Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Қашаған Күржіманұлы (1841- 1929 )

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 10- сыныптың қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы әдебиет оқулығына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘЖ: Жакенова Кенжегуль Абдрасилкызы

Жұмыс орны: Қарағанды қаласындағы «№ 12 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қызметі : қазақ тілі, әдебиеті пәнінің оқытушысы

Бітірген деңгейлік курсы: ІІ негізгі деңгей


Келеді кеткен күннің керуен көші,

Қашаған шешеді елге жырын айтып.

Ілияс Жансүгіров.


Қашаған Күржіманұлы (1841- 1929 )



Сабақтың мақсаты: Өз дәуірінде әділетсіздік пен озбырлықты батыл әшкерелеп, бұқара мүддесін қорғаған , үстем тап өкілдерін өлтіре сынап, халық жадында өшпес із қалдырған ақын туралы мәліметтермен таныстыру, келешек ұрпаққа мұраларын үлгі ету.

Шығармаларына талдау жасату барысында негізгі көтерген мәселелерді анықтату, ақын шығармалары негізінде жас ұрпақтың бойына адамгершілік, турашылдық қасиеттерді сіңіру, ел мүддесін қорғайтын азаматтарды үлгі-өнеге ету.


Сабақтың түрі: Ақын өмірі мен шығармаларына талдау жасау сабағы


Сабақтың технологиясы: Қ.Бітібаеваның « Қисынды – жобалау технологиясы»


Сабақтың әдіс- тәсілдері: Баяндау, талдау, топтастыру, салыстыру, мәнерлер оқу.


Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан . География пәні. Әдебиет теориясы. Ән-күй пәні.


Қолданылған әдебиеттер.1. Мектеп оқулығы . 10- сынып. Қазақ әдебиеті. Елікбаев С.Т. Кәкішев Т.

2. Қ.Сыдиқов. Ақын жыраулар. Алматы. 1974 жыл.

3. Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиеті. ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.

Алматы « Мектеп» 1981 жыл.

4. Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.

Алматы, 1967 жыл, 250-256 беттер.

5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.


Сабақ көрнекілігі: Электрондық тақтаға слайд түрінде түсірілген әр түрлі мәліметтер, пікірлер, бейне суреттер, т.б.


Сабақ кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың түсінігін ортаға салу.

3. Қосымша берілетін мұғалімнің мәліметтері

4. Ақын шығармаларын талдау кезеңі

5. Қорытындылау.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма.


Мұғалімнің оқушыларға беретін қосымша мәліметтері (ақынның өмірі, өскен ортасы, пір тұтқан ұстаздары, балалық шағы , ақындықтың қонуы, шығармалары т.б. жайлы оқушыларға беретін мәліметтері)


Қашаған- зерделі сөзі ел есінде ескірмей келе жатқан қазақтың аты әйгілі ақпа ақындарының бірі. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық, жыршылық, жыраулық дәстүрді ілгері дамытқан ақын.


Жырларының тараған жерлері: Қазақстанның батыс аймағы, қарақалпақ, түрікмен елдері.


Ақын жырларының таралуы жайында:

  1. Ескіше хат танып, жаза білерлік сауаты болғанмен, Қашаған көне жыраулар дәстүрімен ауызша жырлаған.

  2. Шығармаларын өзі ,не өзгеге ізеттеп жаздырып жинақтамаған.

  3. Ел арасына екі түрлі жолмен тараған. Бірі –жыршыдан-жыршыға ұласып ауызша тараған, екіншісі – көзі қарақты хат білетіндер арқылы біреуден біреу көшіре үйреніп, жазбаша тараған.


Ақын шығармаларын ауызша таратушылар:

Қашағанмен жолдас болып, оның өнегесін үйренген Мұрын Сеңгірбаев, Сүгір Бегендікұлы, Бақтыбай Тайшаұлы, Сәттіғұл Жанғабылов, Ығылман Шөреков, Ыбыр Досалиев, Құмар Жүсіпов, Шадман Үсенбаев, Көшен Өсербаев, т.б. ақын жыршылар.



Ақын жырларын өмір бойы жырлап өткен жыршылар:

  1. Үздік жыршы - Шадман Үсембаев ( 1900-1962) . Шадман- Қашағанның немере інісі. Маңғыстауда туып өскен. Жастайынан Қашаған үйімен аралас жүріп, ақынның жиені Сармолдамен бірге жыр жаттап, өнер қуған, кезінде ақынның өзінен ауызша үйренген. Қашаған жырларының көбісін жатқа білген. Олардың біразын хатқа түсіріп, Академия қорына табыс еткен.

  2. Ақын жырларын хатқа түсіріп , жазбаша таратуда жыршы Көшен Өсербаевтың (1901-1958) еңбегі ерекше. Көшен де ақынның немере інісі. Үйі Қашаған үйімен көп жыл бірге отырған. Қашаған жырларын кезінде ел аузынан жазып алып бізге жеткізген осы Көшен мен Күнтуғанов Темірғали.


Жырларының баспа бетін көруі:


1. 1930 жылдардан кейінгі кезең.

2. 1933 жылы Ахмет Жұбанов атақты домбырашы Махамбет Бөкейхановтан «Көбік шашқан» күйінің тарихын, Хайролла Бегешовтен Қашағанның домбыраны қорғап айтқан « Қолымдағы қу ағаш» деген өлеңін жазып алады.

1939 жылдан 1951 жылға дейін Қашағанның өмірі мен шығармалары , «Есқали сопыға айтқаны» өлеңі мен « Топан» атты дастаны Қ. Жұмалиев құрастырған «ХҮІІІ –ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің программасына енгізіліп, жоғарғы мектептерде жеке бөлім ретінде оқытылып келді.


Қашаған ақынның шығармалары жайлы пікірлер:

1.Қашаған ақындығын алғаш бағалаушылардың бірі – А.Жұбанов. Ол « Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» деген еңбегінде: « Құрманғазы мен Қашаған кешегі бір заманда , өткір тілге дауылды үн қосып, халықтың жаны, халықтың мұрасы- поэзия мен музыканы әрі қорғап, , әрі дамытып, әрі халықтың еркіндігі үшін күресуде күшті құрал екендігін көрсетеді»- деп пікір айтады.

2. Е.Ысмайылов Қашағанды Қазақстанның батыс аймағындағы ақындық, жыраулық ортаның көрнекті өкілдерінің бірі деп бағалайды.


3. Филология ғылымының кандидаты Балташ Ысқақов өз мақаларында орынды бағалайды.



Ақынныің ата- тегі жайы жайында :

Қашаған Кіші жүздегі Байұлы ішіндегі Адай руынан, оның Қосай бөлімінен . Арғы атасы – Түбек. Түбектен Боран, Бораннан – Оразай, Оразайдан –Шынықұл, Шынықұлдан – Дүйсебай, Дүйсебайдан – Сәрсенбай, Күржіман , Жұма, Бейсен дейтін төрт ұл және екі қыз туады. Қашаған Күржіманнан туған.


Отбасы, балалық шағы туралы: Әкесі Күржіман кедейлікпен күн кешкен. Әкеден жастай жетім қалған, жоқшылық көрген, бұғанасы бекіместен кедейшілік тауқыметін тартқан.

Кейін ауыр күндерді былайша еске алады:

Атам бір қайтты дүниеден,

Бес жаста жетім қалдырды.

Басыма қайғы салдырды,

Анам көрді жесірлік,

Өзім көрдім жетімдік,

Сөйтіп басым қаңғырды.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы Ырыстыны ескі салт – сана бойынша қайынағасы Сәрсенбайға отастырады. Қашаған Сәрсенбайдың тәрбиесінде болады. Көп ұзамай анасы қайтыс болады. Қашаған бала өз бетімен кәсіп іздеп Көкжар жәрмеңкесіне барады. Сергей дейтін саудагерге жалданады. Орынборға мал айдайды. Бұл кәсіпте Қашаған бір жылдай жүреді. . Жаздың тамыз ыстығында, қыстың қақаған боранында, күз бен көктемдегі лайсаң жауынды- шашынды күндерде «өкшесі ойылып, табаны сойылып» мал соңында көп қиындық көреді.

Үйсіз, күйсіз азап шегеді, бірақ бұның барлығы Қашағанды жасыта алмайды, қайта қиындық пен бейнет оның жігерін қайрап, жалынды жыр тудырады.



Қашағанға ақындықтың қонуы туралы:


« ... Жаз. Шілде. Өкшесі ойылып, табаны сойылып мал соңында азап шегіп, арып- ашқан Қашаған бала таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса, көзі ілініп кетеді. Түс көреді. Түсінде бір қара кісі келіп, баланы қолынан тартып тұрғызып:

  • Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба?- деп сұрайды.

  • Бергеніңді аламын,- дейді Қашаған. Қара кісі қолын жайып бата береді.

  • Өнер бердім, елге шаш, - дейді . Қашаған ұйқыдан атып тұрса,

жүрегі лоблып, кеудесін бір нәрсе керіп бара жатады, қой ұзап кеткен. Алқына жүгіріп мал шетіне жете бергенде , жел айдаған бір түйеқарын қойды дүрліктіре үркітіп, ұзатып әкетеді. Ызаланған Қашаған осы жерде іле- шала түйеқарынға өлең шығарады.:


  • Ассалаумағалейкүм, Түйеқарын!

Адасқан ақылынан сен бір жарым.

Келдің де қия шеттен қойды үркіттің,

Алдыңда білмейсің бе қойдың барын?


Және түйеқарын болып қайтадан жауап береді:


  • Уағалейкүмүссалам!

Түйеқарын,

Адасқан ақылынан ,- дейсің,- жарым-

Жол жүріп алыс жерден келе жатсаң,

Алдыңда білер ме едің ненің барын?!

Қашаған бұдан кейін суырыпсалма ақын болады. Көп ұзамай ақын баланы саудагерлер түстенген жерлерінде өлең шығартып, қызықтаумен болады, малшылықтан босатып, өз қатарларына алып жүреді, жыр тыңдайды, құрметтейді. Адал еңбегімен , ақ жарқын мінезімен , ақындығымен ұнаған Қашаған ауылына ат мініп, атан жетектеп, көп олжамен оралады.


Қашаған ақынның өзіне ұстаз санап, пір тұтқан адамдары:


Қашағанның жас кезінен жаттай, еліктей, өскені Махамбет пен Шернияз, Абыл мен Есет жырлары болса, өз дәуірлерінен ерекше қадір тұтқаны Нұрым, Ақтан ақындар.

Көзім көрген адамда,

Абыл мен Нұрым , Ақтаным,

Осылар еді тақтағым,- деп Қашаған аталмыш ақындарды әркез айта жүрген.


Ақынның аралаған жерлері : Маңғыстау, Хорезм аймағы мен Еділ, Жайық, Елек, Қобда, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойындағы елдер.



Араласып, кездескен өнер саңлақтары:

Құрманғазы мен Нұрым, Ақтан мен Мұрат, Бала Ораз бен Қоспақ, Қашқынбай мен Ізімшайыр, Нұрпейіс пен Мұрын, Өмір мен Ығылман сияқты саңлақтар және « Адайдың жеті қайқысы» (сал-серісі) атанған Әділ, Шолтаман, Тәстемір, Досат, Жылкелді, Өскінбай, Тұрсын сияқты күйші, әншілер .


Ақын өмірінің соңғы шағы:

Сексенге аяқ басып, жұбайынан ерте айрылып, жалғызбастылық меңдеткен ақын Құлат мекеніндегі елді мекенді аралап кетеді. Өмірінің көп жылдары өткен Жем бойы, Астрахань қолтығындағы елдерге барып, бұқараның жағдайын жырға қосады. Қартайған шақта жан серігі- жалын жырдың аулақтай бастағанына қынжылып, жастық дәуренді армандай, аңсай еске алады. « сыбырласып, сыңқылдап, баяғы күліп ойнайтын күн қайда?» деген өлеңінде:

Бұл өмірдің мысалы,

Кешегі көрген бүгін жоқ,

Ұшып кеткен көбелек,- деп ой түйеді.


Жырларының негізгі өзекті тақырыптары:


1.Қашаған бір топ өлеңінде байлардың жиынтық образын жасайды. Оған «Оразалыға», « Тампы байды тілдеуі», « Көбентайдың Мұрынқұлы»,

« Бәкес байға», « Көптілеу байға айтқаны», « Қарашұбар ала ешкі» секілді өлеңдері жатады.


2. Қулық пен cұмдықты өмірдің мәні деп санаған саудагерлер мен сопы , молдалар, атқамінерлер мен билер. Ондай өлеңдерінің қатарына «Қуаңдаған қу Бейсен», «Мұстахқа», « Домбыраның қақапағы», Ермағанбет молланы тілдеуі» , « Есқали сопыға айтқаны» тәрізді бір топ өлеңдері жатады.


3.Қашағанның бір топ өлеңдері – тұрмыс – салт тақырыбында.

Олар: « Аралбайды жұбатуы», « Қонақ кәде», « Той бастар», «Бата».


4. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерді насихаттау- Қашаған жырларындағы өзекті тақырып. Берекет, Сақып ақындарға айтқан толғаулары тікелей осы тақырыпта.


5. Өмірдің мәні жайлы толғаулары да бар. «Жетпіс беске келгенде», «Осы күні жолдас болдым сексенменен», « Қартайған шағында айтқаны», « Бұл дүниеде не жетім», « Бұл өмірдің мысалы» деген өлеңдерінде өмірдің мәні жайлы толғайды.


ІІ. Қашаған ақындығының бір қыры айтыс өнерінде танылады. Ақын туралы дерек айтушылардың бірі Құдайбергенов Жоламанов: « Қашаған айтысқа көп түскен. Жаскілеі, Бала Ораз, Ізім шайыр т.б. ақындармен айтысқа түсіп , бәрін де жеңеді. Ол өз заманында алдына жан салмаған кісі көрінеді»- дейді.


Бізге белгілісі- Ізбаспен, Нұрыммен, Күлзипа қызбен айтыстары.


ІІІ. Қашаған өлең, айтыстармен ғана емес, жыр , дастандармен де танылған. Ақынның бізге жеткен үш шығармасы бар: « Адай тегі», «Атамекен», « Топан»,


ІҮ. Қашаған жүйрік жыршы да. Ол өзінен бұрынғы Абыл мен Нұрым, Махамбет пен Шернияз, Қалнияз бен Маралбай арқылы ел арасына кең тараған көлемді жыр, дастандарды дамыта жырлаған . « Қырымның қырық батыры», « Қобыланды батыр» сияқты жырлар Қашаған арқылы тараған жырлар.


Қашағанның ақындық жыршылық өнерін үлгі тұтқан жыршылар:

Өскінбай мен аралбай, Ығылман мен Нұрпейіс, Мұрын мен Өмір, Сәттіғұл, Шадман мен Шамғұл, Көшен мен Құмар сияқты ақын, жыршылар.


Қашағанның жыршылық өнері жайлы пікірлер:


Дәуіріміздің атақты жырауы Мұрын: « ... Қашаған ноғайлықтың батырлар жырын да көп білетін еді»- дейді .

Қазақ ССР-нің халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов: «Қырық батыр» Қашаған жырлауында өте көркем болатын. Ол жырларды Қашағаннан шебер жырлаған ешкімді кездестіргенім жоқ»,- дейтін.


Е.Ысмайылов: « Мұрынға да, Құмарға да, Нұрпейіске де ұстаз болған Қашаған ақын»,- дейді .


Үздік жыршы Әлқуат : « Қашекең қара домбырасын шертіп қойып, жырды табан аузында ағылта беретін. Қыза келе жырды түйдек- түйдек ағытқанда жуан даусы ауыл- аймаққа түгел естілетін. Ақын болсаң, қолма-қол ағыт!- деп кейбір ақындарға айтқаны әлі есімде» - дейді.


Ілияс ақын: « Қашаған – жүйрік жырау, елдің тілі» - деп текке айтпаған

Қашаған нені жырлады?

1. Байларды әшкерелеп, бұқараны жырлады.

2.Қанау, зорлық, зомбылық, паңдық, мастық жол алған феодалдық дәуірдің системасын сынап, шенеді.

3.Халық басынан өткенді толғады.

4. Өнерді қорғады.

5. Елдікті, ерлікті жыр етті.

6. Заман қайшылығын, азғындығын сынады.

7. Кемтар бұқараны жырлап өтті, сол таптың үстем тап өкілдерін әшкерелейтін жалынды тілі болды.


Ақын шығармашылығы негізінде орындалатын тапсырмалар :

1. « Есқали сопыға айтқан» өлеңінің композициялық құрылысына талдау жасау барысында ақынның көтерген мәселелеріне талдау жаса.


1.

Өлеңнің композициялық құрылысы : 2.

3.

4.

2.Өлең жолдарынан сопының екіжүзділігін, надандығын , сараңдығын әшкерелейтін дәлелдерді топтастыр.


Сопының бейнесі

Мысалдар


екіжүзділігі




надандығы




сараңдығы




3. «Есқали сопыға айтқан» өлеңінің көркемдік ерекшеліктерін , ондағы бейнелі сөз үлгілерін анықта .

Бейнелі сөздер

Мысалдар










4. Өлең жолдарындағы домбыраның киелі екендігін дәлелдейтін өлең жолдарына талдау жаса , мысал келтір.


5. Қашаған ақын секілді ақындық қасиет қонған қандай ақындарды білесіңдер? Олардың шығармалары мен өмір жолдарында ұқсастықтар , айырмашылықтар бар ма? Салыстыр.


6. Өлең жолдарындағы діни сөздерді сараптап, мағынасын анықта.

1.Сопы- дін жолындағы тақуа адам

2. Қағба- Меккедегі ғибадат ету орны

3. Сәлде – дін жолындағы адамдардың басына киетін бас киімі

4. Хазірет- дін жолындағы адам

5. Жұмақ- күнәсіз адамдардың О дүниедегі баратын жері

6. Мешіт- Алланың жер бетіндегі үйі, мұсылман қауымының Аллаға жалбарынып, құлшылық қылатын орны.

7. Намаз- мұсылман қауымынындағы бес парыздың бірі, Алла үшін құлшылық ете отырып, тәубеге келу.

8. Молла-бұл да дін жолындағы адам.


Қорытындылау. 1.Қашаған жырлары қазақ әдебиетінде несімен құнды , бағалы?

2.Қашаған туралы таратып не айта аласыңдар?

Бағалау . Өзіндік және оқушылардың бағалауы.


Үйге тапсырма: Қашаған ақынның тұрмыс- салт жырларын оқып, талдау жасау. Талданатын өлеңдері: «Қонақ кәде», « Той бастар», « Аралбайды жұбатуы» өлеңдері.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.06.2018
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12