Материалдар / Ашық сабақ Қазақ-жоңғар соғыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қазақ-жоңғар соғыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2019
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Қазақ-жоңғар соғыстары


Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?


Мерзімі:


Сынып: 8 (7)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын анықтау

Бағалау критерийлері


  • Аңырақай шайқасындағы жеңістің маңыздылығын түсіндіру

  • Қазақ-жоңғар шайқастарындағы хандар мен батырлардың рөліне баға беру

Тілдік мақсаттар

Аңырақай шайқасы тақырыбы аясында эссе жазады (жазылым дағдысы)

Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығы бойынша өз пікірін білдіреді (тыңдалым мен сөйлеу дағдылары)

Ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Хан, батыр, шайқас, Бұланты, Аңырақай шайқастары.

Диалогтар мен жазуға пайдалы сөз тіркестер:

Аңырақай шайқасындағы жеңістің тарихи маңызы зор, өйткені...

Бұланты шайқасы келесі мүмкіндіктер берді...

Ордабасы құрылтайында қабылданған шешім маңызды нәтижелерге әкелді...

Маңызды нәтижелер/өзгерістер...

Құндылықтарды дарыту


Азаматтылықты, патриотизм сезімін, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу, қоғам мүдделеріне қызмет етуге дайын болуға жетелеу. Айналадағы адамдарды құрметтеу, топтық және жұптық жұмыс барысындағы оқушылар арасындағы ынтымақтастық дағдыларын, академиялық адалдықты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебипеті, география (оқушылар картада шайқастардың өткен жерін анықтап, белгілейді).

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарын, бейнематериалдарды қолдану

Бастапқы білім


Оқушылар Жоңғар хандығының құрылуы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңі, Қарақұм мен Ордабасындағы құрылтайлар туралы біледі.






Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы

Б Оқушылармен бірге өткен материалды қайталау жұмысын жүргізіңіз. Келесі сызбаны қолданыңыз (Қосымша 1)



Сабақтың ортасы


Б Зерттеу сұрақтары:

Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығы неде?

Т Мәтінмен жұмыс. Оқушылардың алдыңғы білімдерін қолдануын ескертіңіз.

Қосымша ақпараттық материалдарды (Қосымша 2) қолдана отырып келесі жұмысты ұйымдастырыңыз:

1 топ – оқушылар стикердерге тарихи фактілерді, оқиғаларды жазады;

2 топ – құрылтайлар туралы негізгі ақпаратты жазып, 3 топқа береді;

3 топ – тарихи тұлғалар туралы ақпарат жинақтап, 4 топқа береді;

4 топ – тақырыпқа сай маңызды түсініктер мен терминдерді теріп жазып, 5 топқа береді;

5 топ – жоңғар шапқыншылықтарының себеп-салдарын анықтап, 1 топқа береді.

Т Әр топ өзінің жұмыс нәтижелерімен бөліседі. Бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын қажеттілігіне қарай толықтырады.


Талдау мен зерттеу

Б Берілген сабақта оқушылар Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын анықтайды. Оқушылар Аңырақай шайқасының қазақ-жоңғар соғысында түбегейлі бетбұрыс болғандығын дәлелдеп шығуы керек. Тарихи оқиғаның маңыздылығын анықтау үшін келесі критерийлерді қолданыңыз:

критерии 1

Егер оқиғалар, адамдар немесе құбылыстар белгілі бір өзгеріске әкелсе, онда олар маңызды болып табылады.

критерии 2

Егер оқиғалар, адамдар немесе құбылыстар мәселенің басқа астарын ашса, онда олар маңызды болып табылады.

критерии 3

Тарихи маңыздылық өзгермелі. Белгілі бір кезеңде оқиғаның маңыздылығы зор болса, уақыт өте келе оның маңыздылық деңгейі төмендеуі мүмкін. Оған түрлі факторлар әсер етеді. Оқушылар Аңырақай шайқасын әр критерийлер негізінде талдап, оның маңыздылығын дәлелдеу үшін түрлі дәйектер келтірулері тиіс. Оқушылардың жауаптары негізі болуы қажет.

Әр топтың оқушылары өз талдауларын түсіндіріп, сынып алдында сөз сөйлейді. Әр топтар өз жұмыс нәтижелерімен бөлісіп болғаннан кейін, бүкіл сыныптық дауыс беруді ұйымдастырыңыз. Ұпайлар саны 1-ден 5-ке дейін болады. Соңында барлық ұпайларды жинақтап, оқиғаның маңыздылығы бойынша қорытынды жасаңыз.

Қозыбаев М. Аңырақай шайқасы – Отан тарихының жарқын белесі//Егемен Қазақстан, 1999, 25 тамыз.


Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 3 том. – Алматы: Атамұра, 2010.


Бес ғасыр жырлайды. 1 том. А., 1984, 110-б, Қобландин Қ. И. Ер есімі – ел есінде// Қазақ халқының 18 ғасырдың бірінші жартысында өз бостандығы мен тәуелсіздігі үшін азаттық күресі. Целиноград, 1991.


(Казахстанская республиканская национальная библиотека).

И.В.Ерофеева, Б.Ж.Аубекеров, А.Е.Рогожинский и др. «Аныракайский треугольник: историко-географический ареал и хроника великого сражения». – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.




Сабақтың соңы


Ж Оқушыларға «Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?» тақырыбы аясында эссе жазуды тапсырыңыз. Эссе 200-300 сөзден тұруы тиіс. Тиісті дәйектердің келтіруін ескертіңіз. Эссенің құрылымы мен логикасы сақталуы керек. Эссенің қорытынды бөлімінде оқушылар берілген мәселе аясында өз пікірін білдіреді.



Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзінің ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. Сабақтың әр кезеңі жасырын дифференциацияны көздейді.

Қабілеті жоғары оқушылар Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын негіздеп, тиісті дәйектер келтіріп дәлелдейді. Оқушылардың көбісі Аңырақай шайқасының маңыздылығын жалпы түсіндіре алады.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.



Оқушылардың денсаулығын қолдау мақсатында, қажеттілігіне қарай дене шынықтыру минутын ұйымдастыру.

Рефлексия


Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Используйте данный раздел для размышлений об уроке. Ответьте на самые важные вопросы о Вашем уроке из левой колонки.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!