Ашық сабақ Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдстемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабатың тақырыбы: Математика қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты: 1-ден 10ға дейін тура және кері санау.Ойын арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, сыйластыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорын дамыту.

Пәнаралық байланыс: Коркем әдебиет,сөйлеуді дамыту.

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкері, магнитті тақта, құрастырмалы сандар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Үш тілде амандасу.Салеметсіздер ме,Здраствуйте,

Армысың,ардақты аспан-ата!

Армысың, қасиетті жер – ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Армысыңдар қонақтар!

Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр.Математикадан білімдерімізді көрсетейік.Ендеше қазір біз әр түрлі,қызықты тапсырмалар орындаймыз


-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?(көктем)

-Қандай ай?Көктем мезгілінде неше ай бар?(3)

-Бүгін жұманың нешінші күні?(3)

Балалар біздің бүгінгі математика сабағы жай сабақ емес,ертегі сабақ түрінде өтеді. Бүгін біздің математика сабағына ертегілер елінен «Бауырсақ» қонаққа келді.Бізден көмек сұрай келіпті.Атасынан,әжесінен қашып жолға шығыпты.Алдынан кенет Қоян шығыпты.Қоян бауырсақты жемекші егер біз қоянның шартын орындасақ бауырсақты босатады.

-Ендеше бірінші қоянның шартына көшейік. Тапсырма ауызша болады.

1.Тапсырма:0-10, 11-20 дейін тура және кері санау.

Ал енді осы сандарды жазып көрейік.Алдарыңа сандарды тараттым.Ар сандардың жандарында суреттер бейнеленген және соған сәйкес сандар.Суретті бояймыз,ал сандарды бастырып жазамыз.

-Жарайсыңдар балалар,тапсырманы жақсы орындадыңдар.Сандарды жақсы біледі екенсіңдер.Қоян бауырсақты босатты.

Ары қарай домалап келе жатып жолда Аюды кездестіреді.Аюдың да шарты бар екен.

2 Тапсырма.Аюды кездестіреді. Аюдың шарты.Сұрақ-жауап.Мен сендерге сөйлемдер оқимын.Ал сендер дұрыс болса келісемін,дұрыс болмаса келіспеймін деп жауап бересіңдер және себебін түсіндіріп кетесіңдер.

Келісемін-келіспеймін

  1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды

  2. Шыршаның түсі қызыл

  3. Алма шаршыға ұқсайды

  4. Сиырдың 4 аяғы бар

  5. Керіктің бойы аласа.

  6. Жазда шанамен сырғанаймыз.

  7. Пілдің тұмсығы қысқа.

  8. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.

  9. Балықтар талда өседі.

  10. Кітап – білім береді.

-Өте жақсы,дұрыс жауап бердіңдер.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды соғамыз

Бір отырып бір тұрып

Біз тынығып аламыз.


3 тапсырма. Қасқырды кездестіреді. Қасқырдың тапсырмасы.Ойын . Көршісін тап

1**4**7**10

Әр балаға сандар таратып сандармен тура және кері тізіліп тұрғызу.

4 тапсырма.Түлкіні кездестіреді. Түлкінің тапсырмасы.

Сандар жайлы жұмбақтар.

1.Екі атым бар тынбайтын

Өзімді ғана тыңдайтын (2 аяқ)

2.Тұлғасына қарай негізі

Құрамына қарай дарамын

Бір мен үштін арасында тұрамын. ( 2саны)

3. Бар саннан бұрын тұрамын

Өзгерер кейде тұрамын. (0 саны)

4. Он жағымда бес сарбаз

Сол жағымда бес сарбаз (Он саусақ)

5. Келеді үлкен аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып,

Отыздан ар бірінде саусағы бар,

Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл,он екі ай,отыз күн)

6 Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді. (Аптаның жеті күні)

Сергіту сәті: Видео «Көңілді күн»

5 тапсырма.

Жемістермен «+», «-« амалдарымен есеп шығару.

Тақтаға жемістерді іліп балаларға теңін жазғызу.


Балалар Жарайсыңдар!Өте жақсы қатыстыңдар.Тапсырмалардың бәрін орындадық. Балалар біз сандарды жақсы білгендігіміздің арқасында ,мейірімділігіміздің арқасында бауырсақты құтқардық.Бауырсаққа ақылды бол дейміз.

Қорытынды:Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?Тапсырмаларды жақсы орындаған үшін сендерге жұлдызшалар сыйлаймын.Сабағымызды аяқтайық. Қонақтармен қоштасамыз.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
2963
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі