Ашық сабақ. Өзін - өзі тану. "Мейірімділік - асыл қасиет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Өзін - өзі тану. "Мейірімділік - асыл қасиет"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпта өткізілген бұл ашық сабақта оқушыларға мейірімділік ұғымының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу бірінші кезекке қойылады. Оқушылардың мейірімділікке қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамытуды басты назарға алып отырмын. Өзін - өзі танудан сабақ беретін мұғалімдерге пайдасы тиетініне сенімдімін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Өзін – өзі тану

Сынып:2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мейірімділік – асыл қасиет


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушыларға мейірімділік ұғымының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

оқушылардың мейірімділікке қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: жаңа білімде меңгереді

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды

Кейбірі:Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Берілген тапсырмаларды дұрыс түсініп, орындай алады.

Құндылықтарды дамыту

оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Пәнаралақы байланыс

Өнер, әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Тілдік құзыреттілік

адалдық, мейірімділік. қайырымдылық


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлеметісіздер ме,құрметті оқушылар мен қонақтар!

Бүгінгі біздің өзін – өзі тану пәнінен «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Сабақ бастау үшін балалар, барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық, енді балалар, менің айтқанымды қайталап, қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка)

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Әкел досым, қолыңды,

Татуласқан орынды,

Өкпелесіп не керек,

Көрсет кәне соныңды!

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік,

Мейірімділік белгісі,

Кел, қосылып, күлейік!

Шаттық шеңбері


















1,2,3-топқа бөліну


Үй тапсырмасын тексеру






Оқылым


Айтылым

Жақсылықтан жақсылық туады. Мақал.

  • Бұл мақалдың мағынасын қалай түсіндіңдер?

  • Оны түсіну үшін Мейірім күні деп аталатын әңгімені оқиық.

Мейірімнің күні.

Оқулықтан оқып беру.

ІІІ. Әңгімелесу

  • Досы туысына не жібереді?

  • Алған ақшасын досы кімге береді?

  • Итке қандай жақсылық жасады?

Ит адамға жақсылықты қалай қайтарды?



Сюжетті сурет







Сергіту сәті

ІҮ. Дәйексөз

«Мейірімділік анадан туады»

Ж. Баласағұни

Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Нақыл сөз

Ойын


Ү. Шығармашылық ойындар.

1-ойын «Кім және не мейірімді?»

Түсіп қалған сөздерді орнына қою қажет.

2-тапсырма.Жағдаяттарды шешу.

«Сен не істер едің?»

3-тапсырма. «Мейірімділік ағашы»

Қазір сендер әрқайсысың өздеріңнің қандай екендіктеріңді бір сөзбен айтып қолдарыңдағы жемістерді Мейірімділік ағашына ілесіңдер?

Мысалы, «Мен ақылдымын», «Мен тілалғышпын»,

«Мен мейірімідімін!» т.с.с.

Жағдаяттар









Мейірімділік ағашы, жемістер

Тренинг

Айтылым

ҮІ. Топпен жұмыс

Шеңберге тұрып «Не болады? Не болмайды?» тренингін өткіземіз.

Мен сендерге не істеуге болады, не болмайды деген сұрақтар қоямын, егер болатын болса қолдарымызды көтеріп үш рет шапалақтаймыз, ал егер болмайтын болса қолымызды түсіріп бір рет шапалақтаймыз.


Ойын

Қорытынды


Қорытынды. «Мейірімділік тақтасы»

Мұғалім сабаққа жақсы қатысқан балаларды марапаттайды. Әр балаға мейірімділік гүлін сыйлайды, әр гүлде сол баланың суреті жапсырылған. Сол гүлдерді тақтаға окүннің шуақтарына айналдыра орналастырады.

-Балалар, білесіңдер ме! Неліктен мейірімділік тақтасына сендердің суреттеріңді іліп жатырмыз. Себебі, сендер үнемі бір – бірлеріңе мейірімді болып, қайырымдылықжасап, көмектесіп, тату – тәтті жүрсін деген оймен ілдік. Кімде – кім тәртіпсіздік жасаса, ол баланың суретін мейірімділік тақтасынан алып тастаймыз. Келістік қой! Сол үшін бәріміз шапалақ ұрып қояйық.

Мейірімділік гүлдері, әр оқушының фотолары

Сабақтың аяқталуы

Жүректен жүрекке.

«Жылы сезім жүректерде сақталады. Мейірімділік тек жүректен басталады» деп мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілеутерін білдіреді. Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі, Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» - деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынады.


Жүректің макеті




Суреттер

Үйге тапсырма








ҮІІ. Үйге тапсырма

«Мейірімділік» туралы ойланып келу. Мейірімділік тақырыбына суреттер салып келу..

Әр оқушыға кеменің суреттері



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2018
540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі