5. Мұғалімнің сыйы:
Ендеше балалар, мақсатыңа жетуге күш беретін мына
сөздердге назар аударып, есімізге сақтап алайық.
Бейнефильм. «Мақсатыңа жет», «Бәрі өзіңнің
қолыңда!»
1.Бейнефильмде не туралы
көрсетілген?
2.Мақсат адамға не үшін қажет?
3.Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны
қандай?
4.Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар
едіңіз?
Түйін: Әр
адамның алдына қойған биік мақсат-мұраттары болады. Осы мұратқа
жету үшін адам қажымай,талмай еңбек ету керек
екен.
5. Шығармашылық жұмыс,
топпен жұмыс.
1 – топ:
«Мейірімділік»
2 – топ:
«Қайырымдылық»
3 – топ:
«Сүйіспеншілік»
1-тапсырма-Үш топқа бірдей «Өз
мақсатыңа қалай,қандай жолмен жетер едің?» Постер қорғау суретпен,
мақал-мәтел,нақыл сөздермен, өлең
жолдарымен.
2-тапсырма-Мұрат туралы
мақал-мәтелдерді құрастыру
1-топ Жақсыға ерсең,жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең,қаларсың ұятқа.
2-топ Жан қиналмай жұмыс
бітпес,
Талап қылмай мұратқа
жетпес.
3-топ Ақырын-ақырын мінсе болар тор
атқа,
Ақырындап барып жетсе болар
мұратқа.
3-
тапсырма-
1-топ Жағдаятты талдау
Төмендегі хаттың шешімін тауып , оған
жауап жазыңдар.
«Салем, Ақжарқын!
Міне, «Болашақ»бағдарламасымен Лондонға келгеніме
бір жыл болып қалды. Бастапқы таныстыру курсынан да сәтті өттім.
Маған Англия өте ұнайды, адамдар да! Осында қалу ойым
бар.
Бірақ өзімді сенімді, өте жақсы сезінемін деп
айта алмаймын. Неге екенін өзімде түсіне алмай жүрмін.
Ойланған сайын терең тұңғиыққа батып бара
жатқандаймын.
Сен
«Бәрі де адамның өз қолында»дейсің . «Бұл жерде немен айналысамын ,
қалай өмір сүремін?» деген ой басымнан шықпайды. Алдыма
белгілі бір мақсат қоюға да , бір нәрсе жайында
армандауға да қорқамын. Жанымды жегідей жеген осы бір
ойыммен бөліскім келеді.
Сәлеммен, Алдияр.
(Оқушылар жауаптары
тыңдалады.)
Түйін: «Мақсат дегеніміз адамның өз мұратына сәйкес
өмірін өзгертуге бағытталған әрекеті. Ол адам өміріне бағыт
береді, қызығушылығын арттырады, болашағын көз алдына
елестетеді.
Адам әр нәрсені мақсат етіп
ала білмейді. Адамның алдына қойған мақсаттарында
болашағының жаымды келісімді, Құнды жақтары
бейнеленеді».
2-топ « Өз мұратыңа
жету» тақырыбында шағын шығарма
жазу
3-топ
«Арман,Мұрат,Мақсат» туралы 4 жол өлең
шығару
4- тапсырма Үш топқа
бірдей
«Менің түсінігімдегі
ақиқат»тақырыбына төмендегі берілген тірек сөздерді қолдану арқылы
әңгіме құрастыру:
Ар –
намыс.
Шындық.
Адалдық.
Уәде.
Азаматтық.
Жақсылық.
Қымбат
өмір.
Абырой.
Кеңпейілділік.
Ақкөңілділік.
Құндылықтар терегін көрсете
отырып,осы ағаш әдемі болып өсуі үшін, оған тамыры, су,діңі,бұтағы,
жеміс қажет екенін ұғындыру.
Тамыры-ақиқат.Кездескен
қиыншылықтардың ақиқатын танысақ,қиыншылықты
жеңеміз.
Су-сүйіспеншілік.Барлық
істерімізді сүйіспеншілікпен жасасақ, ол ісіміздің жемісін
көреміз.
Діңі-дұрыс әрекет.Әрбір
ісімізге есеп беретін болсақ, біз тура жолдан
таймаймыз.
Бұтағы-ішкі тыныштық.Дұрыс
әрекет жасай отырып, ішті тыныштыққа
жетеміз.
Жемісі-қиянат
жасамау.Адамдарға оймен,сөзбен,іспен қиянат жасамасақ,бақытты өмір
сүреміз.
Сұрақтар:
1.Қандай құндылықтармен
таныстық?
2.Күнге ұқсау үшін бізқандай
әрекет жасауымыз керек?
Қорытынды:
Сүйіспеншілікпен өмір сүрсек, мінезіміз күннің
нұрындай жайдары әрі шуақты болады.
|