Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ презентациясы: "Ежелгі Сайрам ескерткіштері".
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ежелгі Сайрам ескерткіштері – архитектуралық ескерткіштер. Шымкент қаласынан шығысқа қарай 12 км жердегі Сайрамсу өзенінің жағасында.
Қазіргі Сайрам ауылының орнында Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі – Исфиджаб кезінде осы аймақтың орталығы болған. Қаланың дәл қай уақытта салынғаны белгісіз. 8 ғасырдан бастап Исфиджаб Ұлы Жібек жолындағы сауда қаласы екені белгілі. 12 ғасырдан бастап Сайрам атауы тарихи деректерде жиі кездеседі. Осы ғасырдың басында Сайрамды Хорезм шаһы Мұхаммед талқандады. 13 ғасырдың аяғында қала қайта өркендеп, сауда-саттық, дипломатиялық қатынастар жүргізе бастайды. 15 – 16 ғасырларда Сайрам егіншілік пен ірі сауда орталығына айналады. 17 – 18 ғасырларда жоңғарлар қаланы бірнеше рет қиратады. Дегенмен, 1,5 мың жылдық тарихы бар Сайрам шаһарының қалдығы біздің заманға келіп жетті. Көне қаланың шаһристаны қазіргі Сайрамның ортасында жатыр. Шаһристанның жобасы жердің бедеріне қарай біршама жақсы көрінеді, көлемі 30 га. Бүгінге дейін шаһристан қабырғаларының сілемі мен төрт жағындағы төрт қақпасының орнын, екі үлкен көшенің сүрлеуін байқауға болады. Көшелердің түйіскен жерінде қаланың орталық алаңы мен мешіт болған. Деректерге қарағанда, Исфиджабтың цитаделі болмаған сияқты. М.Е. Массонның «Көне Сайрам» деген еңбегінде цитадель қала қақпасының шығыс жағында деп көрсетілген. Қазіргі Сайрам кентінің орталық бөлігінің жобасы бұрынғы шаһристанмен дәлме-дәл келеді. Кент орталығында ортағасырлық сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері сақталған. Мірәлі баба кесенесі Ибраһим ата, Қарашаш ана мазарлары, Абдул-Әзиз баб, Хызыр пайғамбар, Қожа Толығ, Ләтіп ата және Мұстафа ата ескерткіштері бар. Мірәлі баба кесенесі (11 – 12 ғасырлар) порталды-күмбезді, күйдірілген кірпіштен қаланған ғимарат, биіктігі 3 м, қабырғаларының ауданы 7,506,32 м. Портал кірпіштері өрнектеп қалау әдісімен белдеу түрінде әшекейленген. Ибраһим ата, Қарашаш ана мазарларышамамен 11 – 12 ғасырларда тұрғызылған, кейін 17 ғасырда бұзылуы себепті қайтадан салынған. Екеуі де тарихта болған адамдарға – Қожа Ахмет Ясауидіңәкесі мен шешесіне арналған. Жергілікті халықтың ішінде ерекше қадірленеді. Екі ғимарат та порталды-күмбезді, қыштан қаланған, шаршы пішінді, жақсы сақталған. Абду-л-Әзиз баб күмбезі – Сайрамдағы ең үлкен құрылыс. Үлкен порталдан, орталық бөлмеден, қатар орналасқан екі бөлмеден тұрады, төбесі күмбезбен жабылған. Хызыр пайғамбар мұнарасы негізінде құлаған мешіттің бір жақ мұнарасы болса керек, 17 ғасырға жатады, диаметрі 2,8 м, биіктігі 5,63 м. Ескі суреттерде мұнара конус тәріздес күмбезбен біткені, күмбездің астындағы аркалы ойықтар (азан шақыруға арналған, ғимаратқа ерекше сұлулық беріп тұрғанын байқауға болады. Мұнараның ішінде төбеге апаратын тар баспалдақ және кішіректеу оқ ататын тесіктер бар. Қожа Толығ кесенесі (18 ғасыр) Сайрамдағы ең бір әдемі құрылыстардың бірінен саналады. Сыртқы, ішкі өлшемдері шаршыға жуықтайды: 6,446,30 м, биіктігі 7,15 м, күйдірілген кірпіштенқаланған. Сайрамда бұдан басқа да 11 – 18 ғасырлардың арасын қамтыған ірілі-ұсақты ескерткіштер көп. Негізгілері мемлекет қарауына алынған.
ИБРАҺИМ АТА кесенесі
И браһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды.
Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі,
діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған.
XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды.
Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды.
Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер
өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен
уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған. Ибраһим
ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді
және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.
Ибраһим ата кесенесі
Кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Ибраһим ата кесенесінің алаңы 7,2х7,2 м, ал ұзындығы — 8,25 м. Имарат бір орын-жайы бар екі деңгейлі болып келеді. Оңтүстік жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Ішкі қабырғалары әрленген, еден кірпішпен қапталып үстінен цемент араластырылған балшықпен сыланған. 50-жылдары күмбез құлағаннан кейін кесене төбесі ақ жапырақты қаңалтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Ұзақ уақыт бойы жолдың шетіндегі төбеде тұрған кесене қатерлі жағдайда болды. 90-жылдары жолды 20 метрге ауыстыруға және кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бөлінді.
ҚАРАШАШ АНА кесенесі
Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған.
Қарашаш ана кесенесі
Яссауидің анасы Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды.
Айша бибі кесенесі
Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста қолданылған ағаш бөлшектер және ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеді. Кесененің өлшемі 6,3 х 6,3 метр. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7,08 метр. 1996 жылы күмбезді жапырақты ақ қаңалтырмен қаптады. Оңтүстік жіне оңтүстік-батыс қасбеттері ұзын сүйірленген текшелері бар порталдармен безендірілген. Алдыңғы жазықтықтары терең емес сүйірленген және тікбұрышты текшелермен әшекейленген. Кесененің оңтүстік және батыс жақтарында кіреберіс есіктер бар.
Ішкі бөлігінде күмбез ұшы сыланған, кіреберіс үстіндегі жарық саңылауы ағаштан жасалған панжар торымен жабылған. Құм тығырындағы едендер кірпіштен қаланған. Кесененің орталық бөлігінде мрамор тақтайшаларымен қапталған Қарашаш ананың бейіті орналасқан. Қарашаш ана мазарының жанында оның жақындары – Ибраһим қожа, Сүлеймен қожа, Сәлім қожа мен Дәуіт қожаның бейіттері орналасқан.
БАЛЕГЕРДАН БАБА
Абділ Әзіз бап
771 жылы елімізге Ысқақ бап
басшылығындағы араб әскер-
лері келіп кіреді. Осы әскердің ту
ұстаушысы Абд эл- Әзіз бап
мұсылманшылықты тарату
жолында ерен ерлік көрсетіп,
көзге тұседі. Оныѕ білімділігі,
табандылығы және пайғамбар ісіне адал екендігі бірден байқалады. Тарихи жазбаларда былай делінген: "Қазірет Абд әл -Әзіз бап ишан ақылды да абзал жан еді. Онын, игі ісін жалғастырушылар Сайрамда да бар болатын. Олардың бәрінің жол бастаушысы, сардары Ысқақ бап болды. Әзіз бап ишан шариғатқа берілген, дуагөй еді". Бәле-жаланы аластайтын жанды халық "Бәлегердан" деп атайтын. Бабамыз да тарихта сол атпен қалып қойды
М ІРӘЛІ БАП
Мірәлі бап өз дәуірінің
жетік ғұламасы болып,
ислам дінін кеңінен наси-
хаттауға ұлкен ұлес қосқан.
Мірәлі бап-тың атасы Қазі-
рет Мәлік патша (ХІ-ХІІ ға-
сыр) Қожа Жұсіп Хамада-нимен дос
болған. Олар бір-біріне хат жазысып,
кітап жіберіп, пікір алмасып тұрған.
Бұл кісілердің "бап" деп аталуы да олардың әділет
пен ақиқат жолында қосқан ұлестерін аңғартады
Хызыр мұнарасы
О ңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам қаласында орна-
ласқан. Сайрам қалашығы
Оңтүстік Қазақстанда орна-
ласқан ежелгі елдімекеннің
бірі болып табылады. Сай-
рамсу өзенінің бойында,
Шымкент қаласынан 10 шақырым
қашықтықта орналасқан. Ерте орта
ғасыр заманында (ІХ – ХІІ ғасырлар)
Сайрам қаласының орнында –
Испиджаб қаласы болған..
Сайрам -Сансыз баптар мекенi деп
бекер атамайды. Себебi, бұл өлке
киелi де, шежiресi мол аймақ.
Тарихы тереңде жатқан Сайрам
қаласында мәдени-тарихи орындар
көптеп кездесетіні баршамызға мәлім.
Қазы Байзави әулие, Сүзік ата,
Ибраһим ата кесенесі, Қарашаш ана
кесенесі, Ақ ата баба кесенесі,
Қыдыр мешіт мұнарасы т.б.
Сайрам қаласының аумағында
тарихи мекендер мен қалашықтар,
сонымен қатар архитектура және қала
құрылысының ескерткіштері бар.
А Қ АТА БАБА
Оның шын аты-жөні
Шахабиддин Исфиджаби
болып, халық арасын да
Ақата есімімен белгілі.
Х-ХІ ғасыр аралығында
өмір сұріп, өз заманының
ғуламаларының бірі болған.
Тарихи кітаптарда замандасы
Қожа Ахмет Иассауиге
жол көрсетуші үстаз Шахабид-дин Исфиджаби-білімділігімен, ақыл-парасатымен дараланар ерекше түлға
М АХМУДХАН АТА
Махмудхан ата өмір
сүрген кезең X ғасыр-
да өлкеміздің ең гұл-
денген дәуіріне тура
келеді. Бабамыз асыл
ата тегіне тартып, өз з
амандастарына, үрпақтарына
дін ілімін кең насихаттаған,
олардың дұниеге көзқарасын
кеңейткен, әдепті, мәдениетті
өмір суруге ұйреткен.
Сайрам –Сансыз баптар мекенi
Сайрам –Сансыз баптар мекенi деп бекер атамайды. Себебi, бұл өлке киелi де, шежiресi мол аймақ. Тарихы тереңде жатқан Сайрам қаласында мәдени-тарихи орындар көптеп кездесетіні баршамызға мәлім. Қазы Байзави әулие, Сүзік ата, Ибраһим ата кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Ақ ата баба кесенесі, Қыдыр мешіт мұнарасы т.б. Сайрам қаласының аумағында тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектура және қала құрылысының ескерткіштері бар.
Қ ажы Талиға
Қажы Талиға XVII ғасыр
Қажы Талиға кесенесі
Оңтүстік Қазақстан облы-
сы Сайрам елді мекенінде
орналасқан. Кесене сол
заманның белгілі адамы
Қажы Талиғаның құрметіне
салынған XVII ғасырдың
дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталған.
Сайрамдағы бас мешіт
Сайрамдағы көше жазуы
"Осында хан көпір үстінде
Арыстанбаб түркі халқының
әулиесіне Әзрет Сұлтанға
пайғамбар аманатын
құрманы сақтауға
берген"
Сайрам туралы...
Сайрам Исфиджаб, Испиджаб–Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Жұрты қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 километр жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерекМахмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда: «Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Демек, Сайрам. – Исфиджабтың кейінгі аты. 15 – 18 ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Зерттеу жұмыстарын 1923 жылдары П.П. Иванов, 1925 жылдары М.Е. Массон, 1947 жылдары ауылы Н. Бернштам басқарған. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған, көл. 28 гектар жерді алып жатқан қала орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған. Ең көнесі – Падишаһ Мәлік баба мазары. Бұл ескерткіштер 9 – 18 ғасырларға жатады.
Сайрам ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталық – Ақсу ауылынан оңтүстіке қарай 24 километр жерде орналасқан. Тұрғыны 28,4 мың адам (2004). 1929 жылдары артельге біріктіріліп, 1958жылдары Ленин атындағы көкөніс-сүт ұжымшарының орталық болды. Оның негізінде ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Сайрамда 2 облыстық аурухана, емхана, облыстық өзбек драма театры, кірпіш з-ты, кәсіптік-техникалық мектеп, орта мектептер, мешіт, сауда орталық жұмыс істейді.
Тарихы
VI ғасырда тез өсіп- жетілген Испиджаб оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. VII ғасырда Орта Азияға арабтар келген кезде бұл қала гүлденіп тұрған еді.714 жылы араб әскерінің қолбасшысы Кутейба Шаш(қазіргі Ташкент) қаласын алғаннан кейін Испиджабқа үлкен жорық жасады. Бірақ бұл төңіректегі елдің күшті қарсылығы арқасында көп ұзамай кейін шегінді. Испиджабты өз резиденциясына айналдырмақшы болған араб қолбасшысының жоспары жүзеге аспады.IX ғасырдың басында Испиджаб қарлұқ мемлекетінің құрамына енді.840 жылы қарлұқ көсемі және Испиджаб басшысы Білге Құл Қадырхан қаған атағын алды.Бірақ сол жылы Испиджаб Орта Азиядағы саманилер шабуылына ұшырады.Саманилермен болған шайқаста Білге Құл Қадырхан қаза табады.Мұнан кейін мемлекет билігіне оның екі ұлы таласты. Үлкен ұлы Базар Арсыланхан Баласағұн (Шу өзенінің бойындағы қала) аймағын билейді,ал екінші ұлы Оғұлшақ Қадырхан Тараз (бұрынғы Талас қаласы) аймағын билейді.Тараз қаласын 993-жылы саманилер басып алғанда, Оғұлшақ Қашқарияға қашуға мәжбүр болады. 840 жылы саманлердің Самарқандағы билеушісі Нұх ибн Асад Испиджабты жаулап алады.Бұл аймақты жер өңдеу мәдениеті сол заманда аса күшті дамыған болатын. Самани билеушісі Испиджабты және оның аймағындағы егістік(жүзім мен астық) жерлерді сыртқы шапқынылықтардан қорғау үшін көптеген қорғандар соқтырды.Алайда Испиджаб Самани мемлекетіне түгелдей бағынышты болған жоқ. Қала және оның аймағын жергілікті түркі тайпалары биледі. Испиджаб аймағы өте үлкен болды. Оның шекарасы солтүстік-батыста Сауранға дейін, ал шығыста Талас аймағына дейін созылды.Испиджаб аймағы саманилер арқылы мұсылман діні тарады да,енді ол оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен діни орталыққа айнала бастады.X ғасырдың ақырында, яғни 990 жылы Испиджаб Қарахан мемлекетінің қарамағына енді.Қарахан әскері саманилерді Испиджаб аймағынан түгелдей ығыстырды.