Ашық сабақ "Қарлұқ қағанаты" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қарлұқ қағанаты" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстан жерінде өмір сүрген қарлұқ қағанатының құрылу тарихын баяндай отырып, қағанаттың жер аумағы, халқы, саяси жағдайы мен әлеуметтік құрылымдарын түсіндіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т.А.Дюсегалиева

Е.Ш.Орақбаев атындағы мектептің

тарих пәні мұғалімі.

Жаңақала ауданы,

Батыс Қазақстан облысы.

Сабақтың тақырыбы: Қарлұқ қағанаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан жерінде өмір сүрген қарлұқ қағанатының құрылу тарихын баяндай отырып, қағанаттың жер аумағы, халқы, саяси жағдайы мен әлеуметтік құрылымдарын түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушыларға тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорыту дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Өз елінің, жерінің тарихын білумен қатар, оны құрметтеуге, ұлтжандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, тірек-сызба, кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, карта, тірек- сызбалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І тапсырма.Тест сұрақтарына жауап беру.

1.Түргеш қағанатының құрылған жылы:

А. 741 ж В.704 ж С. 756 ж Д.751 ж

2. Түргештер туралы алғашқы деректер кездесетін еңбек:

А. “Авеста” кітабы

В. Парсы жазбалары

С. «Күлтегін» ескерткіші

Д. Рузбиханның еңбегі

3.Түргеш қағанатының Үлкен ордасы :

А.Суяб В.Йасы С.Күңгіт Д.Тараз

4. Түргеш қағанатының Кіші ордасы :

А.Суяб В.Баласағұн С.Күңгіт Д.Тараз

5.Арабтар “сүзеген” деп атаған Түргеш қағаны:

А.Сұлу В.Білге С.Бумын Д.Мұқан

6.Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді

А.Суяб қаласына В.Талас (Тараз) қаласына С.Күнгіт қаласына Д.Баласағұн қаласына

7. Арабтар мен қытайлар арасында 751ж. шайқас өткен жер:

А.Имақия қаласы В. Атлах С. Құлан Д. Суяб қаласы

8. “Түргеш қағанының теңгесі”деген соғды жазумен жазылған теңгелер табылған қала: А.Тараз В. Суяб С.Испиджаб Д. Отырар

9.Ежелден Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық:

А. Соғдылар В.Қимақтар С.Нушебилер Д. Қарақытайлар

10. “Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар ” деп жазған кім?

А. Махмуд Қашқари В. Сюань Цзянь С. В.В. Бартольд Д. «Күлтегін» жазуында

11. “Соғдылардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ” деп айтқан кім?

А. Махмуд Қашқари В. Сюань Цзянь С. В.В. Бартольд Д. «Күлтегін» жазуында

12. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан кім?

А. Махмуд Қашқари В. Сюань Цзянь С. В.В. Бартольд Д. «Күлтегін» жазуында

ІІ тапсырма. Жылдар шежіресі

1.704 -756 жж -

2.VIғ –

3.20 -

4.7 мың –

5.715 -738жж -

6.737ж –

7.720-721жж -

8. 20ж –

9. 751ж –

10.756ж -

Жауаптары: 1.Түргеш қағанаты хронологиясы 2. Шу, Іле өзендері аймағын мекендеді 3.әкімшілік аймақ 4. әскер саны 5. Сұлу қаған ел биледі 6. қарлұқтармен бірлесіп арабтарды жеңді 7. Күли Шор Соғды жерінен арабтарды қуды 8. сары және қара түргештер арасындағы күрес 9. Атлах шайқасы 10. Түргеш қағанаты құлады

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері.
2. Қағанаттың саяси жағдайы.

3. Шаруашылығы.
4. Мәдениеті.

Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері. Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. VІІ ғасырдың басында Қытайдың «Таншу» әулетінің хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген.

Араб тарихшысы әл- Марвазидің хабарына қарағанда , қарлұқтардың құрамында 9 тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси кірген. Сондай - ақ лазана мен фаракия рулары да аталған.

«Күлтегін» жазуындағы «Қарлұқтарды қырып , басып алдық» деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында да болғандығын білдіреді.Шамасы осы жеңістен кейін қарлұқтардың бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды. Қарлұқтардың Жетісуға жылжудағы және бір себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі еді.

  1. Қарлұқ тайпаларының негізгі жерлері: Алтай тауынан – Балқаш көліне дейінгі аралық.

  1. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі тайпалар одағы – қарлұқтар.

  2. 756 жылы Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, билікті өз қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды.

Астанасы:

  1. Қағанаттың орталығы - Суяб қаласы.

  2. Екінші астанасы - Баласағұн


2. Қағанаттың саяси жағдайы.

766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді.

Әл-Марвази өзінің еңбегінде : «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз – оғыздарға құл болды», - деп жазады.

Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі: ІХ ғасырдың басында өздерінің шығыстағы жауы Ұйғыр қанатынан жеңіліс табады.Оларға қарсы күрес 20 жылға созылған. Қарлұқтар қырғыздармен біріге отырып, 840 жылы Ұйғыр қағанатын тас-талқан етіп жеңеді.

Қарлұқтардың саманилермен күресі: Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту сылтауымен «ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі Саманилер сарайына алым-салық төлеп тұруды мойнына алады.Саманилер Тараз қаласын басып алып, қалада мешіт салдырады.Тараз қаласы жартылай вассалдық тәуелділікте болады. Ал қаланың билеушісі болып отырған Оғұлшақ қаған уақытша Қашғар қаласына кетуге мәжбүр болған. Қарлұқ қағанатының көпшілік ақсүйек – шонжарлары екінші астана – Баласағұн қаласында тұрды.

Қарлұқтардың арабтармен күресі: Қарлұқтардың арабтарға қарсы соғысы екі ғасырға жуық мерзімге созылған. Бұл мезгілді екі үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1) Қарлұқтардың 712-713 ж.ж Соғды, Шаш, ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі. Бұл кезең қарлұқтардың 756 ж билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылады.

2) Қарлұқтар күресі ҮІІІ ғ екінші жартысынан ІХ ғ аяғына дейін қарлұқтар жеңіліске ұшырады. Себебі бұл кезде арабтар ислам дінін идеялық қару ретінде қолданды.

Қағандықтың әлсіреуі.

  1. Қағанатты ішкі талас- тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретеді.

  2. Қарлұқтардың қиын жағдайын пайдаланып, Қашқардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып қарлұқ қағанатын талқандайды.

3Shape2 Shape1

Тау бөктерін жайлаған, тоғай арасында қыстаған. Шөп шапты. Төрт түлік мал өсірді.

Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы

.Шаруашылығы. Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта жүргендігін байқауға болады.

Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3

Отырықшы егін шаруашылығы

Қыстау маңында егін екті.Қыстаулар ірі қалаларға айналды.

25 қала мен қоныс болған. Олар: Құлан, Мирки, Атлах, Балық, Барысхан, Талғар.













Қосалқы шаруашылығы:

  1. Тау бөктерінен, өзен жағаларынан аң аулаған.

  2. Кедейлер Балқаш, Алакөл, Сырдария, Іле сияқты т.б өзен көлдерден балық аулаған.





4Shape11 Shape10 Shape9

материалдық

рухани

мәдениет

.Мәдениеті. Бұл жерде өмір сүрген халықтардың мәдениетін екі салаға бөліп қарастыруға болады.

Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12

Тіршілік мұқтаждықты өтейтін заттар, бұйымдар

Дүниетаным, діни наным- сенім, тіл, әдебиет, өнер, дәстүр









ІV.Сабақты бекіту.

1 тапсырма.

1.Б.з. V ғасырда қарлұқтар жазба деректерде қандай тайпалардың құрамында кездеседі?

2.VІІ ғасырдың басында қарлұқтардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық тайпалары бар екендігі көрсетілген жазба?

3.Тарихшы әл-Марвазидің хабарына қарағанда , қарлұқтардың құрамы қанша тайпадан тұрған?

4. 756 жылы қарлұқ тайпалары кімдерден билікті тартып алды?

5.ІХ ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел?

6.Қай жылы қарлұқтар Ұйғыр қағанатын талқандады?

7.Қарлұқтарға «ғазауат соғыс» жариялаған кімдер?

8.Қарлұқ қағанатын 940 жылы талқандаған кімдер?

9.Қарлұқ қағанаты қанша жылға жуық өмір сүрді?

2 тапсырма. Кестені толтыр.

Қағанат атауы

Тарихи шеңбері

Орналасқан аумағы

Астанасы

Әлсіреуінің себебі






3 тапсырма. Картамен жұмыс.

1. Қарлұқ қағанатының жер аумағын көрсет.

2.Қарлұқ қағанатының жүргізген соғыстарын картадан көрсетеді.

V.Қорытынды.

VІ.Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма. Қарлұқ қағанаты.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2017
1140
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі