400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі " Түбір сөз және туынды сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі.

Күннің жады: 15.01.2018.

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз.

Мақсаты: Туынды сөз туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кесте, венн диаграмма

Әдіс – тәсілі: түсіндіру сұрақ – жауап әңгімелеу

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

«Ұйымдастыру кезеңі « психологиялық тренинг»

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім

Туған тілім – анам тілі – өз тілім

Туған тілім – далам тілі – өз тілім

Туған тілім – адам тілі – өз тілім

Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге қандай тапсырма берілді

17- жаттығу. Берілген сөздерді сызба бойынша өзгертіп жазу.

Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жан-жақты білімдерін тексеру: Түбір сөздерге-шы,-ші,-ды,-ді,-лы,-лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жасау: жыршы,тәрбиеші,еңбекші,сыншы,таулы,сәнді,көрші,көңілді,сулы,құрылысшы, төреші,футболшы.

  • Бұлар қандай сөздер? Туынды сөздерге не жатады?

Жаңа материалмен жұмыс: Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

19-жаттығу. Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жазу. Түбір сөз бен қосымшалы сөздің құрамы мен мағынасын салыстыру.

Ережемен жұмыс:

Түбір сөзге жұрнақ қосу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз: ерлік,татулық,жұмысшы.

20-жаттығу. Сөздерді оқу, олардың қайсысы түбір сөз,қайсысы туынды сөз екенін айту.

21-жаттығу. Мақалды оқып,жатқа жазу. Туынды сөздерді тауып,оларды сөз құрамына талдау.

Сергіту сәті.

Жаңылтпашты жаңылмай айту.

Шын іскер-жұмыскер,

Жұмыскер-шын іскер.

Жұмысты кім істер,

Жоқ болса жұмыскер.

24-жаттығу.Берілген сөздердің кейбірінен заттың атын білдіретін,кейбірінен заттың сынын білдіретін сөздер жасау.

Венн диаграммасына орналастыру.

Shape1 Shape2


Сабақты бекіту: Ережені сұрау.

Бүгін ауа райы қандай? Мектепке келе жатқанда не байқадыңдар, қыс туралы күнделікті сабағымызда айтылып жүр.

Қыс, аяз, мұз, қар, боран


- Осы сөздерді байланыстырып сөйлем құраймыз, жұрнақ пен жалғауды бір сөзбен не дейміз?

- Қосымша

- Ендеше құраған сөйлемдеріңнен қосымшалы сөйлемдерді табыңдаршы.


Қорытынды: Қосымшалардың түрлерін бір - бірімен салыстырайық.

Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі, қасиеттері бар екен.


Венн диаграммасына орналастыру.

Shape3 Shape4



Жұрнақ --------------------------- Жалғау

Сабақты қорыту: «Көбелектер» ойыны.

Жұрнақтар жазылған көбелектерді гүлдерге қондыру.

Қандай сөздер шыққанын айту.

Сөйлем құрау.

Үйге тапсырма: 22-жаттығу. Ереже жаттау.

Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1086
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі