Ашық сабақ Пп дыбысы мен әріпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Пп дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: П п дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: П п дыбысы және әрпімен таныстыру. П дыбысынан келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін тілін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардын ойлау қабілетін дамыту,қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты қатесіз әрі таза жазуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп кассасы, түрлі – түсті суреттер, п дыбысының баспа және жазба түрі, жұмбақтар.

Сабақтың түрі: ертегі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Мұғаліммен балалар бір біріне сәттілік тілейді..

Шаттық шеңбері:

Саяхатта бугінгі,

Күнің нұры төгілді.

Аңдар менен дос болып

Көрсетеміз білімді.

  1. Қазір қай мезгіл?

  2. Күз мезгілінде қанша ай бар?

  3. Қанша жыл мезгілі бар?

  4. Бір аптада қанша күн бар?

  5. Бүгін қай күн?

  6. Жарайсыңдар балалар олай болса біз бүгінгі сабағымызды бастайық.

Сендер бүгінгі сабақтың ерекше етіп өткізгенге келісесіңдер ма?

Олай болса біз бүгінгі сабағымызды ертегімен байланыстырып өткізейік.

Ерте – ертеде алыс –алыс жерлерде « Ғажайыптар мекені» болыпты. Ол мекенде неше түрлі, аңдар өмір сүретін болыпты.Олардың бәрі бір үлкен сиқырлы ағашты күзетеді екен.Ал ағашқа тек білімді адамдар ғана жақындап,жемісінен дәм тата алады.Бұл ғажайыптар мекені қазіргі кезде де бар екен, біз бүгінгі сабағымызда сол сиқырлы ағашқа барып өз білімімізбен жемісінен дәм татсақ қайтеді?! Бірақ аңдар бізге кедергі келтіруі мүмкін, ал білімімізді көрсетсек олар бізді жібереді, тіпті жол көрсетеді олай болса сапарға атанайық . Сапарға шықпас бұрын жұмбақ шешіп алайық.

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)

Ал балар олай болса қоян бізге жол көрсетеді. Өткен сабаққа шолу жасау,сұрақтар қойлып, жауап алу.

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

1 Балалар мына суретке қараңдаршы, нені көріп тұрмыз? (Телефон, торт, тақия) осы сөздерді буынға бөліңдерші. Т дыбысының қайда орналасқанын анықтау. Сөйлем құрайықшы.

2 Дыбыс дегеніміз не, қаншаға бөлінеді?(айтамыз, естиміз. 2-ге, дауысты, дауыссыз)

3 Әріп дегеніміз не?(жазамыз, көреміз, оқимыз)

4 Дауыты дыбысты қандай түспен белгілейміз?(қызыл)

5 Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? (көк)

6 Олай болса біз өткен сабақта қандай дыбыс өттік? (Т)

7 Т дыбысы қандай дыбыс, қандай түспен белгілейміз? (дауыссыз, көк түспен)



Ал балалар қоян бізге тура жолды корсетті, ары қарай жолға шығайық. Балалар «Ғажайыптар мекеніндегі» сиқырлы ағаштың жемісін жинауға мыны кісіде бара жатыр екен. Бұл кісі жолдан адасып бізден жол сұрап келіпті. Бұл кісі кім екен балалар? ( Апа)

Балаларға апа сөзін 1-2 рет айтқызып таныс емес дыбысты тапқызып, жаңа сабақты түсіндіру.



ІІІ Жаңа сабақ бойынша жұмыс

П дыбыcы жәнe әpпi.



Апа сөзінен қандай дыбыс естіледі?

Олай болса балалар біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз қандай дыбыс?

Кәні бәріміз бірге П дыбысын айтайықшы.

П дауыссыз дыбыс. Көк түспен белгіленеді.

Апамызға көмектестік олай болса ары қарай жолға шығайық.

Аюдын тапсырмасы: Жолымызда аю тұр екен балалар.Аюдың бізге қояр тапсырмасы бар екен. Оқулықпен жұмыс оқулықтағы мына жаңа сөздерді оқып шығайық.

Па,па, па,

Апа,апа, апа,

Тап,тап,тап (Мұғалім оқиды , оқушылар хормен қайталап айтады)

Жарайсыңдар балалар сендер аюдын тапсырмасын жақсы орындап шықтындар.

Ары қарай жолға шығайық.

Түлкінің тапсырмасы:Дәптерге берілген П әріпінің баспа түрін жазу.

Олай болса біз ең алдымен дәптерге жазбас бұрын әріпті ауаға жазып көрсетейікші.

Бір, екі үш

Жинап алып күш.

Қолға қалам алмыз,

П дыбысын жазамыз

Ал балалар аңдардың тапсырмасын орындаймыз деп шаршаған шығармыз. Олай болса сергіту сәттін жасайық.

Орнымыздан тұрайық.

Қарлығаш болып ұшайық,

Бір отырып, бір тұрып

Жақсы сергіп алайық.

Жақсылап сергіп алсақ, ары қарай жолға шығайық.

Арыстаның тапсырмасы.

Жолымызда балалар аң патшасы арыстанның да бізге тапсырмасы бар екен.

Ішіне сыртына

Мына жерде бізде суреттер берілген, сол суреттердің атын атап және буынға бөліп өткен (Т) дыбысынан келетін суретті ішіне,(П) дыбысынан келетін суретті сыртына жапсырамыз.

Қасқырдың тапсырмасы.

Азулы өзі , сұсты қандай аң екен балалар.(Қасқыр)

Қасқырымыздың тапсырмасы оқулығымыздың соңындағы суреттке назар аударайықшы, суреттерді атап буынға бөлу.

Міне балалар біз «Ғажайыптар мекенінеде келіп жеттік.Сиқырлы талдағы ағаштардың жемісін баларға беру.

Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма сендерге,біз бүгін қанша аңдармен танысып дос болдық кәне санап көрейікші.

Қорытынды бөлім:





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
889
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі