу әдісін көрсету)


V. Сабақты қорытындылау.

- Ою – өрнек қанша топқа бөлінеді? Және қандай?

- Ою дегеніміз не?

- Симметрия дегенініміз не?

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: Бүктеу, қию тәсілдері бойынша ою – өрнек түрлерін орындап келу.








































23 Сәуір 2019
1370
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі