Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүтін және натурал сандарды ажырата алады. Рационал сандарды координаталық түзуде кескіндей алады; Рационал сандарды Эйлер-Венн дөңгелектерінде белгілей алады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ:


Мектеп: №24 ДБААЛ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байзулин Айдын Айдарович

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырыбы

Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар

Оқу бағдарламасына сілтеме

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Оқыту мақсаты

6.1.2.9

координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

6.1.2.11

рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Бүтін және натурал сандарды ажырата алады. Рационал сандарды координаталық түзуде кескіндей алады;

Рационал сандарды Эйлер-Венн дөңгелектерінде белгілей алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

Рационал сандарды координаталық түзуде кескіндей алады және таңбалар ережесін жаза алады;

Рационал сандардың ішкі жиындарын анықтай алады;

Кейбір оқушылар үшін:

координаталық түзуде кескінделген нүктелерді рационал сандар арқылы жаза алады.

рационал сандарды Эйлер-Венн дөңгелектерінде түсіндіре алады.

Бағалау критерийі

-оқушылар координаталық түзудің анықтамасын біледі;

-координаталық түзуде рационал сандардың орналасу ретін біледі;

-оқушылар рационал сандарды координаталық түзуде кескіндей алады.

Тілдік мақсат

Оқушыларды математика тілінде сөйлей білу дағдысын дамыту:

Сабақ барысында, есеп шығаруда негізгі терминдерді қолдана отырып сөйлеу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Рационал сан; координаталық түзу; бірлік кесінді; бүтін сан


Диалогқа қажетті тіркестер:

-координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу үшін...

-координаталық түзуде рационал сандарды белгілеу...

- Эйлер-Венн дөңгелектерінде рационал сандарды кескіндеу үшін...


Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият:

Білім алуға деген жауапкершілік, өзіне деген сенімділік, жұпта, топта жұмыстану арқылы бір-біріне көмек беру.

Пәнаралық байланыстар

Информатика.

АКТ қолдану

дағдылары

Ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық жолдарын меңгеру; ақпарат алмасу мүмкіндігін дамытады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оң сандар және теріс сандар; координаталық түзу;


Сабақ барысы


Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

2 минут






7 минут








3 минут




3 минут


І. Ұйымдастыру:

І.І. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын қадағалау. Сыныпты 3 топқа біріктіру. (түстер арқылы)

II.Білімді белсендіру.

Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша оқушы білімін қайталау және бекіту.

1) Математикалық диктант.

1. Теріс сандар қандай таңбамен жазылады? Мысал келтіріңдер.

2. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

3. Берілген сандардың ішінен теріс сандарды теріп жаз:

2 ; 5 ; ; –5,4; 10; –5; –27; 1,5; –2,7; –9.

4. Нөл саны қандай санға жатпайды?

5. Координаталық нүкте дегеніміз не?

6. Координаталық (сан) түзу дегеніміз не?

7. Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?

Бағалау. Дұрыс жауаптар арқылы өзара бағалау.

2) Ал енді есімізге түсірейік!

Координаталық түзуде нүкте белгілеу үшін, қажетті... Координаталық түзуде нүктені қандай әріппен белгілейміз? Нүктенің координатасын қалай жазамыз ? Бағалау критерийі: Оқушылар өткен тақырыпты жақсы меңгерген және берілген тапсырмаларды тез орындауын анықтайды.








Қосымша1








Сабақ ортасы


8 минут









15 минут



























































3 минут


ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Белсенді оқытудың «түсіндіру және сипаттау» тәсілі.

  1. Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады.

  2. Теріс санға қарама –қарсы оң сан болады.

  3. Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы рационал сандар жиынын көрсетеді

  4. Таңбалар ережесінің кестесі

Оқушылар Рационал сандар жиынына бүтін сандар, натурал сандар жататынын біледі.

Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» түріне «Джигсо» әдісі қолданылады. Саралаудың «жіктеу» тәсілі іске асады.

1-топқа: Қарама-қарсы сандар туралы.

Қарама қарсы сан деп, тек бір-бірінен таңбалары арқылы өзгешелінетін санды айтады.

(–5) санына қарама-қарсы сан 5 саны, ал 5 санына қарама-қарсы сан (–5) саны. Бұдан кейін 5 саны мен (–5) саны бір-біріне қарама-қарсы сол сияқты 8 және – 8, 1,5 және –1,5, – және ; – және ;

0 саны өзіне өзі қарама-қарсы сан: –0 = 0

а санына қарама-қарсы санды (–а) деп белгілейді. (–6) санын «минус 6» немесе 6 санына қарама-қарсы сан дейді.

Ал, – (–6) санына «минус 6» саны қарама-қарсы сан, онда – (–6) = 6

Кез келген а саны үшін мына теңдік тура

(а) = а

Координаталық түзудің бойында қарама-қарсы сандар 0 нүктесінен бірдей қашықтықта жатады.

а) Координаталық түзу сызып, оның бойынан –4 және 4; –3,5 және 3,5 сандарын кескінде.

Shape1 | | | | | | | | | | |

-4 -3,5 -3 -2 -1 0 1 2 3 3,5 4

ә) –2,8; 4; –6 сандарына қарама-қарсы сандарды белгіле.

Shape2

Санау үшін қолданылатын сандарды натурал сандар екенін білесіңдер. Ал, натурал сандарға қарама-қарсы сандар –1, –2, –3, –4, ... т.с.с.

2-топқа: Бүтін сандар туралы.

Натурал сандар, оларға қарама-қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар деп аталады.

Координаталық түзу бойында -4 және 4 аралығындағы бүтін сандар кескінделген

Бүтін сандар жұп және тақ сандарға болып бөлінеді.

2 ге бөлінетін сандар жұп сандар, олар 2 санына аяқталады (2, 6, 10, 26, 30)

2 ге бөлінбейтін сандар тақ сандар, олар 2 санына аяқталмайды (1, 3, 15, 21)

3-топқа: Рационал сандар туралы.

Оң, теріс бүтін, бөлшек сандарды рационал сандар деп атайды.

Координаталық түзудің бойында орналасқан оң, теріс, нөл сандары рационал сандар жиынын құрайды. Рационал санды мына түрдегі сан ретінде көрсетуге болады , мұндағы бүтін сан, ал натурал сан.

Әрбір оң рационал санға қарама-қарсы теріс сан бар. Мысалы: 2 және –2; 5 және –5; 3,5 және –3,5; 4,7 және –4,7; және – ; 2,5 және

Бағалау әдісі арқылы бағаланады.

1т -2 т

2т-3 т

3т-1т

Саралаудың «қарқын» тәсілі.

Бекіту және қолданысқ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
1421
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12