Ашық сабақ. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздегі пайдалы қазбалар түрлері мен олардың адам өміріне маңыздылығы мен зияны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Дүниетану

Мұғалімі: Кулунтаева Лиза Мухамбетжановна. Әйтеке би ауданы.С.Оразалин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

3 сынып.



Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы..


Мақсаты: Пайдалы қазбалар түрлері және олардың адам өміріндегі маңызына түсінік беру..Айналаны қоршаған ортаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы . Білімділігі: Адамзат табиғаттың иесі бола отыра оны қорғауға түсінік беру. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге білімін арттыру. Дамытушылығы: Қазақстандағы пайдалы қазбалар түрлері мен кен орындары туралы ұғым қалыптастыру,картамен жұмыс жасату. Тәрбиелігі: Пайдалы қазбаларды дұрыс пайдалану, оларды қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. Әдіс-тәсілдер: Қабырғадан оқыту әдісі, Семантикалық карта, сарамандық жұмыс, Зерттеушілік әңгіме, Картамен жұмыс . Аквариум әдісі. Кері байланыс

Күтілетін нәтиже: Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды.

Пайдалы қазбаларды ажыратады.Тірі табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы түсінеді.

Адам өзін табиғат перзенті екенін ұғынады. Адам табиғаттан өзіне керекті заттарды табиғаттан алатынын біледі. Пайдалы қазбаларды өмірде қолдануын біледі.

Ресурстар: АКТ, электронды оқулық, видеокөрсетілім,слайдтар, ашық хаттар, суретті қиықшалар,аквариум , балықтар макеттері,ҚР картасы, постерлер, кестелер,смайликтер .

Психологиялық ахуал: Психологиялық дайындық Аманбысың, алтын Күн! Аманбысың, көк Аспан! Аманбысың, Жер ана! Аманбысың,достарым!

Топқа бөлу.(2 мин ) Түрлі-түсті ашық хаттар арқылы топқа бөлу. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. Сабақтың барысы : Қызығушылығыын арттыру . «Ой ашу» «Жеміс ағашы» суреті арқылы оқушылар табиғаттың бізге пайдасы туралы шолу жасайды. Үй тапсырмасы сұралады.

«Сиқырлы суреттер» ойыны арқылы оқушылар қиықшаларды құрастырып,пайдалы қазбалар түрлерін сипаттау арқылы үй тапсырмасын түсіндіреді, бекітеді.

Содержимое 3 Рисунок 8 Рисунок 9 Темір. Әктас. Көмір.

Жаңа сабақты таныстыру . Қабырғадан оқыту әдісі арқылы АКТ дан жаңа сабақ таныстырылады. Слайдтар арқылы түсінік беріледі.

Семантикалық карта әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқушылар өздері кестеге түсіреді .Түсініктерін жан-жақты ашады, толықтырады. Мағынаны тану. Сарамандық жұмыс. А)Тәжірибе жасау. Әрбір топ. пайдалы қазбалардың біріне тәжірибе жасап, қорытынды жасайды, кестеге түсіреді.

1 топ. Жанғыш пайдалы қазбалар. (Көмірге тәжірибе жасау) 2 топ..Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. (Әктасқа тәжірибе жасау) 3 топ. Кен пайдалы қазбалар. (Мысқа тәжірибе жасау)

Қорытынды.

Атауы

қасиеті

ерекшелігі

Тұз

ақ, қатты,жылтыр, ұнтақ

суда ериді, ащы дәмі бар.

көмір

қара,жылтыр, т ас

суда ерімейді, судың түсі өзгереді

мыс

сары, жылтыр, майысқақ

суда ерімейді,

Дәптермен жұмыс.Тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті. Видеокөрсетілім арқылы би қимылдарын жасады.

Зерттеушілік әңгіме орнату. Топпен жұмыс. 1 топ. Қорғаушылар. (Пайдалы қазбаларды пайдасын айтады) 2 топ .Қарсыластар. (Пайдалы қазбалардың зиянын айтады) 3 топ. Болжаушылар. (Пайдалы қазбаларды пайдалануын болжап айтады) Картамен жұмыс. Оқушылар картадан Қазақстанның пайдалы кен орындары шығатын жерлерге пайдалы қазба атауларын стикерге жазып жапсырады.

Ой толғаныс. «Аквариумдағы алтын балық» әдісі. Оқушылар өткен тақырыптар бойынша бір-біріне қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы алтын балыққа ие болады.

жиынтық бағалау Үйге тапсырма. Мазмұндау. Пайдалы қазбалар гербаррийін жинақтау. Бағалау. «Білім кілті» бағалауы. Критериий бағалау.

Кері байланыс. «Баспалдақ» әдісі. Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
896
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі