400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалңмдерге, студенттерге қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №5 Сыныбы 8 А,Ә Күні


Сабақтың тақырыбы: Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағының географиялық тұрғыдан зерттелуінің себептерін айқындау. Қазақ жері туралы ерте кездегі мағлұматтармен таныстыру. Ұлы Жібек жолының тарихи, географиялық, экономикалық маңызын анықтауға бағыттау. Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар туралы білім беру.

Дамытушылық: Қазақстанның ерте кездегі зерттелу тарихына қосымша материалдарды беру арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Үлестірмелі сұрақтар.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, оқулық, кескін карта.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Сұрақ жауап

1. Белдеулік уақыт дегеніміз не? (Бүкіл Жер бетін меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлуге негізделген уақытты есептеу жүйесі)

2. 1930жылы 16 маусымда енгізілген уақыт?(Декреттік уақыт)

3. Белдеулік уақыттың сағаттық белдеуі қанша градустан тұрады? (15°)

4. IV – V сағаттқ белдеуде орналасқан республика? (Қазақстан)

2. Үлестірмелі сұрақтар

1. Қазақстан Республикасының аумағы?

2. Гринвич меридианы туралы не білесің?

3. 13394км, 7591км, 1600км, 9,2.


1. Географиялық білім көздері?

2. Қазақстан Республикасының заң шығарушы органы?

3. 3000км, 2354км, 15, 365, 2000км.


1. Жергілікті уақыт дегеніміз не?

2. Республикасының батыстағы шеткі нүктесі?

3. 1930ж, 1241км, 130, 1991ж, 2, 25.


III. Жаңа сабақ.

Әңгіме-дәріс.

Қазақстан туралы алғашқы деректі Геродот (б.з.б. Vғ.) өзінің «Тарихына» кіргізген. Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы, пішінін көрсеткен. Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Еділ, Жайық, Жем өзендері бейнеленген. Бірақ олардың атаулары мен пішінін көрсетуде көптеген дәлсіздіктер кездеседі. Бұдан кейінгі Қазақстан жайлы мәліметтерді Ежелгі Рим ғалымдары Страбон мен Птолемей еңбектерінен кездестіруге болады.

Страбон (б.з.б. 63-24ж.) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған.

Птолемей (б.з.б. 90-160ж) «Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған. Ол Геродот сияқты, Каспий теңізін тұйық алап деп көрсеткен. Пішінін шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан деп қате пікір ұстанған.

Б.з.б. II-I ғасырлардан бастап Қазақстанға Қытай саяхатшылары Чжан-Цянь мен Сюань-Цзан келеді. Қытайлықтар Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Оған Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.

Ұлы Жібек жолы – адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Б.д.б. II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның – Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған.

Орхон ескерткіштері – Түрік қағанатының Орхон, Селеңгі дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады.

Қорқыт ата ескерткіші (VIII-IX ғасырда Сыр бойында өмір сүрген) – ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері.

Алаша хан күмбезі X-XI ғасырда Ұлытауда халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазар.

Ахмет Йасауи кесенесі – Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін көне архитектуралық ескерткіш. Ахмет Йасауи кесенесі БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Кестемен жұмыс

Геродот

Страбон

Птоломей

Б.з.б. VI ғасырда «Жер пішіні» картасын жасап, Каспий теңізін зерттеді.

Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұзды мұхиттың шығанағы санаған.

«Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтады.


V. Қорытындылау.

Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолының пайда болуы

Бағыттары

Қалалары





VI. Үйге тапсырма беру.

1. §4. Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі [18-26 беттер аралығы].

Кескін картамен жұмыс.

VII. Бағалау.
Сабақ айтқан және сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі