Материалдар / Ашық сабақ өзін -өзі тану 5сынып Тақырыбы: Сенім - менің серігім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ өзін -өзі тану 5сынып Тақырыбы: Сенім - менің серігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналады. Сабақта тақырыпқа байланысты әдіс-тәсілдер арқылы оқушының қызығушылығын оята отырып сабақ тақырыбын ашатын әдістер қолданылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
672
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің серігім 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері: 
- «Сенім» ұғымының мән-мағынасын ашу; 
- Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту; 
- Өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру (слайд № 6) 
Көрнекі құралдар:слайд,оқулық,үнтаспа, ватман, стикерлер 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру. 
Сәлемдесу (слайд № 1) 
1.Психологиялық дайындық (оқушылардың сабаққа қызығушылығымен көңіл-күйлерін көтеру үшін мына өлең жолдарын оқып, оқушылардың назарын өзіме аударып, шаттық шеңберіне шақыру- КӨҢІЛ КҮЙ ТАҚТАСЫНА –смайликтер жапсыру) 
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат, (слайд № 2) 
Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат. 
Әрбір ісім- тіршілік, тірек, адамдық, 
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық. 
Шаттық шеңбері. (слайд№ 3) 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылар сәлемдеседі).Өзін - өзі тану сабағында көргеніме қуаныштымын. 
- Бүгін далада қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір-бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. 
- Жақсы балалар міне амандасып алдық. 
Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат 
- Енді балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдаршы. 
Сенім (слайд № 4) 
Ә.Табылдиев 
Еңбек етсем, ертеңгі 
Бақытыма сенемін! 
Мақсатыма жеткізер 
Уақытыма сенемін! 
Достық іспен қасты да 
Жеңеріме сенемін! 
Ақыл сана білім мен 
Өнеріме сенемін! 
Арым таза, ақ көңіл, 
Адалдыққа сенемін! 
Абыройлы ақ ниет 
Адамдыққа сенемін! 
(балалардың жауаптары) 
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар? (слайд № 5) 
(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған, сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу) 
• Сенім деген сөзді қалай түсінесің? 
• Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың? 
• Қандай адам сенімге ие болады? 
• Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге? 
• Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды? 
(Оқушылар өз орындарына отырады) 
Оқушылардың жауаптары 
- Сенім деген біреуге сенім арту , сенім артқан адамың сол істі уақытында орындау керек. 
- Жауапкершілікті сезіну керек. 
- Тәртіпті, ұқыпты, өз ісіне нақты көңіл аударатын, тапсырған затты уақытында орындайтын. 
- Еріншек, жалқау, өзіне-өзі сенбейтін адамдарға сенуге болмайды. 
Мәтінмен жұмыс (Оқулықты ашамыз 70 бет) (слайд № 7) 
Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін 
Оқулықтағы Б.Тұрсынбаевтың «Жаңа дүкенде» атты мәтінін оқытып. Сұрақтар беру арқылы талдау. 
- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер? 
- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер? 
Тыныштық сәті - релаксация (Музыка қосу) (слайд № 8) 
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. (көздеріңді жұмығуда болады, көз алдарыңа достарыңмен бірге болған қызықты күндерді елестетіңдер. 
Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады. 
Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі. 
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді. 
Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды. 
«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. 
Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек. 
Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл» 
Сан Мен Мун 
(слайд № 10) 
- Сенімділік адамда қандай қасиеттер болғанын талап етеді? 
- Балалар осы мәтіндегі түйінді ой не деп ойлайсыңдар? 
Шығармашылық жұмыс (слайд № 10) 
«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар 
С - сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу 
Е – ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек 
Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, 
І - ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр 
М – мәдениетті, момын, мейірімді 
Дәйексөз (слайд № 11) 
Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі. 
М.Жұмабаев 
Дәптермен жұмыс (Үйге тапсырма бөлек бетте тарату) 
47 беттегі 3 тапсырма 
- Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс. 

Жүректен жүрекке (слайд № 12) 
Күн сайын биіктеген әр сатымыз, 
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз. 
Әрдайым ашық болсын аспанымыз, 
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз 
Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі ұмытпау керек. 
Ендеше балалар бір- бірімізге жақсы тілектер айтайықшы (жүрекше беру арқылы) 
- Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет! 
- Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қалды ма, әлде өзгерді ме (сабақтың басындағына қарағанда) – смайл арқылы 
Қорытынды бөлімінде оқушылар өтілген жаттығулардан, түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» апарып жапсырады – стикер арқылы Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысы Сенім - менің серігім - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз. Тәлімгер.орг сайтындағы Сенім - менің серігім атты материал танысу үшін берілген.Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақпрезентация реферат мақалаларды жәнесабақ жоспарларын таба аласыз. Сенім - менің серігім Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады



















































Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сенім – менің серігім

Пәні. Өзін-өзі тану

Өткізген: Садвакасова К.А.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!