Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Қазақ тілі 3-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ тілі
Пәннің аты |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың атауы |
Дара және күрделі етістіктер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты |
Етістік туралы алған білімдерін толықтыру; етістіктің күрделі және дара түрлерін таныту, салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін түсіндіру, сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, өз бетінше, жұппен, топппен жаттығулар орындау шеберлігін, машығын,сөздік қорын, қабілеттерін арттыру. Тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, ойын әдісі, деңгейлік тапсырмалар. Көрнекілігі: оқулық, суреттер, интер. тақта, бағалау парақшалары, жұлдызшалар, табыс баспалдағы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Психологиялық ахуал |
Шеңбер құру. Сәттілік тілеу.
Топ басшыларды сайлау.(топ басшылары әр тапсырмада жақсы жұмыс істеген балаға гүл таратады) |
Әр топ шеңбер құрады. Бір біріне тілек тілейді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту |
Сөзжұмбақ шешеді. 1-топ: сөз табы 2-топ: зат есім 3-топ: етістік 4-топ: дара, күрделі етістік |
Бірлесіп отырып орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Өткенді қайталау |
«Мен саған, сен маған» Осы сөздерге байланысты әр топ бір-біріне сұрақ қояды. 4-топ 1 топқа (сөз табы деген не? неше сөз табы болады?) 1 топ 2 топқа (зат есім деген не? зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер?) 2 топ 3 топқа (етістік деген не? етістікің сұрақтары?)
Бағалау: әр топты бағдаршам түстері арқылы бағалап отыру. |
Сөзжұмбақта шыққан сөздерге әр топ бір-біріне сұрақ қояды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Мағынаны тану |
Топтық жұмыс. Мақалды толықтырып, орысша, ағылшынша аудармасын айтып, мағынасын түсіндіріп, ішінен етістікті табу. Тапқан етістікті тақтаға ілу. 1-топ: Отан .......(отбасынан – семья – фэмили) басталады. 2-топ: Бірлігі жоқ ....(ел – народ – пиплс) тозып кетеді, Бірлігі күшті .....(ел) озып кетеді. 3-топ: Жаңбырмен ......(жер – земля - ерз ) көгереді, Алғыспен ел көгереді. 4-топ: Ат жақсысын мақтап жүр, ...... (адам) жақсысын жақтап жүр. (человек-пипл) (аттың жүйрігін мақтап жүру керек, адамның жақсылығын арттырып, мерейін тасыту) Екі бағандағы етістіктер туралы не айтасындар? Не байқадындар? Етістік (құрамына қарай) Дара Күрделі
375-жат. орындалады. Біреуі дара етістігі бар сөйлемді көшіреді, екіншісі күрделі етістігі бар сөйлемді көшіреді. Бағалау: жұптар бір-бірін сағат тілімен тексереді, бағалайды. Бағалау критерийлері: Етістік түрлерін дұрыс ажыратып, сауатты және көркем жазса – 2 ұпай Етістік түрлерін ажыратып, сөзде қате кетірсе – 1 ұпай |
Топ арасында орындайды. Өздері қорытынды шығарады. Көркем жазу минуты Жұппен орындайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті |
Би «Көңілді күн» |
Орындарында тұрып билейді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Ой толғаныс |
Жеке жұмыс « Үндемес» ойыны. 376-жаттығу. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз. (тақтаға дара етістікті іліп тұру, оқушылар күрделіге айналдырып жазады) Ұшты,күреді,құйды,үйді,сүзді,оқыды. Бағалау: өзіндік бағалау Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай Барлығы – 6 ұпай |
Әркім өз бетінше орындайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекіту 5 мин |
Деңгейлік тапсырмалар (уақыт белгілеу, музыка қосу) 1-тапсырма (А деңгейі) Семантикалық карта І-нұсқа
ІІ-нұсқа
Бағалау критерийлері: Дұрыс болса – 2 ұпай 1 қате -1 ұпай 2-тапсырма (В деңгейі)
Берілген сөйлемдерге керекті сөздерді қойып, толықтырып жазу. Дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын 2 сызықпен сызу. І-нұсқа Торғайлар ....... . Қаздар ............ Мал өріске ........ Керекті сөздер: шықты, шырылдады, қаңқылдай бастады. ІІ-нұсқа Қыздар қызғалдақ ........ . Олар таза ауада ........ . Балалар өзенде ......... Керекті сөздер: шомылып жүр, теріп жүр, ойнады. Бағалау критерийлері: әр дұрыс сөйлемге 1 ұпай 3 сөйлем – 3 ұпай Сөздер дұрыс қойылмаса немесе дұрыс сызылмаса – 1 ұпай 3-тапсырма (С деңгейі) «Топтастыру». Етістік сөзін. Бағалау критерийлері: Әр тармақшасы 1 ұпай 6 тармақшасы толса – 6 ұпай |
Әркім өз бетінше орындайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Ұпайларын санайды 19 ұпай – «5» 15-18 – «4» 9-14 – «3»Тақтаға «Табыс баспалдағына» жабыстырады |
Ұпайларын санап, бағаларын шығарады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма |
«5» - Көктем туралы ішінде күрделі етістіктерді қатыстырып шағын әңгіме құрастыру. «4» - 377 жат «3» - 3 дара етістікке, 3 күрделі етістікке мысал жазу
|
Күнделіктеріне жазып алады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс |
«Табыс баспалдағы»
|