Ашық сабақ "Қаңлылар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қаңлылар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақстан тарихы

Мектеп: Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі

Күні:06.04.2017ж

Мұғалімнің есімі: Хидирова Карима

СЫНЫП: 6

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақтың тақырыбы

Қаңлылар

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар Қаңлылар тарихы туралы біледі, археологиялық ескерткіштерді зерттейді, қаңлылардың қоныстануымен танысады, білімдерін өздігінен талдап, қорытынды жасауға дағдыланады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


Қаңлы тарихы туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Өз ойларын нақты, ашық жеткізе алады

Кейбір оқушылар:

Қаңлылар тарихы мен үйсіндер тарихын салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын таба алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Мәтінмен жұмыс жүргізе ... (істей) алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қаңлы, кангүй, канха,Битян, Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қаңлылар туралы деректер

Қаңлылар мекендеген аймақты картадан көрсету

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Қаңлы мемлекетінде жазудың болғанын дәлелдей аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Қаңлылар бойынша археологиялық ескерткіштерді атау

Алдыңғы тақырып

Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни наным сенімдері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.


Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушылар бір-бірімен үш елдің сәлемдесуі бойынша (қазақша, орысш, ағылшынша) амандасады. Топқа бөлу – «1,2,3,4» сандары бойынша Геродот, Сыма Цянь, Чжан –Цянь, Прииск деп торт топқа бөлінеді. Топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады. Топ басшылары сайланады.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Жылдам жауап беру керек, себебі орындық ыстық.

Оқушылар атом-алақан әдісімен бірігіп, 3-топ құрайды, топ ережесін сақтайды. Топтар бөлінеді.





«Ыстық орындық» әдісі

Ортасы

Жаңа сабақ туралы электорнды оқулықтан видеоролик көрсетілді.Оқушылар видеоны мұқият тыңдап, оқулықпен жұмыс жүргізеді.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі бойынша топқа тапсырмалар берілді.

1-топқа Қаңлылар тарихы туралы қытай және иран жазбалары

2-топқа Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері

3-топқа Қаңлылардың қоныстануы мен қоғамдық құрылысы

«Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша үш топ бір – біріне сұрақтар дайындайды. Әр топ сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті.

«Екі жақты түсіндірмелі күнделік» әдісі бойынша тапсырмалар берілді.











Қаңлылар

Хронологиялық   шеңбері

Б. з. д. ІІІ – ІІ ғасырлар  мен  б. з. V ғасыр  аралығы.

Негізгі  мекендеген  жері

Сырдария  өзенінің  орта  ағысы.

( Қазақстанның  оңтүстігі).

Ел  билеушісі

   Хан

Астанасы

  Битьянь

 Қаңлылар  туралы  деректер

Қытай  жазбаларында  кездеседі. Сыма 

Цянь «Тарихи  жазбалары», «Цянь  Ханьшу».

Қытай  деректері  бойынша

600  иың  адам,  120  мыңға  дейін 

жауынгерлері  болған.

Солтүстіктегі  көршілері

Сарматтар  мен  аландар.

Қаңлы  елі  экономикалық, 

мәдени,  саяси  байланыс  жасаған 

елдер.

Қытай,   Рим,   Кушан.

Сабақты қорытындылау мақсатында «Қар түйіршігі» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар жазып таратты.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі








Үш қадамды сұхбат әдісі




«Екі жақты түсіндірмелі күнделік» әдісі






















«Қар түйіршігі» әдісі

Аяқталуы

Рефлекция.Бүгінгі сабақта болған көңіл –күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма: Қаңлылар туралы мәліметтер жинақтау

Бас бармақ тәсілі

Қосымша ақпарат.

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі, үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмалар беремін.


Әдебиет, дүниежүзі тарихы

АКТ


Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта мақсатыме жете алдым.Оқушылар бүгінгі сабақтан қаңлылар жайлы, олардың археологиялық ескерткіштері мен қоныстануы, қоғамдық құрылысы жайлы мәліметтер алды. Сабақта уақытты үнемді пайдалануым керектігін түсіндім.

Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: Оқушыларды топқа бөлу.


2: Топтық тапсырмалардың берілуі


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: «Ыстық орындық» әдісі қызықты болды


2: «Үш қадамды сұхбат» әдісі сабақты жақсарта алды


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



















«Тәжірбиедегі рефлекция» курсы

«Тәжірбиедегі рефлекция» курсын оқу барысында өз үйренгендерімді қолдана отырып, 6 - сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен «Қаңлылар» тақырыбында сабақ өттім. Сабақта сыныппен психологиялық ахуалды орнату үшін шеңбер құрып, топтар бір-бірімімен үш елдің (қазақша, орысша, ағылшынша) сәлемдесуі бойынша амандасты. Білім берудің тиімді тәсілі – топқа бөліп оқытуды қолдандым. Оқушылар топқа бөлуге әбден дағдыланды . «1,2,3,4» сандары бойынша Геродот, Сыма Цянь, Чжан –Цянь, Прииск деп торт топқа бөлінді Топқа бөліп оқыту арқылы оушылардың бойында өзгелермен қолайлы қарым-қатынас жасау , көшбасшылыққа ұмтылу, өзін – өзі реттеу, сияқты оқыту барысындағы тиімді мінез – құлық қалыптаса бастады. Сабақта топбасшыларға топ мүшелерін бағалау тапсырылды. Бағалау парағы сабақ басында оқушыларға түсінідірілді.  Бағалауды әр тапсырма бойынша «2», «3», «4», «5» бағаларының дискрипторлары бойынша ұсынылды. Бағалау парағы топ басшыларына таратылып, топ мүшелеріне жариялы болды. Сабағымның сабағымның мақсатын айтып, үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі бойынша бастадым. Үй тапсырмасын пысықтап жаңа тақырыпқа өттік .

Жаңа сабақ туралы электронды оқулықтан видеоролик көрсетілді. Оқушылар видеоны мұқият тыңдап, оқулықпен жұмыс жүргізеді. «Ойлан, жұптас, бөліс» атты әдіс арқылы оқушыларым сыни ойлай алама?- деген идеяны басшылыққа алдым да ,оқулықты түсініп оқып, берген флипчартқа сызып, жазып, сурет сала отырып, ойларын келесі топқа жеткізе білу керектерін ескерттім. Оқушылар қызыға кірісті. Түсінгендерін флипчартқа жазып, тұжырым жасай бастады. «Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша үш топ бір – біріне сұрақтар дайындайды. Бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа, үшінші топ бірінші топқа сұрақтар дайындап берді, топ мүшелері сұрақтарға жауап береді. «Екі жақты түсіндірмелі күнделік» әдісі бойынша тапсырмалар берілді. Оқушылар тапсырмаға толық, жарыса жауап беріп отырды. Сергіту сәті өткізілді. «Қар түйіршігі» әдісі бойынша оқушылар бір – біріне сұрақтар дайындап, лақтырды.

Бүгінгі сабақта болған көңіл –күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы білдірді. Өзін-өзі топпен бағалау әдісі жүргізілді. Топ басшылары бағалау парақшаларына топ мүшелерін бағасын шығарды. Сабақ соңында оқушылар «екі тілек, бір ұсыныс» әдісі арқылы рефлекция жазды. Үйге тапсырма берілді. Әр түрлі стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы сабақты ұйымдастыру, оқушылардың білімге деген құштарлықтары мен өз бетімен іздену дағыдысын арттырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға болатындығына көзім жетті.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
1864
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі