Ашық сабақ "Қара шаңырақ" Үндестік заңы 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қара шаңырақ" Үндестік заңы 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне сабақ жоспарын құруда көмегі тиіп қалар, - деген ниетпен салып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ. Қысқа мерзімді жоспар (Қазақ тілі)

Бөлім:

Алматы «Мектеп» баспасы 2017 жыл

3-бөлім. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Педагогтің аты-жөні

Жакипова Назира Оразхановна

Күні:

16.10.2020 жыл

Сынып: 5 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:---

Сабақтың тақырыбы

Қара шаңырақ . Үндестік заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.Т/А1.Тірексөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.Ж3. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау

Сабақтың мақсаты

Оқушылар ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.Мәтіндерге анализ жасай отырып, үндестік заңын меңгереді

     

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

Экранда отбасылық және шаңырақтың суреттері көрсетіледі


Экрандағы суреттердің не екенін анықтай отырып,тақырыпты болжайды.

Оқушылардың белсенділігін ескере отырып, «өте жақсы» деген смайликтер көрсетемін.

Суреттер,

смайликтер

Сабақтың ортасы

3 минут

Ережені түсіндіремін.

Сөздің баста-аяқ біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады. Үндестік заңы буын және дыбыс үндестігі деп екіге жіктеледі.Түбір сөз бен қосымшалардағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып үндесуі буын үндестігі деп аталады. Сөздің соңғы буыны жуан болса,жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады: қағаз-ға, көрпе-лер

Ережені мұқият тыңдап алады, мысалдар келтіреді.

-

Электронды оқулық

Сабақтың ортасы

3 минут

1-тапсырмадағы берілген мәтінді оқып алу

Мәтінді оқиды.

Смайликтер арқылы оқушыны бағалаймын

Оқулық,

смайликтер

Сабақтың ортасы

7 минут

1 тапсырмадағы мәтінді және 1 Б) тапсырмасындағы қарамен берілген сөздердің мағынасын көрсету

Берілген тапсырма бойынша және оқылым мәтініндегі ақпараттарды негізге ала отырып,сөздердің мағынасын ашып, жазады

Бірін-бірі жұлдызшалар арқылы бағалайды.

Суреттер,

оқулық

Сабақтың ортасы

5 мин

https://youtu.be/W-Jy02oEYgk

сілтеме арқылы арнайы бейнероликті оқушылар назарына ұсына отырып,

«ОНЛАЙН МЕКТЕП»платформасындағы жүктелген тапсырмаларды орындауды тапсырамын

Бейнероликті тамашалайды.

Платформа арқылы берілген тапсырмаларды орындайды.

Мадақтау

Платформа ұсынған пайыздық өлшеммен 1-10 балл арасындағы баллдармен бағаланады

Bilimland форматы

6 минут

Жүйесін тап”

К Н І Қ Т А А З П Ы А Н Л А Т Ы .

Мына дыбыстардан оқу-білім туралы мақалды тауып,үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет.

Ж:Кітап-алтын қазына.

Ж. Кітап.

Берілген тапсырманы дәптерге орындайды үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табады

Смайликтер арқылы

Оқулық,

смайликтер

8 минут

ИЯ / ЖОҚ

Үндестік заңына байланысты ашық тест.

1.Үндестік заңы дегенді қалай түсінесің?

2.Басқа тілден енген сөздер буын үндестігіне бағына ма?

3.Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар бар ма? 4.Сенің ойыңша, күрделі сөздер буын үндестігіне бағына ма? 5.Буын үндестігі дегенімізді қалай түсінесің?

6.Дауысты дыбыстар буын құрай ала ма

7.Қандай сөздерде буын үндестігі сақталмайды

8.Аралас буынды сөздер кірме сөздерде ғана кездеседі.Сен қалай ойлайсың?

9. Менің ойымша,көмектес септігінің жалғауы үндестік заңына бағынбайды.Сенің ше? 10.Азық-түлік сөзі үндестік заңына бағынады.Сен қалай ойлайсың?

Ия ,жоқ әдісі бойынша ашық тест жауаптарын дәптерге орындайды.

Мадақтау, 1-10 балл аралығындағы баллдық жүйемен бағалау

Карточка, смайликтер

Сабақтың соңы

3минут

Өз пікірлерін айта отырып, кері байланыс жасайды.

Мадақтау

Бағдаршам түстес түрлі түсті суреттер

Үйге тапсырма:

5-тапсырма № 13 аудионы тыңдап, берілген сұрақтарға жауапты дәптерге орындап келу

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: Сабақтағы жақсы өткен аспектім, білім ленд арқылы орындаған тапсырмалар оқушыларға логикалық ойлауына көп септігін тигізді .

2: Білім алушыларға «ИЯ ЖОҚ» ашық тест тапсырмалары қиындық тудырмай, ынтазарлықпен орындаулары жақсы өтті деп есептеймін.

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: Қашықтықтан оқыту барысында да топқа бөліп, тапсырмалар ұйымдастыру барысы

және жұптасып жұмыс жасау барысы да қарастырылса, мұнанда жоғары деңгейде өтер еді

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1: Сабақ кезінде аңғарғаным, жекелеген оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындау барысын жақсарту керектігін байқадым

      Сабақ барысында орындалған барлық тапсырмаларды WhatsAрp желісі арқылы жекеге түсіріп жібереді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2021
1503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі