ІІ. Жаңа
сабақ:
Бүгінгі сабақтың
тақырыбы: Презентациядағы дыбыстар
Бағдарламаны ашып
көрсете отырып түсіндіру.
Балалар сабақты түсініп
алу үшін тақтаға назар аударайық. Жалпы балалар біз осы кезге дейін
слайдқа нысандарды, яғни суреттерді, мәтіндерді енгізу үшін
Кірістіру (Вставка) мәзірін қолдандық. Енді осы дыбыстарды енгізу
үшін де Кірістіру (Вставка) мәзірін қолданамыз.

Кірістіру (Вставка)
мәзірінде дыбыс батырмасы орналасқан. Сол батырманы басамыз. Шағын
мәзір ашылады. Мәзірден Дыбысты файлдан (Звук из файла) командасын
орындаймыз.

Дыбысты қою (Вставка звука) терезесінен қажетті дыбысты
көрсетіп енгіземіз.

Оқушыларға практикалық
жұмыс орындату.
Жеке жұмыс. «Өзің
орында»
Жұмыс үстелінде
орналасқан «Абай ата» бумасында орналасқан мәліметтерді пайдаланып
«Абай» тақырыбында 3 слайдтан тұратын презентация
жасаңыз.
Оқушыларды ауызша
мадақтап, бағалаймын.
Сергіту. Оқушыларға көз
және қол жаттығуларын жасату
Оқушыларға
қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын
беру

Жеке жұмыс. «Сөзді тап»
әдісі.
Термин сөздерді тауып,
олардың анықтамасын жазыңыз.

Презентация – дайын
ақпараттармен бөлісу, көрсету
Слайд – электронды
плакат
Дыбыс – адамдар мен
жануарлардың сезім мүшелері қабылдайтын
толқын
Анимация – слайдтағы
нысандарды қозғалту, жан бітіру
Тапсырманы орындаған
оқушыларды житондар арқылы бағалаймын
|