Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
1.Оқушылар кеспелерден
алдарында жатқан домбыра мен жетіген аспаптарын
таңдайды.
2. Таңдау арқылы топтарын
анықтайды орындарын
ауыстырады.
Психологиялық ахуал; «Менің
көңіл - күйім»
1. «Атамекен», «Бір бала»
әндерін таңдау
-
Таңдаған әнді
тыңдау.
-
Таңдалған ән арқылы сыныптың
көңіл күйін
анықтайды.
Бүгінгі сабақта оқушыларға
өздеріне бұрыннан таныс балаларға арналған тұрмыс- салт әндері -
«Бесік жыры»
ұсынылады.
Жаңа сабақ
:
(тақырып слаидпен тақтада
жазылады)
- Оқушылар алдарында ән жанрна
байланысты бірнеше суреттер қойылады.( кигіз үй, қазақ даласы,
тұсау кесу, бесік той, беташар, сыңсу, жарапазан айту, айтыс көкпар
, бәйгі) Соның ішінен тұрмыс салт әндеріне байланысты суреттерді
топтсатырып алып, оны қорғайды.Содан барып жаңа тақырыпты ашып
алады.
1.Дәптермен
жұмыс: Қазақ халқының тұрмыс-салт
әндері («Бесік
жыры»)
Білу және
түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі
тақырыппен танысады.
(ОТ) Оқушылар тұрмыс-салт әндері,
оның ішінде, бесік жырлары жөнінде
ацпарат іздестіреді. Оқулықта осыған
байланысты ой қозғайтын сұрақ та
қойылған.
1 «Неліктен тұрмыс-салт
әндерімен танысу бесік жырларынан
басталады?»
Сонымен салт
әндері ұғымына анықтама
беріледі.
Тұрмыс – салт
әндері- адамның өмір сүруіне,
тіршілігіне байланысты туған
әндер.
1-тапсырма. Тыңдау жэне
талдау.
Бесік — нәрестені бөлеуге
арналған ағаш
төсек.
Қазақ бесікті қарағай,
қайыңнан, көбіне талдан иіп
жасайды.
Ши, жөргек, құс төсек,
жастық, көрпе, кепіл, тартпа бау, түбек,шүмек.- бесік
жабдықтары
Оқушыларға үнтаспадан және
бейнежазбадан бесік жырларының бірнеше нұсқасы ұынылады. Ол
нұсқалар музыка хрестоматиясы мен фонохрестоматияда
берілген. (ОТ,Ө) Бесінші сынып оқушысы - ладты
ажырататын, эуен мен мэтінді талдай білетін оқушы, сондықтан
мүғалім көмегіне жүгенбейтіндей оқулықта бесік жырларының әуендері
мен мәтіндерін салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуға
тапсырмалар беріледі. Оқушылар бесік жырларының мәтіндері түрлі
екенін ажыратады, өзіне ұнаған бесік жырларының неліктен ұнағанын
түсіндіруге тырысады. (Бесік жырларындағы әуендер сүйемелсіз,
аспаптық сүйемелмен, эстрадалық өңделімде
тыңдатылады.)
|