|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар Сабақ: 25 |
||||||
|
Күні: 10 03 21 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: А.А.Орынгазиева |
|||||
|
Сыныбы: 3 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Жұбанов |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату 3.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау 3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар композитор, дирижер және музыкатанушы Ахмет Жұбановпен танысады; қазақ халық аспаптар оркестрінің шығуы туралы біледі; А.Жұбановтың «Би күйін» нотамен орындайды. |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
Білім алушылар: Қазақ ұлттық оркестр аспаптарын ажыратады; Ахмет Жұбановтың «Би күйін» нотамен орындайды;әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар: атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде шығармашылық жұмысқа идеялар ұсынады; өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі. Пәнге тән лексика мен терминология: партитура, дирижер пульті. Прима қобыз Музыкатанушы Репертуар Талқылауға арналған сұрақтар: Шығарманың орындаушысы кім? Бұл қандай оркестр? Оркестр аспаптарын қандай топтарға бөлуге болады? Неге? Бұл шығарма қалай аталады? А.Жұбанов туралы не білеміз? |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ұлттық ән өнерімізге деген құрмет, патриоттық сезімге музыка ақылы тәрбиелеу. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақстан тарихы |
|||||
|
АКТ дағдылары |
Презентация Power Point
|
|||||
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар Құрманғазының шығармашылығымен танысты, батырлық музыкаы жайлы және «Адай» күйі туралы білді. Құрманғазының бірнеше күйлеріне импровизация жасады. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 5минут
|
Ұйымдастыру кезеңі Үш тілде амандасу. Психологиялық дайындық «Кім тапқыр?» 1.Құрманғазының жігер беретін күйі? 2. Ұжыммен айтылатын ән ? 3. Батыр әрі ақын күйші кім? 4. “Ре” нотасы қаншасыншы тұрады? 5. Құрманғазының түрмеден қашып бара жатқандағы күйі қалай аталады? 6. Махамбеттің күйі? 7. Құрманғазының ұстазы кім? 8. Махамбет күйші композитор әрі кім? 9. Құрманғазының жерленген облысы? 10. Құрманғазының орыстарға арнаған күйі? 11. Махамбет қай жердегі түрмеге қамалды? 12. Эстрада жанрында ән айту қалай аталады? Сұраққа жауап арқылы орналастыру. 1.Адай? 2.Хор 3. Махамбет 4. Екінші 5. Түрмеден қашқан 6. Жұмыр қылыш 7. Ұзақ 8. Батыр 9. Астрахан 10. Не кричи не шуми 11. Орынбор 12. Вока |
Нота сызығы А3 форматта
|
||||
|
Саб-ң ортасы 30 минут |
1. Презентация бойынша әңгімелеу. А.Жұбановтың өмірі және шығармашылығы. Бүгінгі сабақта біз композитор, дирижер және музыкатанушы Ахмет Жұбановпен танысамыз; қазақ халық аспаптар оркестрінің шығуы туралы білеміз; А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін нотамен орындаймыз. А.Жұбановтың өзі ойлап тапқан қазақ аспабымен танысамыз. 2. Музыка тыңдау және талдау А.Жұбановтың «Би» күйін оркестрдің орындауында тыңдаңыз. Тыңдау кезінде оркестрде қандай аспаптар қолданылған және дирижердің қимылы мен тұрған жеріне назар аударыңыз. Талдау үшін сұрақтар: оркестрде қандай аспаптар қолданылған? дирижер қандай қызмет атқарады? аспаптарды қалай топтастырар едіңіздер? Қазақ халық аспаптар оркестрі 1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар. 3. Зерттеу және орындау Нота сауаттылығы Зерттеу тапсырмасын орындау жалғастырады. Балалар «Би күйінен» қысқа үзінді орындайды. «Би» күйінің əуенін нотаға қарап орында.«Би» күйінен үзіңді:
Берілген əуенді ырғақтық партитураға лайықта. Əуенді бір топ орындайды, екінші топ ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданып, ырғақтық сүйемел жасайды. Оқушылар өздерінің ырғақтық сүйемелін өз партитурасын орындағандай сезінуі тиіс. Дирижер – оркестрді немесе ұжымды басқаратын адам Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыкантытң алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады. 4. Ақпарат іздеу. Берілген энциклопедиялар мен оқулықтардан Ахмет Жұбанов туралы ақпаратты тауып зерттеңіздер. 5. Әнді үйрену. А. Жұбановтың «Ақ көгершін» əнін үйренеді. Əннің сөздерінің мағыналық жағын мұғалім оқушылармен бірге талдап өтеді. Əнді жай, баяу темпте үйрену қажет. Əннің диапазондық жағымен көп жұмыс жүргізу керек. Әнді партия бойынша бөліп орындау. Әнді өзі сүйемелдеп немесе минусовкасы арқылы орындау. Оқушыларға әнді партия бойынша орындауды ұсыну Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау және мұғалімнің оқушыларды орындау барысында бақылауы арқылы жүзеге асады. - Әнді орындау барысында өз партияларыңызды сақтай алдыңыздар ма? - Неліктен партияға бөліп орындайды деп ойлайсыздар? - Сіздерге қай әрекет жеңіл болды сыныппен бірге барлық әнді орындау ма, әлде өз партияларыңды орындау ма? |
https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ «Би» күй Ахмет Жұбанов https://www.youtube.com/watch?v=zZ_J1s_JtBc Оркестрдің тарихы- http://kurmangazy.com/оркестр-тарихы Қазақстан энциклопедиялары. Музыка пәнінен оқулықтар А.Жұбановтың «Би күйінің» бейнежасбасы https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнінің минусовкасы |
||||
|
Саб-ң соңы 5мин |
Рефлексия «Музыка ағашы» Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
| |||||













