Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.» 10 с

Материал туралы қысқаша түсінік
Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия туралы түсінік қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.».

Бөлім:

10.2 Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.3.3 - пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Пассивті тасымалдау механизмін, қарапайым тасымалдауды түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар жеңілдетілген диффузия механизімін сипаттай алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Мембраналық каналдар арқылы өтетін диффузиялауды көрсете алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “жүрекпен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Топ ережесін еске түсіру.


Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Мембраналар тобы

II – цитоплазма тобы

III – ядро тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жасуша кесте


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Мембрана арқылы заттардың өтуі неге байланысыты?

2. Қарапайым диффузия деген не?

3. Заттарды пассивті тасымалдау дегенді қалай түсінесіңдер?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тарау бойынша қорытынды тест жұмыстарын орындайды.

Презентация


Қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Жасуша мембранасы арқылы қарапайым, жеңілдетілген диффузияның және заттардың белсенді тасымалының жүруін сипаттап түсіндіреді.


1. Жасуша мембранасы құрамындағы липидті қосқабат пен нәруызды қабатының зат алмасудағы рөлін анықтайды.

2. Заттар дифузиясының бағыты мен жылдамдғы қандай параметрлермен анықталатынын түсіндіріңдер.

2. Мембрана өзектерінің екі түрінің – селективті және селективсіз жұмысын сал ыстырады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

1. Тұжырымдарын анықтап, салыстырып түсіндіреді.

2. Кесте сызып салыстырады

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Қарапайым диффузия механизмін талдап, тасымалдың осы түрі жүзеге асатын градиенттердің сұлбасын құрастырады..

2. Мембрана өзектері арқылы жүретін диффузия механизмін талқылайды, жеңілдетілген диффузиямен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Градиенттердің сұлбасын құрастырады.

2.Айырмашылықтарын талдайды.

3. Тарау бойынша қорытындылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды.


ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
5147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі