Сабақ: Биология Сынып 6"Б"
Сабақтың тақырыбы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар
Сабақтың мақсаты: Қалпақшалы саңырауқұлақтар туралы мәлімет алады.
Сабақтың түрi: аралас сабақ
Көрнекті құралдар: 6-сынып оқулығы, плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңi
-
Үй тапсырмасын тексеру,сергіту сәті,шаттық шеңбері
І. тапсрыма «Көңілді жемістер» ойыны
1 Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар?
2 Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? Олардың бірінен- бірініңайырмашылығы неде?
-
Мукордың пеницилиннен айырмашылығы қандай?
-
Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы бар?
-
Зең саңырауқұлақтарыныан қалай сақтануға болады?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар
2-тапсырма. Қалпақшалы саңырауқұлақтар-постер қорғау
Қалпақшалы саңырауқұлақтар:қайыңқұлақ,терекқұлақ,ақ саңарауқұлақ, еменқұлақ.
Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысы
-
– қалпақша
-
–қалпақша асты
-
– белдеуше сақина
-
– түбiртек
-
– түбiртек жiпшесi
-
– жiпшумақ
-
– жiпше
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар: Қозықұйрық,бүріскі,көңқұлақ, жерқұлақ, түлкіжем
Улы саңырауқұлақтар :Шыбынжұт, көңілкеш, түбіртек, жалған түбіртек.
3 -тапсырма. "Саңырауқұлақ тере барғанда"
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық( шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.
Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % — ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.
Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т.б.
Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт- қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т.б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см-дей, қалпағы күңгiрт – қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.
Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.
Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.Паразит саңырауқұлақтар- тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді.Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қара бидай сабақтарынан емен жапырақтарына мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл ақұнтақсаңырауқұлақтарының жіпшумақтары.Олар өсімдіктің жапырақ,сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді.Саңырауқұлақтардың көптеген түрі адамға және шаруашылыққа зиян келтіреді. Тірі ағзаның денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады
Саңырауқұлақтардың түрлері
Жеуге жарамды саңырауқұла Қалпақшалы саңырауқұлақтар
Улы саңырауқұлақтар Паразит саңырауқұлақтар
Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтарды теру кезiнде қандай ережелердi сақтау қажет екенiн айтыңдарЖауабы: Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге жарамдысын улы түрiнен ажырата бiлу керек. Терген кезде топырақта көрiнбей жататын жiпшумақты зақымдап алмас үшiн, саңырауқұлақ түбiрiнiң түбiнен пышақпен абайлап қиып алған жөн.
|
Жеуге жарамды |
Улы |
|
Кәдімгі түлкіжем- қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сары түсті |
Жалған түлкіжем – қалпақшасының үсті тегіс, үстіңгі беті қызғыл-сары түсті |
|
Қозықұйрық – қалпақшасының астынғы жағы алқызыл түсті болады. |
Боз арамқұлақ – қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті болады. |
3. Саңырауқұлақ тере барғанда
Бағалау кері байланыс Білім ағашы
Үйге тапсырма беру: Қалпақшалы саңырауқұлақтар
Бозарған арамқұлақ — дүние жүзі статистикасы бойынша ең көп ажалды улану туғызатын саңырауқұлақ.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1. Оқушылардың саңырауқұлақтар дүниесі бойынша алған білімдерін саралай отырып, қалпақшалы саңырауқұлақтардың пайдасы мен зиянын түсіндіруДамытушылық: 2. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту. Тәрбиелік: 3. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын дамытуға, еңбектенуге, табиғатты аялауға, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуСабақтың түрi: аралас сабақ Көрнекті құралдар: 6-сынып оқулығы, плакаттар, суреттер, интерактивтi тақта, саңырауқұлақтар макетіПәнаралық байланыс: География Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi II. Үй тапсырмасын тексеру «Кім тапқыр» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
IV. «Кім дұрыс жинайды?» дидактикалық ойыны.
V. Мағынаны таны (мәтінмен жұмыс) «Кубизм» әдісі VI. Кесте толтыру
VII. Үйге тапсырма
VIII. Бағалау
І
. «Кім
тапқыр» ойыны 1. Тағамдарды бүлдіретін қандай зең
саңырауқұлақтары бар? 2. Зең саңырауқұлақтарының қандай
түрлері бар? Олардың бірінен-бірінің айырмашылығы
неде? 3. Мукордың пеницилиннен айырмашылығы қандай? 4.
Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы
бар? 5. Зең саңырауқұлақтарыныан қалай сақтануға
болады?
Жаңа сабақ
Саңырауқұлақтардың түрлері
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар
Улы саңырауқұлақтар
Паразит саңырауқұлақтар
Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрылысы
1 – қалпақша 2 –қалпақша асты 3 – белдеуше сақина 4 – түбiртек 5 – түбiртек жiпшесi 6 – жiпшумақ 7 – жiпше
Саңырауқұлақтар қарағай, самырсын, көк терек, қайың, қарағаш сияқты орманда, ағаштардың түбінде кездеседі.Саңырауқұлақтар ауа райы ылғалды және жылы болса, жақсы өседі. Күннің жарығын керек етпейді. Өйткені оларда хлорофилл болмайды. Өсімдіктердің даяр ағзалық заттарымен қоректенеді.
Қалпақшалы саңырауқұлақтардың денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады. Оны жемісті денесі дейді. Жемісті денесінің мөлшері әрқилы. Қалпақшасының диаметрі 0,2-0,5 сантиметрден 72 сантиметрге дейін жетеді. Ал ақ саңырауқұлақтың жемісті денесінің салмағы 2 кг 720 г, қалпақшасының диаметрі – 57 сантиметрге дейін болады. Жемісті денесі жіпшумақтан өсіп дамиды. Жіпшумағы топырақ арасында көрінбей жатады. Жіпшесін микроскоппен қарасақ, оның бір қатарға орналасқан ұзын жасушалардан тұратынын көреміз. Жіпшесінің жасушалары екі ядролы. Жіпше жақсы өсу үшін ауа, ылғал, жылу қажет. Сондықтан жіпшесі топыраққа терең енбей, 6-12 см тереңдікке ғана таралады. Саңырауқұлақтың жемісті денесі біріне-бірі тығыз ұйыса орналасқан жіпшумақтан тұрады. Түбіртегіндегі жіпшумағы біркелкі, ал қалпақшасындағы жіпшумағы екі қабат құрайды. Үстіңгі қабаты жылтыр, түрлі түсті реңді болса, астыңғы қабаты түтікшелі және қатпарлы болып келеді. Түтікшелісаңырауқұлақтардың қалпақшасының астында майда шұрықтар болады. Ол шұрықтар жіңішке түтікшелермен байланысты. Мұндай саңырауқұлақтар түтікшелі саңырауқұлақтар деп аталады.
Саңырауқұлақтар Арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйық саңырауқұлақтарының қалпақшасының астыңғы беттері түбіртектен шоқталып тараған қатпарларға толы екенін көреміз. Мұндай саңырауқұлақтардықатпарлы саңырауқұлақтар деп атайды. Жемісті денесі жаңбырдан соң 10-12 күнде жетіледі. Қорек заттардың біразын жіпшелер арқылы ормандағы қарашірікке бай топырақтан сорады. Біразын өзі өсіп тұрған ағаштың тамырынан алады.
Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбесуі. Сендер орманға барғанда қалпақшалы саңырауқұлақтардың белгілі бір ағаштардың түбінде өсіп тұрғанын байқаған боларсыңдар. Мысалы, ақ саңырауқұлақ тек қайың, қарағай, шырша маңында өссе, көктерек саңырауқұлағы көктеректің түбінде, арышқұлақтар қарағай мен шырша ормандарында өседі. Бұл жай кездейсоқтық емес, көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар ағаштардың тамырымен селбесіп ,микориза (грекше: «микос» – саңырауқұлақ, «ризос» – тамыр) түзеді. Саңырауқұлақтың жіпшелері ағаштың тамырын айнала қоршап алады. Тіпті тамырдың ішіне енеді, топырақтан су мен минералды заттарды сорады. Ол ағаштың тамырына өтіп, ағаш арқылы фотосинтез процесіне қатысады. Ағаштан саңырауқұлақ өзінің тіршілік етуіне қажетті ағзалық заттар алады. Осындай екі ағзаның пайдалы селбесуін симбиоз (селбесу) дейді. Тамырында микоризасы жоқ ағаштар өте баяу дамып, түрлі аурулармен тез зақымданады.
Микориза
Қалпақшалы саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді. Споралары өте майда және ол қалпақшасының астында пісіп жетіледі. Олар ауа толқыны, жел арқылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтың споралары суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Топырақта бірнеше ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай сақталады. Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер дамиды. Жіпшелері ұзарып, тарамдалып, жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан жемісті дене жетіледі.
Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге болмайды. Өткені ол улы. одан шыбындар да қорқады, шыбынжұт саңырауқұлағына шыбындар қонса болды өліп қалады. Ал Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты, қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңыр түсті болып келеді, сабағы ашық сары түсті болып келеді.Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ.
Жидектерді көрсетіп түсіндіріп өтемін.
Қазір орманға барғанда тек жеуге жарамды саңырауқұлақты және жидекетерді жинаймыз. Жарайды ма балалар!

Екі себетке екеуіне балалар жарамды саңырауқұлақ жинайды.
Төрт топқа оқушыларды бөлемiз: І топ: ҚозықұйрықІІ топ: ТүлкіжемІІІ топ: Көңілкеш
IV топ: Түбіртек
ІІ.Мағынаны таны (мәтінмен жұмыс)
«Кубизм» әдісі
Сипатта Баянда Салыстыр Зертте Оқушылар мәтінмен қосымша танысып, түсінгендерін постерге салып қорғайды
VI. Кесте толтыру
VII. Үйге тапсырма
VIII. Бағалау
Сәйкестендіру тесті
1.Симбиоз Хлоропластары болмағандықтан жүрмейді
2.Микориза Спора түзілетін орын
3.Спорангий Екі ағзаның пайдалы селбесуі
4.Микология Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі
-
Фотосинтез Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

Микориза
Микориза

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қалпақшалы саңырауқұлақтар"

шағым қалдыра аласыз